Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН



бет36/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс ТТП Абишова Айгкль

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН

ФОРМУЛАЛАР

1.жіптің қалыңдығы,мм F=  λ√T/31.62

2.ілмек қадамы,мм A=(4÷5)∙F (біртегіс)

*ені бойынша созылған ілмек қадамы Amax=l−3∙ ∙F/2

**ұзындығы бойынша созылған ілмек қатарының биіктігі Bmax=l−3∙ ∙F/2

3.ілмек қатарының биіктігі ,мм B=C∙A C=Nc/Np (C 2кестеден );

3*үлгінің ілмек қадамы, мм A=Ш/И; В=Д/Р

(Ш-үлгінің ені, см;)

Д-үлгінің ұзындығы,c ;

Р-норма б-ша қатарлар саны 100

И-норма б-ша инелер саны 40)

3**үлгінің ауданы, S=A∙B

4.ілмек модулі σ=l∙31.62/√T

5.ине қадамы, мм t=25,4/K, (K-машинаның класы)

6.инелер саны И=∙D/t (D-инешіктің диаметрі)

И=Ш/А

7.ілмек қатарының салмағы, г q=И∙l∙T

8.ілмектегі жіптің ұзындығы мм; тізбекше lц=3B+6,42∙F

9.ілмектегі жіптің ұзындығы, мм; трико lт=1,2A+2,36B+4,71∙F немесе

Lт=2,38A+4,71∙F (C=0,5)

10.ілмектегі жіптің ұзындығы ,мм; сукно lc=2,2A+2,36B+4,71∙F немесе

Lc=4,16A+4,71∙F (C=0,83)

11.ілмектегі жіптің ұзындығы, мм; шарме lш=2,8A+2,36B+4,71∙F немесе

Lт=5,54A+4,71∙F (C=1,16)

12.кішірею (уработка)
14,15 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

тақырып Суретті және қиыстырылған трикотаж өрімдерінің құрылымын жобалау

Жұмыстың мақсаты:

Суретті трикотаж өрімдері басты және туынды өрімдердің базасында құрылады. Суретті өрімдердің сан алуан түрін базалық өрімдердің құрылысын өзгерту, олардың әр түрлі комбинациясын құру, қосымша жіптерді енгізу, ілмектерді қалдырып кету арқылы алады.


Трикотаж өндірісінде кең пайдаланылатын суретті өрімдерге:

Сонымен қатар әр түрлі өрнекті эффектілерді алуға болады, олар мыналар: түрлі-түсті, бедерлі, тегіс, ою-өрнекті – бір сөзбен айтқанда суретті (өрнекті).

Классификация негізін басты және туынды өрімдердің базасында суретті өрімді алу принципі жатады.

Суретті өрімдерді алу үшін қосымша жіптерді және трикотаждың құрылымының элементін (созылма және нобайны) еңгізу, ілмектің өзінің құрылысын өзгерту (оны көшіру немесе жылжыту арқылы), кейбір ілмектердің биіктігі немесе ені бойынша мөлшерін ұлғайту немесе кішірейту, екі параллельді (немесе одан артық) жіптерден ілмектерді тоқу, ілмектердің созылмасының мөлшерін өзгерту және т.б. арқылы алуға болады.

Трикотаж өрімдерін қарастыру жеңіл болу үшін А.С. Далидовичтың классификациясын екі блокқа бөлеміз:

- суретті көлденең-тоқылған (иірмелі) өрімдер;

- суретті бойлай-тоқылған (желіжіптік) өрімдер.

Блоктардың әрқайсысында суретті өрімдерді басты және туынды өрімдердің базасында алуға болады, және де олар жалаң немесе қосарлы болу мүмкін.

Трикотаж өндірісінде кең пайдаланылатын суретті өрімдерге жамылғылы, пүліш, ұйпалы трикотаж, престік, жаккардты және т. б. түрлері жатады.



Пресстік өрімдер
Өрімдердің құрамында тұйық ілмектермен бірге нобайылар (тұйықталмаған ілмектер) тоқылса, оларды престік өрімдері деп атайды. Престік өрімдердің құрылымы екі элементтерден ілмек және нобайыдан тұрады.

1-сурет. Пресстік ілмек


Пресстік ілмектер деп, бір немесе бірнеше нобайылары бар ілмектерді атайды. Пресстік ілмекті алу принципі мынадай: тоқу кезінде жіп барлық инелерге салынады да, жаңа ілмектерді құрайды, бірақ бұрынғы ілмектер әрқашанда емес, тек өрнекке сай түсіріледі.

Жүйелі трикотажда тоқыманың екі жағы бір ілмек құрау циклында құрылады. Жүйесіз трикотаж ілмек құраудың әр циклында құрылады.

Престік өрімдерді алу тәсілдері инелердің конструкциясына және ілмек құрау үдерісіне байланысты. Бұл ілмек құрау үдерісінің циклынан кейбір операцияларды шығарып тастағанан не өзгеруінен болады. Мысалы, толық аяқталусыз, иілдірусіз, престеусіз тәсілдері.

Фанг өрімінде престік ілмектер және нобайылар екі фонтураның барлық инелерінде құрылады.Фанг және жартылай фанг өрімдердің ілмектерінде нобайы болғандықан, ластиктен созылымдылығы мен тарқатылуы, жоғары қалыңдығы, массасы және беріктігімен ерекшеленеді.

Фанг және жартылай фанг өрімдермен свитер, балалар костюмдерін және басқа трикотажды сырт киімдерін тоқиды.

Тегіс пресстік өрімдердің кең тараған түрлері.


Қосарлы жартылай фанг – қосарлы престік өрім, оның бір жағы бүкіл пресстік индексі бірге тең, ал екінші жағы бүкіл біртегіс ілмектерден тұрады . Сондықтан жайманың оң және теріс жақтары әр түрлі: бір жағының ілмектері созылған, нобайылары бар, ал басқа жағының ілмектері қысқа, қысылған, нобайысыз. Жартылай фангты фангпен салыстырғанда неғұрлым созылмалы, тығыздығы төмен және ауыр болады.



Қосарлы фанг – қосарлы пресстік өрім, оның әр ілмегі трикотаждың екі жағында өз нобайысын құрайды, тоқыма қос қабаттан тұрғандай болады және қабаттарын созылмалар біріктіреді

2-сурет.Қосарлы фанг 3-сурет. Қосарлы жартылай фанг


Әр түрлі жіптерден құралған қосқабатты тоқыма осы принцип негізінде алынады. Өрімнің екі жағы бірдей сырттай ластикке ұқсас, бірақ ілмектері көбірек созылған.

Жүйесіз пресстік өрімдердің негізінде әр түрлі үлдірлі, реңкті, түрлі-түсті және бедерлі өрнекті эффектерді немесе осы эффекттердің қиылыстырыуын алуға болады.

Осы өрімдерді бір- және екіфонтуралы шеңберлі (ластикті, интерлокты) және жазық (фангілі, айналмалы) машиналарда өндіреді.

Престік нобайы түзеленіп ілмек бағаналарын ысырады нәтижесінде, нобайдағы жіптің бір бөлігі қатарлас ілмекке аусып оның мөлшерін өзгертеді.

Жүйесіз престік өрімдердің негізінде әр түрлі үлдірлі, реңкті, түрлі-түсті және бедерлі өрнекті эффектерді немесе осы эффекттердің қиылыстырыуын алуға болады.Ілмекті бағанада жіптердің түстерін алмастыру арқылы түрлі-түсті эффекттерді алуға болады.Трикотажда үлдірлі эффекттерді немесе оның имитациясын жоғары индексті престік ілмектерді құру арқылы алады.

Реңкті эффекттерді құру үшін біртегіс ілмектері престік ілмектерімен жолақ, тік бұрыш, көп бұрыш және т. б. түрінде алмасады. Ілмектер қатарының биіктігі неғұрлым төмен болса, соғурлым жіптер көп қисаяды, сондықтан біртегіс қатарының биіктігі престік ілмектеріне қарағанда төменірек болып, жарық шағылынысуы көбірек әлсізденеді де, прес ілмегіне қарағанда қараңғы болады.

Бедерлі эффекттерді, нобайылары көп престік ілмектері біртегіс ілмектер тобын бойлай тарту арқылы алады, нәтижесінде тоқыманың беті тегіс емес бедерлі болады. Жоғары индексті престік ілмектерді орны-орнына белгілі тәртіппен қойып бедерлі өрнектер алуға болады.

Жалаң өрімді тоқыманың бедерлі өрнектерін алу үшін, біртегіс учаскесін престік ілмектерді айнала орналастыру арқылы алады. Престік ілмектері, әсіресе бірнеше нобайылары бар, қарапайым біртегіс ілмектер учаскесін тартып бедер құрайды. Нобайылар қатар тұрған бір немесе екі инелерде құрылуы мүмкін.Престік өрімдерді алу тәсілдері инелердің конструкциясына және ілмек құрау үдерісіне байланысты. Бұл ілмек құрау үдерісінің циклынан кейбір операцияларды шығарып тастағанан не өзгеруінен болады. Мысалы, толық аяқталусыз, иілдірусіз, престеусіз тәсілдері.

Престік өрімдерді сырт киімі, іш киімді, шұлық-ұйық және биялай бұйымдарын алу үшін қолданады. Бұйымдардың түржиыны осындай кең диапозонды болуы престік өрімдердің мынадай ерекше қасиеттеріне байланысты: созылымдылық, биязы (жұмсақ), көлемді, аз созылатын; олардың ені тегіс өріммен алынған жаймаға қарағанда едәуір үлкен және т. б. Сонымен қатар, престік өрімдердің әр түрлі өрнекті эффектілерді алу мүмкіншілігі шексіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет