3. Кеуде-бел қисаюы. Х-ХІ-кеуде омыртқаларының арасымен
шектеледі. Бұл тәрізді қисаю кеуде және бел аралығында болып өзі кеуде
қисаюы мен бел қисаюының жағымсыз жақтарын біріктіреді.
4. Жоғары кеуде бөлімінің қисаюы. Ол өз деңгейінің V кеуде
омыртқасынан бастайды. Осындай қисаю болғанда тек кеуденің сыртқы
жобасы қисайып қоймай, сонымен қатар иық бойы және мойын омыртқа
бөлімінің жобасының өзгеруіне әкеледі, иық қисаюы осы маңда әрқашанда
компенсаторлық қисаю деңгейі болып, кейінде адамның сыртқы пішініне
танымсыздық жағдайға әкеледі. Осы тектес қисаюлар тыныс деңгейі мен
қанайналымын аса өзгертпейді.