Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді


Аттуһфа-уз-закийа фил луғат ит-туркийа



бет10/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ

Аттуһфа-уз-закийа фил луғат ит-туркийа» («Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық»). «Аттуһфа» зерттеушілердің топшылауынша, XIV немесе XV ғасырда дүниеге келген, сірә, Мысырда жазылған болу керек. Бұл ескерткіштің мәтінін жариялап, түрік, өзбек тілдеріне аударған және тілін талдап зерттеген венгр, түрік, поляк, өзбек ғалымдары мен Ә.Нәжіптен басқа бұл ескерткіш Ә.Құрышжанов, Т.Арынов сияқты қазақ тілі мамандарының да назарына ілікті. «Аттуһфаның» лексикасын арнайы зерттеген
Т.Арынов мынадай пікір айтады: «Аттуһфаның» лексикалық тұлғасы басқа ешбір тілде дәл қазақ тіліндегідей өзгеріссіз сақталмаған, мұндағы сөздердің үштен бірі қазіргі қазақ тілінде сол күйінде кездеседі, ескерткіш тілінің фонетикалық ерекшеліктері қазіргі қазақ әдеби тілінің фонетикасымен бірдей келеді: тау (тағ емес), шөлмек (чөлмәк емес), шыбын (чыбын емес), шүберек (чүперек емес). Т.Арынов «Аттуһфаны» көне (ескі) қазақ тілінде жазылған тұңғыш ескерткіш деп қарауға болады деген пікірге келеді.
Әрине, белгілі бір сөздердің немесе тұлғалардың ескерт- кіштер тілі мен қазіргі түркі тілдерінің анасында не мынасында болу-болмауы сол тілді иемденген халықтың мұрасы болатындығын бірден-бір дәлелдей алмайды. Дегенмен XIIXIV ғасырлардағы жоғарыда көрсетілген ескерткіштер қазақ әдеби тілінің ауызша да, жазба да түрлеріне әсерін тигіз- ген, кейбір тілдік және көркемдік модельдерді ұсынған көздер екендігіне күмән болмасқа керек. Айталық, бұл ескерткіштер- ден діни және абстракт ұғымдарды беруде араб, парсы тілдеріне иек арту; осы тілдердің есім сөздеріне түркілік көмекші етістіктерді тіркеп, күрделі етістік жасау амалы, түркі мен араб-парсы, түркі мен монғол, араб пен парсы тілдерінің бір мағынадағы сөздерін қосақтап жұмсау (бірін екіншісінің түсіндірмесі, толықтамасы, дәлелдемесі ретінде қатар келтіру) тәсілі, халық тіліндегі тұрақты эпитет, теңеулерді еркін қолдану, олардың модельдерін пайдалану – осылардың баршасында көне және орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштерінің тілі, көркемдік дүниесі қазақ әдеби тілінің бастауынан, қайнар көзінен хабар береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет