Тұрақты және тұрақсыз мотивация


Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар



бет12/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. «Құндылықтар» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
2. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда
3. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік
4. Тұлғаның рухани негізі
НӘ:[5,7]; ҚӘ:[5].
Дәріс № 7. 1 сағ.
Тақырып: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.
Жоспары:
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.
Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: [1]

  1. Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.

  2. Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.

  3. Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.

  4. Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.

Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін – өзі дамыту және даму қажеттілігі және тағы басқа.
Әр адам тек өз жұмысын орындауы және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс – әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады.
Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың, құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың тиімділігін арттыру.
Болашақ маман – мұғалімдерді дайындау соңғы уақытта педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуына әсер ететін тиімді факторларды іздеуге бағытталған өзгерістерді талап етуде. Жоғары педагогикалық оқу орнын бітірген түлек жоғары білім ала отырып, үнемі білім беру мекемесі қоятын міндеттерді орындай алмай жатады. Осыдан кедергілер туындайды да, педагогикалық кәсіби өшу орын алып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті жас маманға ұжым тарапынан психологиялық қолдау көрсетіліп, әдістемелік жұмыстарға тарту кеңінен жүзеге асқаны жөн.
Қазіргі мектепке, соның ішінде зияткерлік мектепке оқыту мен білім берудің міндеттерін сәтті шеше алатын, оқушы тұлғасын дамытуда қажетті нәтижеге жете алатын мұғалім керек. Әр кәсіби маман жоғары өзін – өзі жетілдіруге, өзінің тұлғалық және кәсіби даму болашағын саналы сезінуге, кәсіби оқу мен педагогикалық шығармашылыққа дайын, білім берудің гуманизациялау қағидасын жүзеге асыратын, толеранттылық танытатын, психологиялық сауатты және құзыретті болуы тиіс. [3]
Инженерлік психология – адам мен машина арасындағы ақпараттық әрекет құралдарын және процестерін оқытатын психология саласы. Инженерлік психология адамның психикалық пен психофизиологиялық процестерін және қасиеттерін оқытады. Адам қызмет ерекшелігінен пайда болатын техникалық құрылғылар құруға талаптарды шығарады. Сол сияқты адамның еңбек шартына деген және техникаға икемденуіне деген тапсырмаларды шешеді.
Инженерлік психология күрделі техниканы басқару функциясын орындайтын оператордың еңбегін түрлендіреді және оқытады. Сондықтан ол жүйе техникасымен, процестер технологиясымен және құқықтанумен тығыз байланысты. Инженерлік психология күрделі адам-машина жүйесін жобалауға оқуға және түрлендіруге бағытталған. Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:
Инженер деп бұрын әскери машиналарды (саперлер, миналы офицерлер) басқаратын адамдарды атаған, яғни мамандық болған. Азаматтық инженер түсінігі ҮІ ғасырда Голландияда пайда болды. Көпір, жол жасау, архитектура сөзімен тығыз байланыста болды. Инженер түсінігінің басқа анықтамасын И.Грант энциклопедиялық сөздігінде: “Инженер латын сөзінен шығуы мүмкін, яғни ойлап табушы адам”, – деп көрсетілді.
Үлкен энциклопедияда инженерді белгілеген мамандық бойынша жоғары техникалық оқуды аяқтаған мамандарды атайды. Инженер қиын техникалық объектіні басқару, оны функцияналдау және іске асыруды анықтайды. С.А.Тихомиров анықтамасы бойынша, инженер – белгілі қызметпен айналысатын субъект, эксплуатация, өзгерту және техникалық объектілерді өңдейтін немесе өнеркәсіпті ұйымдастыратын, ойлау еңбегін, білімін осы күнгі ғылыми техникалық мәдениетке сай қолданушы. Барлық кездерде инженердің алдында нақты мәселе тұрады: теориялық, психологиялық-педагогикалық білімді қолданып техникалық объект жасау. "Инженер" терминінің казіргі кезде бірнеше түсінігі бар. Инженер – жоғары техникалық оқу орнын бітірген белгілі мамандығы бар адам. Инженер қызметінің функциясы: жаңа көптеген бұйымдарды құрастыру және жобалаушы; өндіріске техникалық дайындық; өндірістік процестерді комплексті автоматизациялау; басқару шешімдерін өңдеу; технологиялық процес еңбегін ұйымдастыру (нормалау төлем, ынталандыру); өндірісте техникалық бақылауды қарастыру; техникалық пәндерді бақылау; өнім сапасы, өнімді өңдеу мен жөндеу; өндірісті басқаруға қатысты ұйымдастыру.
Сонымен, инженер қызметі тұрақты, техникалық қызмет түріне қатысты, сапалы анықтауы бар. Қазіргі кезде инженер қызметі – бұл жалғыз еңбек емес, басқару, араласу, шығармашылық пен мамандық. Инженер қызметі әртүрлі сферада өзінің функциялары бойынша айыру қиын, бірақ еңбек шарты мен пәніне психологиялық өзгешелігіне байланысты. Жеке психологиялық сапасына қарай инженер жеке адам, лауазым денгейінде еңбекқор, мамандандырылған, ұйымдасқан, өндірістік ұйымда өзіне міндеттілікті жүктеген парасатты, адал, сыпайы адам. Бұл кездейсоқтық емес, инженер жеке психологиялық ерекшелігі бар өндірістік дағдыланған. Өндірістік мәселелер принципін қарастырған С.Д.Артемов болды. Ол келесі объектіні бейімделудің критерилерін көрсетеді: өндірістік пәндерді бақылау, еңбек режимі, өндірістік технология. Ғимаратты өңдеу жүйесінің орындалуы, өндірістік еңбекті жоғарылату.
Инженерлік қызметті ажырататын аспекті техникалық шығармашылық болады. Шығармашылық спецификалық феноменнен бөлінеді. Көбіне шығармашылық әртүрлі болып келеді (мәдениет аясында, өнеркәсіпте, музыкада, поэтикалық, техникалық шығармашылық).
Техникалық шығармашылық - бұл практикалық қызмет, метериалдық өнеркәсіптік қызметпен байланысты. Бірақ техникалық шығармашылықта адамның шығармашылық активтілігі аздап байқалады, қоғамда жаңа техникалық ортада құрылады. Тарихи бастау мен адам дамуында - бұл ойлап табу тарихы (жасау және толық жетілдіру, отты табу технологиясы, жебелер, дөңгелек арба, бу машиналары).
Я.А.Пономарев шығармашылықты дамуға әсер етуші әрекет деп анықтады. Ағылшын зерттеушісі М.Генле шығармашылықты бұл шешім, табиғатта бір аспектінің үйлесімділігі деп қарастырды.
Инженер іс-әрекетінің психологиялық негіздері. Іс-әрекет адамның тіршілігіне байланысты (мақсаты, жұмысы, қозғалысы, амалы) күрделі процесс. Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Инженер іс-әрекеті қоғамды ғылыммен байланыстырады. 1708ж. Петр-І техникалық білім көтеру үшін мектеп ашты. 1794ж. Парижде техникалық мектеп ашылды. Қоғам дамуында ғылым өндіріс күшіне айналу керек. Осының әсерінен экономикалық даму үрдіс алады.
Инженерлік іс-әрекет екі жағынан байқалады.
1. Жаңа техника құру процесі.
2. Техникалық жүйені басқару.
Адам - өзінің ыңғайымен, еркімен ќызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-аќ белгілі бір өнерге, ќызметке икемді болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яғни зеректік болады, біреу бала оқытуға, біреу әкім болуға, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаратылады. Өмірде жұмысқа икемі жоқ сирек болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.
