Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет82/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш Одғұрмышқа 
қонаққа шақырудың жоралғысын үйретеді
4540. Сен ойласаң қонақ ету жайында
Бар ісіңді келістіріп дайында.
Ұста таза дастарқанды, сыйыңды, 
Көрпе таза, үйің болсын сыйымды.
Ішер-жемді дәмді жаса, қалып – сол, 
Жесін қалап қонақтарың салып қол.
Жалғыз болса міні істеген ас-судың, 
Жүз қылады оны сөзі қас-қудың.
Ас-су істе «жақсы екен–ау!» дейтұғын, 
Игі жақсы, жұрт тойынып жейтұғын.
4545. Дос, туысқан келсін алыс, жақын да, 
Сақта олардың қонақ болар хақын да.
Біреу келіп, біреу келе алмас-ты, 
Шақырған соң, жұрт көңілі қалмас-ты.
Асқа өкпесі жаман болар – тартынба, 
Кек боп қалар өле кетсе артыңда.
Байқа, асыңа ішер сусын ұлассын,
Кім кешіксе, соған да ас бер, бұл ас – сын.


378
Жұрт ас жесе, бер ішімдік іле сен, 
Оны ішкенде үстеуді өзің білесің.
4550. Жеген жерде ішу де бар – кезектес,
Жеу мен ішу тең жүреді өзектес.
Ішу болмай, қоя қойсаң жеп қана,
Ондай тамақ «у болады» деп сана.
Қаласа – сөл, кім қаласа сыра бер,
Бал мен шербет, не қаласа – сұра, бер.
Әрқилы етіп тағы да бер басқасын,
Сен мені қой, жөн білгендер бастасын.
Ішіп-жемің үлкендерден артылсын,
Кішіге де сондай табақ тартылсын.
4555. Құр қалмасын бәріне де ас жетіп,
Жұрт жүрмесін сені сөгіп аш кетіп.
Қою-сұйық жеген біраз сәт тілер,
Жеміс-жидек, келсін сонда тәттілер.
Әлің келсе – жібектен бер жыртысты,
Дау шықпасын – бәріне бер біртүсті.
Ішім-жемнің сөзі бітті, ей, қолы ашық,
Қайтатұғын кісіге енді жол ашық.
Шақыратын төрт–ақ түрлі қонақ бар,
Төрт түрлі ғой баратын да қонақтар.
4560. Бұ қонаққа біреу барар – жарасты,
Ішіп, жейді ішімдікті, бас асты.
Шақырмайтын жұрт бар «адам езі» дер,
Өз тамағын тұмсық тығып өзі жер.


379
Тағы біреу қонақ болып кетеді,
Қарымта қып өзі қонақ етеді.
Кейбіреу бар қонақ боп бас сұқпайды,
Өзі қонақ қылуды да ұқпайды.
Ол – өлік қой, тіріге оны санама, 
Қатынаспа, бірге жүрме, жанама.
4565. Кейбір кісі шақырса да бармайды
Сойған малын қонағына арнайды.
Бұл айтқанның ең жақсысы – осы жол, 
Мұны мақтар білімділер досы мол.
Болсаң қонақ, болмасаң да, жесең де-ау, 
Тый құлқынды – сен жасайсың есен-сау.
Көп жегендер көп ауырғыш болады, 
Өң сарғайып, түс бозарып солады.
Тыңда, тәуіп бұған қалай дер енді
Көп білетін білімі оның терең-ді:
4570. «Кірер ауру еріп ішкен асына, 
Қартаяды адам жетпей жасына. 
Тый құлқынды – ауырмай жүр әрдайым, 
Дерт бұзады кісі кейпін басынан».
Ас, ішім-жем жөні осылай – жоба бұл, 
Сен барғанда, жұрт келгенде тоба қыл.
Бәрін айттым, тыңдағаның – өз бағың, 
Жетер осы, енді сөзді созбағын.
Жөн-жорыққа, әдетке көз салайық
«Араласып жүрсін» десең халайық.


380
4575. Көңілімнің жарығы – сен, бақ сайла, 
Ұқ сөзімнің мағынасын, жақсы ойла!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет