Халықтық психология нені зерттейді? Халықтық психология –адамдардың қоғамдық және жеке тәжрибесінен, өмірдегі байқауларынан туындайтын қарапайым психологиялық ілімдер жүйесінің әліпесі.
Этнопсихология ғылымы әрбірұлттың ерекшелігін зерттейді.
Этнопсихология дегеніміз- әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, т.б.) жемісі, сол халықтың болмысын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдері.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ-ғасырдың орта шенінде пайда болған. Қазақ топырағында бұл ғылымға үлес қосқан ойшылдар Ш.Уәлиханов («Халықтың рухы»еңбегі), С. Торайғыров, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, Т. Тәжібаев, К. Бейсенбаев, Е. Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев, Мәжит Мұқанов.
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мысалы; балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерін зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады.
Арнаулы психология- кемістік (саңырау, мылқау) ауытқушылығы бар ақыл-ойында дамуында тежелу белгілері бар адамдарды зерттейді.
Психикалық қасиеттер,немесе адамның жеке-дара өзгешеліктері бұл бір адамның екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды,ең тұрлаулы,тұрақты ерекшеліктері.Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті,қабәлеті мен дүниетанымы,сенімі мен талғамы,мұраты мен қызығуы жатады.Бұлардың дамып қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар оның кейбір ұлттық,жас өзгешелік,кәсіптік ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.Адамның негізгі жан қуаттары сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі деңгейдегі бейнелері болып табылады.Аспанда жұлдыздар жымыңдап,бір өшіп,бір жанып тұр.Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді,шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады,жас жусанның исі мұрын жаратындай.көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды.Осы үзіндіде адамның түйсік,қабылдау деп аталатын жан қуаттары жақсы байқалады.Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке сапалары мен қасиеттері сәуленетін болса,қабылдауға олар мида тұтас зат күйінде бейнеленеді.Қабылданған заттар санамыздан жойылып,өшіп кетпейді,оларды түрліше жағдайда елестеуге болады.Мәселен,студент үйіне хат жазып отырып,ондағылардың бет-пішінін,үй ішіндегі нәрселерді көз алдына түсіре алады.Мұндай жағдайда оның басында елестету процестері пайда болады.Бұл-тікелей қабылданбай тұрған нәрселер мен заттардың күңгірттеу жалпылама бейнесі.Оқушы сабаққа дайындалады.Кейін мұғалім сұрағанда ол оқығанын есіне түсіріп,айтып береді.Сөйтіп,қажетті нәрселерді есіне сақтайды да қажетсіз,қызықсыз жәйттерді ұмытады.Бұл жерде ес,жад процестері жайлы айтылып отыр.
Ғалымның жаңадан бір заң ойлап табуы,инженердің машинаның бір түрін ойлап шығаруы,оқушының шығарма жазуы т.б. қиял процесін іске қосады.Бұрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп,жаңа бейне жасауда көрінетін жан қуаты-қиял деп аталады.Алдымызда тұрған мәселені шешу,заттардың себеп-салдарлық байланыстарын таба білу,болмысты жалпылай және жанама түрде тану-ойлау процесінің арқасында болып отырады.Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау ол адам танымынығ ең жоғары түрі.Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз.Ісіміз оңға басса,оған көңіліміз толып,қатты қуанамыз,жаман нәрсені көрсек ренжиміз,әділетсіз іске ашу білдіреміз.Қуаныш,қайғы,ұнатпау,уайым,масаттану,достық,жолдастық,адалдық,шыншылдық,қайырымдылық,инабаттылық т.б.-адамның сан-алуан сезімдер мен эмоциялары.Тіпті тұрған үйіміздің тазалығы немесе ластығы,астың дәмді немесе дәмсіз даярлануы да біздің көңілімізде қанағаттанушылық пен наразылық сезімдерін тудырады.
Әрекет ету үшін алдымызға мақсат қойып,оны орындау үшін жоспар сызамыз,жолда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз,көздеген мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.Бұл жәйттер адамның мақсат,тілек,қалау,тоқтамға келу,оны орындаудан көрінетін ерік-жігер процестерінің арқасында жүзеге асады.
Жан қуаттары арасында зейін қызметі ерекше орын алады.Ол санамыздың барлық жақтарының(қабылдау,елес,ойлау,қиял т.б.)белгілі обьектіге бағытталып,шоғырлануы.Зейін психикалық құбылыстардың қай-қайсысына да дәнекер болып,оны кқшейте,әлсірете де алады.Сезім,ерік процестерінде де зейіннің алатын орны зор.
Психикалық процестердің осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады.Бұлар сондай-ақ,адам даралығын көрсететін жеке психикалық қасиеттермен де(қабілет,мінез,темперамент,қызығу)кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттермен де(нышан,инстинкт)орайлас көрініп отырады.Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен әркез түрлі мәнге ие болып,адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары: Психология ғылымы нені зерттейді.