245
кезеңге тән діни
оқуды да оқымаған. «Алайда Қашаған
Күржіманұлының Есқали сопымен кездесу барысында айтқан
сөздері кітап ұстап, діни сауаты біршама адамның аузынан
шыққаны көрініп тұр» деген сөз арқылы ақынның діни сауаты
болмаса да, мұсылмандықты жүрегіне сіңірген адам екенін
аңғарамыз». (А.К. Ахметова, 2011) Арнайы білім алмаса да, қара
сөзден әдемі өлең құрастырып, мазмұнынын үйлестіре білу үлкен
өнерді
қажет етеді. Тума таланттың бізге белгілі шығармалары
ақын өмір сүрген кезеңнің тарихи белгісіне айналған десек, артық
айтқанымыз емес.
Қашағанның
ақындық, жыршылық өнерін Өскінбай мен
Аралбай, Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір
(Көкшебайұлы), Сүгір (Бегендікұлы) мен Сәттіғұл, Шәдіман мен
Шәмғұл, Көшен мен Құмар сияқты талантты тұлғалар өнеге
тұтқан.
Ақынның шығармалары алғаш рет 1935 жылы «Әдебиет
майданы» журналының №5 санында жарияланды. Қашаған өз
өлеңдерінде
надандар мен дүмше молдаларды аяусыз сынап,
олардың теріс пиғылын әшкереледі. «Есқали сұпыға айтқаны»,
«Оразалыға» және т.б. шығармаларында ақын адамгершілік,
ізгілік қасиеттерді дәріптейді. «Берекет ақынға», «Сақыпқа
айтқаны» атты өлеңдерінде елдік пен ерлік туралы батыл айтып,
бұқараның басты мақсаты туралы сөз етеді. «Атамекен»,
«Топан», «Адайтегі», «Әзіреті Ғали» дастандарында тарих пен
өткен
күннің шежіресі туралы айтылады. Бұл мақалада ақынның
Атырау аймағын үлкен қасіретке ұшыратқан апат жайында
баяндалатын «Топан» дастаны жан
-
жақты талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: