Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет137/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

 ...Айғыр зар еңіреп қара жерде. Қара жер
деген тіркес 
бұл тұста қара жер қойнында (яғни «жердің астында – көрде») 
деген мағына беру үшін қолданылып отыр. 
6023.
Өлмейтін өмір суын сімірсең де...
Түпнұсқада «Өмір 
суын сен тауып ішсең» деп берілген. «Өмір суы» деген сөзге 


568
Қ.Каримов «яғни обихаети» деп ескертеді (ол орысша «живая 
вода»деген мағына береді). С.Н.Иванов орыс тіліне осылай 
аударған [6148-бәйіт]. А.Егеубаев «тірлік суы» деп берген 
[6148]. Халық аузындағы (фольклордағы) «Абылхаят (Әбілхаят) 
суы» деген фраза туралы І.Кеңесбаев мынадай түсінік береді: 
«Мифологиялық ұғым бойынша, бұл фраза мұхиттың қиыр 
шетінде терең, тұңғиық үйірім болады, мұның суын ішкен адам 
өлмейді-міс, мәңгі өмір сүреді-міс деген нанымнан туған» (...
Араб-иран тілдерінде 
аб
деген «су» мағынасындағы, ал һаят 
деген «өмір» мағынасындағы сөз) [І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі. //Алматы, «Ғылым», 1977, 9-б.]. Бұл 
сөз құрамындағы -ыл (аб-ыл) араб тіліндегі меншіктілік мәнді 
білдіретін -ул артиклі болса керек). Қазіргі қазақ тіліндегі түбір 
сөздердің екінші буынында келетін ерін дауыстылары (у) езу 
дауыстыларымен алмасып отырады. Рабғузидің «Қиссас-ул-
анбия» деген шығармасында (ХІV ғ.) мынадай бір аңыз бар. 
«Хазіреті Ескендір ғұламаларды жинап сұрады: «–Ұзақ өмір 
сүрудің лажы бар ма?» – деді. Ғұламалар айтты: –Бар. Қойқап 
тауынан алыс бір жерде «Зұлмат» деген бір қараңғы жер бар
оның төңірегінде бір бұлақ бар. Оны «Әбілһаят» дейді. Кімде-
кім осы бұлақтың суын ішсе, қияметке дейін өлмей тірі жүреді» 
(36-қисса).
6094.
Жетіген көтерілді аспан үсті, Сириус, Айғыр жаққа 
төмен түсті. Жетіген –
«Жетіқарақшы» жұлдызының аты. 
Сириус, Айғыр қараңыз: 5555.
6096. 
...Оқыды таңғы намаз, түндегісін.
Түпнұсқа бойынша, 
бұл жерде Өгдүлмүштің екі рет намаз оқығандығы туралы айтылып 
тұр: бірі – таңғы намаз, екіншісі – түнгі намаз. С.Н.Иванов оларды 
«Алланы мадақтап және бірнеше рет қайталап оқитын ерекше 
намаз» деп түсіндіреді [6222-бәйіт]. Шынында, Өгдүлмүш екі 
түрлі намаз оқыған: бірі – әдеттегі азанда оқылатын таңғы намаз 
(памдат), екіншісі – түнде оқылатын намаз (түпнұсқада ол «вирдин 
оқыды» деп жазылған). Қ.Каримов оны («вирдини») «Алланы 
мадақтап, күнделікті айтылатын дұғаны бір немесе бірнеше 
рет қайталап оқу» деп түсіндіреді [6096-бәйіт]. А.Егеубаевтың 
түсіндіруі бойынша, «бірдін (бирдан) – белгілі жағдайларда 
оқылатын дұғалардың бірі» (6222-бәйіттің түсіндірмесі, мәтінде 


569
«біздің» деп жаңсақ жазылып кетіпті). Бұл тәржімашының 
аудармасы бойынша, Өгдүлміш тек осыны ғана, яғни бір-ақ 
намаз оқыған болып шығады (екі намаз оқығандығы туралы 
айтылмайды). Мәселенің шынына келгенде, бұл сөздің түбірі 
– вирд (бирдин емес). Ол – «түнде оқылатын дұға, Құранның 
белгілі бір үзінді бөлігі» (түнде ғана оқылады) («ДТС», 634-б.). 
Араб тілінде «вирд – часть Корана, читаемая молящимся ночью; 
краткая молитва» (Арабско-русский словарь. М., 1958, стр. 1121). 
Дастандағы «бирдін» (бирдин емес) деген сөздің соңындағы -ін 
қосымша – тәуелдік септікте тұрған табыс септігінің жалғауы. 
Вирд бес уақыт намаздан (памдат, бесін, намаздыгер, намазшам, 
құтпан) тыс оқылады, оны кейде нәпіл деп те атайды. Арабша 
нафил [-атун] орысша «(что-л. сделанное дополнительно (сверх 
обязательного)» деген ұғым береді. Дінге байланысты ол 
«дополнительная молитва» деген мағынада қолданылады.
6137. 
Құмыра, бір таяқ ап оянды да ...
Мұндағы құмыра 
түпнұсқада «рекве» деп берілген. Ол – тұтқасы бар, шүмегі бар 
құмыраның арабша аты.
6166. Осы бәйіттен кейін дастанның мәтіні үзіліп қалған 
секілді, өйткені келесі 6167 т.б. бәйіттердің мазмұны өзнеше 
болып келеді. Дастанның орысша баспасында да осылай [6351].
6226. …


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет