Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет78/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Саудагерлермен араласуды айтады
4315. Тағы бір топ адамдар бар тыңдайтын,
Сауда қылып, пайда көздеп тынбайтын.
Түсім іздеп, дүниені кезеді,
Сиынғаны – бір Алланың өзі еді.
Қатыс: Олар – барып-келер өріс те,
Сұраса – бер, жасап алыс-беріс те.
Бар оларда небір нәрсе қалаған, –
Халық сүйіп не жақсыға балаған.
Кезіп жүрер Батыс–Шығыс арасын,
Не тілесең – әкеп берер, қара: шын!
4320. Түмен түрлі таңсық, қымбат нәрселер,
Көп оларда: қызыққан жан көрсе – өлер!
Жоқ болса егер саудагерлер тиімді,
Киер ме едің қара сусар киімді?
Келмесе асып керуендер Қытайды,
Мың сан жібек көрмей елін жұтайды.
Бұ саудагер кезіп елді өрмесе,
Інжу тізіп ешкім оны көрмес ед.


360
Санай берсем – айтар сөз көп жиылды, 
Сөз ұзайды, содан тілім тыйылды.
4325. Бәрі осындай саудагердің – кәсіп бұл, 
Ашық ұста есігінді – нәсіп қыл.
Ұста жақсы, олар болсын озатын,
Ұзап кетер жақсы болып өз атың.
Әлемге атақ тарататын жайы бар,
Жаман, жақсы ат осылардан жайылар.
Аз ба, көп пе тарту қылса, – айтарым:
Ел қуансын, жақсылап қыл қайтарым.
Қатты байқа пайда, зиян арасын,
Аралассаң, жөн тауып жүр жарасым.
4330. Тыңда, айтыпты дүниені кезген ер,
Көріп, біліп, көп нәрсені сезгенде ер:
«Дүниеге жаям десең атыңды,
Керуенге жақсылық қыл татымды.
Сен шығарсаң атағыңды әз қылып,
Аула көңлін саудагердің мәз қылып!
Жақсы ат іздеп жүрсең – осы мезетің:
Керуенді күтіп ал ел кезетін!» 
Саудагермен қатысып тұр аса көп,
Күл қуанып, игі атыңмен жаса көп!
Мал баққан шаруалармен араласуды айтады
4335. Шаруалар – өз алдына, басқалар,
Төрт түлікті түгел билеп басқарар.


361
Сенімі – шын, бақшасы жоқ қалалы,
Еш адамға тиген емес залалы.
Ас пен киім, мінетін ат табылар,
Айғыр, байтал, күш-көлігі тағы бар.
Жүн, сүт, сүзбе, құрт пен қымыз, майы бар,
Кілем, киіз, алаша бар жайылар.
«Пайдалы адам – бұлар әсте» – десетін,
Сыйла оларды, ей, азамат өсетін!
4340. Ішкіз, жегіз, бол аралас-құралас,
Тіршілік қыл, әділ жолмен тура бас!
Бер – сұраса, ал керегі болғанды,
Білмейді олар алдауды да жалғанды.
Әдеп, білім, тәртіп одан сұрама:
Кең пейілді жанда қулық тұра ма?
Бол ұстамды, араласар ел еді,
Тәртібі жоқ, мінезі ірі келеді.
Жылы сөйле, дос болуды тілеме,
Көр надан ғой, сірә, ондайды біле ме?
4345. Жұртпен жүріп, білетін ер әдепті
Жақсы айтыпты, тыңда, қане, не депті:
«Білімсізді жақын тұтпа – ол ойсыз,
Жақын тұтсаң – іс қылады орайсыз!»
Дана кісі жақсы айтыпты сол үшін:
Әрбір іске біліп алып қол ұсын:
«Білімсізді ұста алыста, әріде,
Ұстамды жан қанар бақыт нәріне.


362
Білімсізден тез алыстап жырақ тұр,
Оның пасық сөз, қылығы – бәрі де!»
4350. Бақташылар айттым, міне, – осындай,
Аралассаң – ер сөзіме тосылмай.
Анық етіп айттым істің саласын,
Істе осылай – үлес сонда аласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет