Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Түс жорушылармен араласуды айтады



Pdf көрінісі
бет76/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139
Түс жорушылармен араласуды айтады
Бір ілім бар – қарама сен ат үсті,
Сырын ашып, жориды екен о түсті.
Ұйықтаса, түске енеді әр нелер,
Жори білсе, соның сөзі дәл келер.


355
Түс жорушы айтса жақсы қолайда,
Түс көргендер қуанады сол ойда.
4265. Егер адам түсті көрсе жаман бір,
Бер садақа жоқ-жітікке, – аман жүр!
Түс ілімін білуге ойды оятты,
Алла жебеп, құлға сыйлап аятты.
Жақсы түске жұрт қуанып жүр ұдай,
Жаман көрсе – қамын жесін бір құдай!
Жоқ-жітікке берсе күміс, тауарды,
Құдай қалап, содан бәле ауар-ды.
Ей, жорушы, жақсы жоры дұрыстап,
Ей, көруші, жақсы түс көр, ырыс тап!
4270. Бар жорушы айтар түспен санасып,
Мейір төгіп, білім жұмсап, жаны ашып.
Ұста жақсы, күт бұларды қасыңда,
Қалай білсең – болар бауыр досың да!
Жұлдызға қарап жорушылармен 
(жұлдызшылармен) араласуды айтады
Бұдан басқа жұлдызшылар жолығар,
Өте нәзік жолды, байқа, сол ұғар.
Есепке алар бұлар жыл мен күн, айды,
Есеп керек – сол үшін де ұнайды.
Өте қиын есеп жайын тапқасын, –
Сен ашасың геометрия қақпасын*.
4275. Бөлшектеу мен көбейту біл: бөлшек кіл*,
Бәрі түгел емтихан ғой – өлшеп біл!


356
Дәрежеге өсіруді жетік біл,
Сан түбірін шығаруға тетік бұл*.
Қосып, ал да, бар аумағын өлшегін,
Біл әлемнің жеті қабат бөлшегін*.
Оқы тербеп алгебра бесігін,
Қақ түсініп Эвклидтің есігін*.
Бұ Жалғандық, о Жалғандық хал-жайды
Дана адамдар есептейді, талдайды.
4280. Бұ Жалғанның, о Жалғанның әр ісі,
Бұзылса есеп – бұзылады бәрісі.
Қандай істі қылайын деп қалайсыз, –
Сұрау керек кезін қолай, қолайсыз.
Құтты, құтсыз күн, ай бар ғой – аңдағын, 
Сұрап алып, құтты кезін таңдағын.
Бір білімді карт айтыпты тұра қап:
«Істе ісіңді білімдіден сұрап ап!» 
Адам ісін бар біліммен бастаса,
Ол іс кетер тілегімен астаса.
4285. Барлық істе білім – пайда әуелі, 
Ел болмаса – бұзылар іс әуені.
Сұрап ал да, сене салма іле тым,
Бір Құдай ғой, ойлан, бәрін білетін!
Ұста Жақсы, бұлармен де жарасқын,
Мазаламай, көңіліне қарасқын!


357


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет