Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет75/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139
Ғалымдармен араласуды үйретеді
Ғалымдар – тағы бір топ, дана аталған,
Білімі халық жолын нұрға малған.
Оларды қатты сыйлап, сөзін сүйгін,
Білімін аз-көп болсын ойға түйгін.
Қажетті керексізден кесіп тастар,
Туралық таза жолды шешіп, бастар.
4240. Ойланып ілімді игер, үйрен білік,
Бал тілмен барлық істе қыл игілік.


353
Білімдар тірілтеді ақиқатты,
Негізін шын шариғат ұстар қатты.
Болмаса бұл әлемде ғалым дана,
Бітпес ед жерде жеміс қасақана.
Білім ол – шам-шырағы жұрттың күнде,
Жанып ап жаңылдырмас жеті түнде.
Сыйла сен ғалымдарды күліп тұрып,
Әкеліп ас пен суды, қол қусырып
4245. Беземе тілді бекер – болар қамшы,
Олардың дәрісі у ғой бір-ақ тамшы.
Тілді тый, нан-тұз әкел шүлен етер,
Құрметтеп, ғалымдарды сыйла, көтер.
Ғалымды тыңда, тілмен амалдама,
Қылығын, қылған ісін жамандама.
Олардың ғылымы тек қолыңа ұстар,
Қаласаң ақиқаттың жолын нұсқар.
«Ғалымдар – қой ішінде серке», – десем,
Қой бастар жөнді жолмен ол – бір көсем.
4250. Сыйлас бол ғалымдармен – еленесің,
Құтына қос Жалғанның бөленесің.
Бұлардан басқа топ бар, байқап қара:
Білімі әрбір топтың жеке-дара.
Емшілермен (тәуіптермен) араласуды айтады
Бірі – олардың емшілер ғой бір қауым,
Емдейтұғын елдің ауру-сырқауын.


354
Керек олар – сіз аралас боларсыз,
Өмір ісі оңбас, сірә, оларсыз.
Өмір барда кісіні ауру дендейді,
Емші көрсе, дәрі беріп емдейді.
4255. «Ауру» деген – өлімнің қол созғаны,
«Өлім» деген – бұл өмірдің тозғаны.
Ұста жақсы, жақын тұтып бақ тағын,
Керек бұлар, үлес-хақын сақтағын!
Сиқыршылармен араласуды айтады
Міне, отырмын сиқыршыны айтам деп,
Ол емдейді айналдырса сайтан кеп.
Жөн онымен араласып тұрған да,
Шақыр оны кісіні жын ұрғанда.
«Пайдалы ғой» десең емін аларда,
Ей, батыр ер, ұста жақсы оларды!
4260. Сиқыршы да, емші де кеп емдейді:
Екеуі де бір-біріне сенбейді.
Кім ауырса – емші дәрі арнайды, 
Сиқыршы оның жын–шайтанын арбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет