544
«сүт» сөзімен ешқандай байланысы жоқ (Қазіргі қазақ тіліндегі
сөздер ұяң дыбысқа аяқталмайды, ол сондықтан барып
үт
болып
айтылады).
Балық
о бастан-ақ орысша «рыба» сөзінің мағынасын
беретін болған [аталған сөздік, 80-6.]. Сөз арасында айта кетейік:
араб тілінде
һүт
деген сөз мынадай мағына береді: 1) үлкен,
алып балық, кит; 2)
астр.:
Балықтар
шоқжұлдызы; 3) Күн
жылнамасының он екінші айына сәйкес келетін февраль айының
аты (22 - февраль – 21 - март) [Н.Д.Ондасынов. Арабша-қазақша
түсіндірме сөздік, 1-том, 1984, 142-6.].
Чадан //Шаян
сөздері
Түркі тілдеріне тән
ч//ш
мен
д//й
заңдылықтарына
байланысты
жасалған (олар өзара алмаса береді). Сондықтан, ол бұл жерде К.
Жүністегі Водолей – көнек болса, үш арқар – Шаян емес. «Егемен
Қазақстан», 1/1–2004, 46.
238.
Не себептен Заһһақ пасық датталды, Ал Фаридун
жақсы» деген атты алды?
Аудармашы С.М.Ивановтың
түсіндіруі бойынша Заһһақ – Иран елінің эпикалық аңыздарында,
соның ішінде Фирдоусидің «Шаһнама» дастанында да айтылып
жүрген аңыздық қаніпезер бір ел билеуші, өзі жексұрын болған
көрінеді. Оның екі
иығында екі жылан жатады-мыс,
Заһһақ
оларды адамның миымен асырайды екен.
Фаридун
(Афридун) да
– Ираннын мифтік билеп-төетеушісі, атақты Жәмшидтің тұқымы.
Ол
Заһһақты
тақтан түсіріп тас қамал-үңгірге қамап тастапты.
274.
Құты арылмас Алп Тоңа Ер еді
(Алып Ер Тоңа) – көне
түркі халықтарының эпикалық батыры. Ж.Баласағұни
басқа
авторлар сияқты оны Тұран жұртына елбасы болған Афрасиабқа
теңейді (Тұран – «түріктер елі» деген сөз,
кейінірек оны
Түркістан деп атайтын болған). Фирдоусидің «Шаһнамасында»
Афрасиаб бүкіл түркі жұртшылығының билеуші батыры ретінде
суреттелген. Тауратта ол Яфеттің ұлы, өзі – түрік деп көрсетілген
(С.Н.Иванов). М.Қашқаридың «Диуану луғат-ит-түрк» деген
еңбегінде ел аузынан жиналған «Алып Ер Тоңаны жоқтау» деген
жыр бар (Ә.Құрышжанұлы. Ескі түркі жазба ескерткіштері. 2001,
306 - 307 б.).
351. Одғұрмыш қолжазбада
оның атын «Афийат
деп
жорыдым»
деп айтады. Араб тіліндегі «афийат» сөзі «денсаулық»
деген мағына береді. «Древнетюркский словарь» (қысқаша: ДТС)
бұл сөзді «здоровье» деп аударады:
аның да басасы бу Одғурмыш
545
ол // муны «афийат теб өзүм йөрміш ол»
(«следующий, после него
– Одгурмыш, // это [имя] я истолковал как здоровье») деп берілген
[ДТС, 16]. Қара сөзбен жазылған алғы сөзде Одғұрмыштың аты,
танымдық таһаллусы – «Қанағат» деп келтірілген. Осы сөздікте:
Одгур
(«будить»),
Одгурмыш
(«пробуждающий»). Бұл өзі – тақуа
адам. Аз
ғана нәрсені қанағат тұтып, өз бетімен Аллаға тағат-
ғибадат ететін, өзін-өзі ояу ұстап (дін жолымен алып қарағанда),
бетіне шаң жуытпай өзін-өзі таза ұстап (гигиена
тұрғысынан
алып қарағанда), денсаулығын қатты қадағалап жүрген (медицина
бойынша) кемеңгер ойдың иесі, белгілі оқымысты, сонымен бірге
барынша қарапайым адам болғанға ұқсайды.
Ескерту:
«Құтадғу біліктің» басқа нұсқаларында осы сөз
«
ақибат»
болып жазылған. Ол орысша «последствие, исход,
результат, конец» болып аударылады [ДТС,48]. С.Н.Иванов осы
вариант бойынша аударған [357-бәйіт]. А.Егеубаев «ақыбет –
ақырет (?)» деген «түсінік» береді [357- бәйіт].
362.
Достарыңызбен бөлісу: