Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет81/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [қойған] сауалы
«Айттың, – деді бұл Одғұрмыш, – сен бәрін,
Білдім түгел естіп алып сөз нәрін.
Бір сөзім бар сұрайтұғын тағы да,
Соны ашып айт сен жығылып ағына.
4465. Қалай болар сөзге құлақ түргенім,
Барып, келіп, күле қарап жүргенім?
Жұрт шақырып, сені қонақ етер-ді,
Мен шақырып, жұрт та келіп-кетер-ді.
Қалай барып, асты қалай жеу керек,
Шақырғанда, оларға не деу керек?
Мұны анықтап айтып берші толайым,
Бұл істен де мен хабардар болайын!» 
Тарау. Өгдүлміш қонақка шақырудың, 
қонаққа барудың жөн-жоралғысын үйретеді
«Айтсам, – деді Өгдүлміш, – оларды,
Ей, туысқан, саған керек болар-ды.
4470. Қонақтардың талай түрі бар сыйлы,
Болады ғой қонақасы әр қилы:
Келер қонақ – үйлену той міндет қой,
Шілдехана, болар тағы сүндет той.


372
Шақырады құрбы, туыс кісіні,
Алыс, жақын, үлкен я кішіні.
Аза тұтып, ас бергенде «аһ!» ұрар,
Азан айтып, ат қойғанда шақырар.
Бұл орайда ас-су берер арнаулы,
Сен өзің біл оған бару, бармауды.
4475. Дос-туысқан шақырса егер – ескергін,
Оған барып, дайындығын тексергін.
Бара қалсаң қонақ болып үйге жат,
Ішіп-жейтін азды-көпті дәмнен тат.
Етсе қонақ көрші, таныс, жақының,
Я досың – міндеті Алла хақының.
Аулап көңіл бар, қонақта боларда
Өзің қуан, мәз боп қалсын олар да.
Сені арнайы қонақ қылса – барасың,
Мәз қыл оны ішіп-же де бар асын.
4480. Қонақасы болмаса егер арнаған,
Дұрыс болар оған, сірә, бармаған.
Ұзақ болар, қысқа болар отырыс,
Ой қағажу көрмесе егер – со дұрыс.
Бір мас ұрыс шығарса – ауру боласың,
Сіңбегендей өн бойыңа бұл асың.
Бірақ тояр тамақ үшін сенгіштеп, –
Қой, түсірме қадіріңді сен күштеп.
Өз еркімен билей білген нәпсіні,
Біреу айтқан, тыңда – сөздің дәп шыны:


373
4485. «Ең жаманы болма жұрттың ішінде,
Құлқын құлы болма нәпсің үшін де!
Көп көріп ем – қадірі асқан ер болған,
Тыя алмастан бұ нәпсісін жер болған.
Дегенде ерді «мәртебесі асты енді»,
Көрдім – нәпсі құл қылып, жер жастанды.
Көрдім байды – нәпсісінен шыға алмай,
Жұрдай болған, ол – қайыршы Шығайбай.
Болма тұтқын қу нәпсіге, құлқынға,
Құл боп алсаң – құтылу жоқ, жұлқынба!» 
4490. Қайда қонақ болсаң дағы – әдеттен:
Ас жеуді біл ізет сақтап әдеппен.
Әдет білмеу – зердесіздің ұпайы, –
Басы айналар кісі көрсе сыпайы.
Жасы үлкендер асқа қарай сұнса қол,
Сен содан соң ұсын қолды – тәлім сол.
Оң қолды сал, Алла атын айт тағы да,
Сонда адамның өсер байлық, бағы да.
Кісі алдында тұрған асқа қол созба,
Өз алдыңнан алып жесең – болды, озба.
4495. Пышақ алып, сен сүйекті мұжыма,
Сен шыдамсыз, жеңілтек боп мыжыма.
Тоқ та болсаң қол сап отыр асқа да,
Адам асты қарап жейді басқаға.
Алған асты шайна ұсақ қып – бас тісті,
Ыстық асты үрлей берме асты-үсті.


374
Ас жегенде тартпа өзіңе табақты,
Бұзба кісі жарастығын, қабақты.
Мұндай адам, ол – әдепсіз, қор болар,
Басқа жұртқа көргенсіздер сор болар.
4500. Бұл сөзді айтқан бір әдепті ер еді:
«Әдеп білсе, адам құрмет көреді!» 
Әр нәрсенің жөн, әдеті, жолы бар,
Соны білген қуанышқа жолығар.
Жөн бұзуды қылықсыздар бастайды,
Олар ісі алға содан баспайды.
Салып қолды асыңды же тиесі,
Бір қуансын көріп үйдің иесі.
Еңбек етіп ас бергенді теп–тегін,
Еш қып оны, сірә, сыртқа теппегін.
4505. Сергек кісі айтқан бір сөз ерен ғой,
Ойлап көрсең, мағынасы терең ғой:
«Кісі көңлі – нәзік шиша сияқты,
Ол сынады, қозғама сен бұяқты.
Көңіл қалса, болмайды ғой ойда дәм,
Үзіледі жақындық та, пайда һәм.
Жақын болсаң – көңілді күт үңіліп,
Көңіл қалса, кетер жақын түңіліп!»
Таңдап асты, көп жеме, біл әліңді,
Ақылды адам берген солай тәлімді:
4510. «Көп жеп, біреу асты асайды, қылғиды,
Со бәле боп, ел ауырар ылғи да.


375
Ауру – астан, нәпсіні күт, аңдап ал,
Аздап іш те, асыңды да таңдап ал.
Жабысса ауру – кісі әлсірер, кері кетер,
Емдемесе – өлім оны тербетер!» 
Айтқан емші өте жақсы нақылын,
«Жаман» дейтін кім бар оның ақылын:
«Ауру алғаш, бұл – өлімнің хабары,
Өлім сонда көрші қонар не бәрі.
4515. Ауру – бәле, азап, өлім жаршысы,
Жақсы түк жоқ, бір өлім ғой табары!»
«Мен – адам!» – деп бұл адамзат туыпты,
Ажырата білсін ыстық, суықты.
Білсін жайын ас жеуді де тоюды,
Жақпайтын ас жеуді білсін қоюды.
Ыстық артса, суық ішіп жеңілден,
Суық қысса, ыстық ішіп көңілден.
Өмірің – жаз: жігіт көңіл тасады,
Суық қолдан – қан қысымың басады.
4520. Қырық жаста күз келер де ұлытар,
ЬІстық қолдан тал бойыңды жылытар.
Алпыс жаста сығып алар қартты қыс,
Қолдан ыстық, қаш суықтан – артты қыс!
Шөлдеп, тоңсаң – су мен ыстық дайында,
Бұлар қарсы бір-біріне дайым да.
Су мен суық зиян етер, қасарар,
Құрғақ, ыстық затпен оны басар ер.


376
Суыса егер – қыздыр қақтап денеңді,
Ыстық болса, суық ішкін сен енді.
4525. Денеңді анық білмей еміс-еміс те,
Ыстық, суық арасынан ем істе.
Күт осылай жөңдеп ұстап бойыңды, –
Болар тыныш өмір, жаның, ойың да!
Айтқан емші жығылып сөз ағына,
Тыңда, мұнда жатыр терең мағына:
«Мен жориын болмысыңды – қағып ал,
Қызыл, сары, ақ пен қара тағы бар.
Бір-біріне бұлар жаулық тіледі,
Жаулар жауын жақындасса-ақ біледі.
4530. Тану үшін болмысыңды ес керек,
Жағар асын жеген адам – есті ерек.
Жағар асты жесе – бойға тарайды,
Содан оны малдан бөліп қарайды!» 
Бір ақсақал айтқан сөз бар – ақыл-ақ,
Тыңда, түйсін, болып қалмай ақымақ:
«Қырық жаста білмесе өзін – қалай бұл?
Оның – мал ғой жасаса да талай жыл!
Сынап, көріп – білім болмай санада,
Ондай жанды сен адамға санама!
4535. Бастан кешіп, жөн білмесе о тағын, –
Осы дұрыс: оны «мал» деп атағын!
Көп жасаған адам дана болмаса,
«Кісі» деме, мал ғой жүрген далбаса!» 


377
Жақсы сөзі емшілердің бұл еді: 
«Асты аз жеген сау боп ойнап-күледі.
Сен ауырма, аман болсын бәрі де, 
Соның үшін «аз» деген бір дәрі же.
Жасап ұзақ, тыныш жүру – басты де, 
Оның үшін «тіл» дейтін бір асты же!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет