Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Қарамағындағы қызметкерлерді қалай



Pdf көрінісі
бет80/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Қарамағындағы қызметкерлерді қалай 
ізгі тұту керек екендігі туралы айтады
Жұмсар елді ізгі тұтып, күтін де,
Ас-суын бер, киімін де бүтінде.
Салмағың сал, есепке алып күшін де –
Құдай сенен сұрар солар үшін де.
4425. Бейнет беріп қинама сен оларды –
Содан Құдай саған дұшпан болар-ды.
Басынба сен: бәрі – құлы Алланың,
Өйтсең – өзің тозақ тілеп алғаның.
Олар кішік, сен – ұлықсың: парқың бар,
Кішікке ұлық ашық келер, жарқылдар.
Болсаң ұлық – кішік ұста көңілді,
Сол жарасар, балам, осы – жеңіл-ді.
Тыңда сөзін пайымдының, тілімді ал,
Асыр іске осыны, ей, білімдар:
4430. «Болсаң ұлық елге талай жайда әлі,
Тіл, көңілді басып ұстау – пайдалы.
Жазба жолдан, өзіңді де ұмытпа,
Жаңылмасаң – келеді құт қайдағы».
Ей, ақкөңіл, адал ұста үй-ішті,
Болсаң жомарт – келер дәулет тиісті.
Ас-суыңды, нан-тұзыңды мол ұста,
Құт келеді, атың шығып сол тұста.
Кейде шығын шығар болса бір іске,
Оның өзін шамалап ал кіріске.


369
4435. «Алыс-беріс» адал істе, епшіл бол,
Жол ашылар – әр кезде де көпшіл бол.
Ей, батыр ер! Қолың қысқа шағында
Мұңайма да, басқа жұртқа шағынба.
Бермес көмек жақтырғандар құр мақтап,
Күндеп күлер жақтырмаған ыржақтап.
Жек көреді дос та, жолдас, туысқан,
Көңіл содан жаралы ғой суысқан.
Жүр аралас ішінде боп ізгінің,
Тең ұстасып кісіліктің тізгінін.
4440. Үлес, байлық жима – әбестік болады,
Нұрлы жүзің өкінішпен солады.
Үлкен жолға қонба көрші, жақын да,
Күтер бәле – ойлан осы хақында.
Болма қоңсы қамал, сумен тасыған,
Ашкөзбен де – сақ бел, сірә, осыған.
Еш пайда жоқ бұл үшеуден, бүкпе жоқ,
Зияны бар, одан басқа түк те жоқ.
Үй аларда сұра көрші тұрағын,
Жер аларда суын әуел сұрағын.
4445. Көңіл түзу, таза болсын арғы жақ,
Қой жаманды, бол жарамды арғымақ.
Бек атанып, риза бол да, қой мұны,
Ойын-тоймен, сөзбен жуып қайғыны.
Өлімді ойла, надан болмай машықты,
Иеңді ойла – сонда көзің ашық-ты.


370
Жоқ уайым – сөзді тегін етпесе,
Жоқ өкініш – уақыт бос кетпесе.
Кеуде керме – содан алғыс аласың,
Сараң болсаң – тек қарғысқа қаласың.
4450. Тыңда, не деп айтқан пейлі кең кісі,
Кісілікке кісілігі тең кісі:
«Өзің егер шықсын десең жақсы атың,
«Береген қол болу» деп ұқ мақсатың.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат – содан қайтар есеңіз.
«Басым көкке жетсін» десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап. 
«Шықсын атым бар әлемге» – десеңіз,
Жетер қамын жолаушының жесеңіз.
4455. Ойласаңыз жан тыныштық һәманда,
Кещелікті таста жаның аманда.
Бір Аллаға болсаң егер табынар,
Нәпсіні тый, содан бәле табылар.
Ойың болса ізгілікті ұстарлық,
Нәпсіні тый қылмай оған құштарлық».
Ойшыл кісі жақсы айтыпты не дейді,
Соны қолдан, сонда Құдай жебейді:
«Бұ нәпсінің арманы көп – жетеді,
Оны істесең – аяқ асты етеді.
4460. Жақсылыққа ол жамандық істесе,
Мойыныңды салбыратып кетеді».


371
Сөзі бітіп, айтты Өгдүлміш: «Досым-ай,
Қара халық жөн-жорығы осылай!
Бердім айтып – есіттің ғой жанықсаң,
Бітті әңгіме – мағынасын және ұқсаң!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет