Үлдір өрімдерінің анықтамасы мен құрылысы және шалуды көшіру тәсілдері
Үлдір өрімді тоқу үдерісінде кейбір ілмектерді бір инеден басқаға көшіру арқылы өндіреді, нәтижесінде жаймада белгілі тәртіппен тесіктер құрылады, олар әр түрлі үлдір өрнектерді құрайды ( 130 сур.).
Өрімнің осы түрі көлденең тоқылған (иілдіру) трикотаж базасында алынады. Үлдір трикотаж тегіске қарағанда жеңіл, аз тарқатылады, ауаөткізгіштігі жақсы. Оны сырт, іш киім трикотажын және шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру үшін қолданады.
130 сур. Үлдір өрімі
Толымсыз өрімде кейбір учаскелерде ілмек бағаншалары не бөлек ілмектер тасталып кетеді, соның нәтижесінде жаймада суретті үлдір не эффекті бедерлі өрнекті, және де бойлай жолак тәрізді, мөлшері мен формасы әр түрлі торды алады.
Өрімнің осы түрін біртегіс, ластик, интерлок, фанг, не жартылай фанг негізінде, тоқу үдерісінде кейбір инелерді жұмыстан шығару арқылы алады. Мысалы, ластик негізінде ені әр-түрлі бедерлі жолақтарды, банттық және қарсы қатпарларды өндіреді. Осындай ластикті көйлек, белдемше, басқа бұйымдар үшін пайдаланады.
Иректі өрімдерді ластик және жартылай фанг негізінде алады. Олардың өрнегін айқасқан және қиғаштанған ілмектер мен бағаншалар сипаттайды, өрім бір инешек басқа инешекке қарағанда жылжыунан құрылады. Осы трикотаждан жемпір, жәкет, жилет, көйлек, белдемшелер дайындайды. Бұл өрім тұралы толығырақ мәлімет 2.8.1 бөлімшеде.
Қиыстырылған өрімдерді екі не одан көп әр түрлі өрімдердің үйлесуінен алады. Осы өрімімен алынған трикотаждың сырт сипаты әсем, тарқатылуы төмен, созылымдылығы аз, форматұрақтылығы жоғары болады.
Ластик және біртегіс өрімдердің үйлесуінен репс – кең қолданатын өрімдердің бірін алады. Олар ши-ши бедерлі өрнектерімен және горизонталь бойынша аз созылғыштығымен сипатталады. Сондай ақ, қиыстырылған өрнектің кең таралған түрінің бірі – пике туынды біртегіс пен толымсыз ластиктың үйлесуінен алынады. Осындай комбинация нәтижесінде жайманың оң бетінде қабыршық түрдес ұсақ өрнек алынады.
Аз созылатын өрімдермен шұлық-ұйық бұйымдарын тоқиды. Оларды иілмелі біртегіс пен престік өрімдердің үйлесуінен алады, және де престік ілмектері қалай болса солай орналасады. Осындай өрімдер тоқу бағыты бойынша аз тарқатылады және қарсы бағытта тіпті сөгілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |