Тақырыбы: Жасөспірім және заң Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы: І Оқушыларды 2 топқа бөлу ІІ Құқық туралы жалпы түсінік ІІІ Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы) IV Психологиялық тренинг V«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу VI Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап) VII Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру) VIII Қорытынды Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Құқық туралы жалпы түсінік Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалардейміз
Әлеуметтік норма
Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.