Ойлап қарасақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке керек. әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді, қоғам ішіндегі әр бір өзгерістер жеке адамдар арќылы ғана істеліп, жарыќќа шығады. Әлеуметтің жетілуі адамдардың ниетіне бағынбайды, қызметіне, амалына бағынбайды. Мысалы: ертең біреу кен қазушы жұмысшылардың оннан тоғыз бөлігі керекті етерлік машина ойлап шығарса, ол адам сөз жоќ, ќоғамға ең зор ықпал еткен болар еді. Бірақ ол машина шығарушының ниетінен емес қызметінен.
Инженер қызметіндегі естің маңызы өте зор. Ес күрделі процесс. Оның өзі бірнеше бөліктерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, тану, қайта жаңғыру, ұмыту. Мысалы, адам оқып шыққан кітабының мазмұнын еске түсіргенде, ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін еске түсіп көз алдына жақсы елестете алады. Біздің күн сайынғы естіп, көріп-біліп жатқан нәрселеріміз есепсіз мол. Бұлардың бәрі кейде есте өзінен-өзі қалады, екіншілері әдейілеп қайта жаңғырады, қажетсіздігі ұмытылып жатады. Адамдарда осындай қасиет болмаса, оған заттардың бәрі ылғи белгісіз, немесе жаңа болып көрінер еді.
Демек, нәрсені еске сақтау – оны «байланыстыру» деген сөз, «Еске түсіру өнері» (Ж.Аймауытов). Байланыстырудың бірнеше түрі бар. Мысалы, машина десек, оның басқару пульттары, артықшылықтары, әр түрлері, құрылысы еске түседі. Адам өзінің еске сақтау қабілетіндегі төл мүмкіндіктерінің он пайызын ғана пайдаланады. Ал, қалған тоқсан пайызы пайдаланусыз қалады, өйткені ол еске сақтаудың кәдімгі заңдарын қолдана білмейді. Есте қалдыруда әр кез алдына нақты мақсат қойып отыру зор маңызды. Есте қалдыру материалдың мәні мен адамның қажетіне де тәуелді болады. Оқылатын материалды жоспарлай білу де есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Материалды жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына да тәуелді. Мысалы, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады.
Есте қалдырудан «қайта жаңғырту» процесін ажыратуымыз қажет. Қайта жаңғырту – бұрынғы материалды қайтадан құрастыру, оны ойша өңдеу, баяндау, жоспарын өзгерту, оның негізгі жерін бөліп алу, әр түрлі білім саласынан түрлі мағлұматтар енгізу деген сөз. Арнайы қайта жаңғырту – әдейілеп еске түсіру, бұл ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс. Қайта жаңғырту кезінде біз әр түрлі елестердің бейнесіне сүйеніп отырамыз. Елестер – бұрын қабылданған, бірақ қазір жанымызда жоқ заттар мен нәрселердің бейнелері.
Адамның іс-әрекеті қашанда қоғамдық-әлеуметтік тарихи мәнге ие. Саналылық, мақсат қоюшылық, жоспар мен жүйе, ойға алған нәтижені шығару, кісінің сана-сезімі артқан сайын, оның іс-әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әр түрлі жан құбылыстары бір-бірімен қиюласып, ойдағыдай дамып жатады.
Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуі, білім жүйесініњ молайып, икем-дағдысының ойдағыдай қалыптасуы - еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді де, кісі техниканың тетігін меңгеріп, оны оңай басқаратын болады. Адам мен техникалық қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. "Адам-техника" жүйесінде іс-әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрлымымен үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттері тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру орын алды. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіпті таңдап алу оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информатикалық модельдер мен басқару орындарын жобалау, оператордың қал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргонимикалық, ЭВМ-нің алгоритмдеріне талаптарды тұжырымдау болып саналады. Психологиялық ғылым ретінде инженерлік психология адамның психологиялық және психофизиологиялық процестерімен сипаттарын зерттейді. Техникалық ғылым ретінде инженерлік психология күрделі жүйелерді жасау, техниканы басқару, технологиялық процестерді қағидаларырын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет