Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді


Ахмед Иүгнекидің «һибат ул-хақайик»



бет4/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ

Ахмед Иүгнекидің «һибат ул-хақайик» («Ақиқат сыйы») атты дидактикалык толғаулары сол кездегі түркі тіл- дес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркі- лерінің тілінде жазылған. Ал Қараханидтер дәуірі – түркі тай- паларының тарихында әдебиет өркендеп, мәдениет жанданған кезең болды. Осы кезеңде ғалымдар, жазушылар меп ақындар өсіп-жетілді. Бұл кезеңдегі жазба әдеби тіл түркі тайпалары- ның барлығына ортақ болды, ол тіл талайдан келе жатқан тарихи дәстүрлік нормаға бағынды.
Зерттеушілердің пайымдауынша, дастанның авторы теңеу, антитеза, метафора сияқты көркемдеуіш құралдарды кеңінен және шебер пайдаланған. Мысалы, әскер басы болған замандасы Ыспаһсаларды теңізге, өзін тамшыға, білімді адамды таза алтынға, надан адамды құны жоқ жалған ақшаға, шын сөзді балғаға теңеулері немесе білімді – надан, жомарт – сараң, тәкаппар – момын, адал – арам сияқты антитезалары, дүниені керуен сарай деп, сараңдықты ем қонбайтын дерт деп ауыстырып атауы – осылардың баршасы, сөз жоқ, Ахмед Иүгнекидің шебер ізденістерінің жемісі. Әмір Нәжіп «Хибат ул-хақайиктің» тілі «Құтадғу біліг» пен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып тұрған өтпелі көпір деп санайды. Қазақ тіл мамандары – Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов қазақ тілінде бұл шығарманың аудармасын жасап, қазіргі қазақ жазуына көшірілген транскрипциясын және арабша жазылған түпнұсқаның фотокөшірмесін ұсынды (қара: Ахмед Иүгінеки Ақиқат сыйы. — Алматы: Ғылым, 1985). Дегенмен бұл ескерткіш тілінің нақты материалдарын қазақ әдеби тіліне қатыстыра қарап, түбегейлі зерттеу жұмысын жүргізу – алдағы міндеттеріміздің бірі болмақ.
Ерте орта ғасырлардағы (XII ғ.) түркі жазба ескерткіште- рінің бірі – атақты Қожа Ахмет Ясауидің «Хикмет» («Пара- саттылық» немесе «Даналық») атты өлеңдер жинағы. Ясауиді кейінгі ғасырларда «Хазрат Султан арафин», ал қазақтар арасында «Әзіреті Сұлтан» деп атаған.
Қожа Ахмет – билеуші топтардың идеологиялық құралы – дәстүрлі (ортодоксалды) исламға қарсы шыққан халықтық қозғалыстың идеологиясы ретінде қызмет еткен, діни-мис- тикалық сипаттағы, антихалифаттық суфизм (сопылық) ағым- ның ірі өкілі және ұраншысы, осы ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы діни қайраткер әрі ақын. Суфизм қаналушы қалың бұқараның идеологиясы болды. Сондықтан осы идеологияны үгіттеуде Қожа Ахмет көпшілікке беделді поэзияны құрал етті және оның түсінікті болуын көздеді. Сондықтан кейінгі сан ғасыр бойы Ясауи хикметтері халық арасына қолжазба түрінде кеңінен тарап, өмір сүріп келді.
Қожа Ахметтің туып-өскен әрі сопылық құрған ортасы қазақ ру-тайпалары жайлаған жер – қазіргі Түркістан аймағы болғандықтан, ол ру-тайпалар да хикметтерді жақсы біліп, жазбаша да, ауызша да ұрпақтан ұрпаққа таратып келген. Орта ғасырларда Сыр бойын, Түркістан өңірін жайлаған ру-тайпалар бүгінгі тек қазақ халқының емес, түркінің өзге де оғұз-қыпшақ, қарлұқ топтарын да құрағандықтан, бұл күнде бірнеше түркі халықтары Ясауи мұрасын өздерінің мәдени жәдігерлігі деп санап, өзбектер «Хикметті» «өзбек әдеби тілінің бастауы» деп, түрікмендер «қазіргі түрікмен әдеби тілінің атасы» деп санайды.
Ясауи мұрасының тілін зерттеген А.К.Боровков оны Қара- ханид әдеби тілінің дәстүріндегі оғұз-қыпшақ тілінде жазылған деп санайды және мұнда «Құтадғу білікке» қарағанда көне ұйғыр тілінің әсері аз дегенді айтады].
Ал Әмір Нәжіп Ясауи хикметтері Сырдарияның төменгі ағысында пайда болған, ол қыпшақ-оғұз аралас жазба тілді танытады, оған «Құтадғу біліктің» тілі әсер етпеген, «Хикметтер» тілі Қараханид дәуірінің қарлұқ-ұйғыр жазба тіліне қарама-қарсы тұратын тіл ретінде пайда болған дәстүр дейді. Түрікмен зерттеушісі М.Хыдыров Ясауи тілін қарлуқ-хорезм тілдерінің ескерткіші деп санайды.
Ә.Нәжіп Ясауи хикметтері Орта Азия топырағында ғана емес, кең байтақ қыпшақ даласына, көшпелілер арасында да кең тарағанын айта келіп, Қожа Ахмет өзінің негізгі мақсатын көздеп, суфизм ағымын қалың көпшілікке уағыздау үшін қыпшақ тілдерінде сөйлейтін жергілікті халықтың ауызекі тіліне жақындатып жазды, Ясауи тілінің негізі – қыпшақ тілі, бірақ оғыз тілдерінің әсерін алған, сондықтан бұл ескерткіш – XII ғасырдағы қыпшақ-оғұз тілдерінің үлгісі, осы себептен Ясауи мұрасының тілі қазақ әдеби тілінің де бастау көзі болып танылуға тиіс деген дәлелді пікір айтты. Қазақ тіл мамандары мен филологтерінен бұл сыңайлас пікірді Н.Сауранбаев, Қ.Мұхаметханов, Ә.Құрышжанов және басқалар да білдірген болатын. Сондықтан біз Ясауи хикметтері тіліне біраз кеңірек тоқталамыз.
Бізге Ясауи хикметтерінің бірнеше қолжазбасы жетіп отыр. Автордың өз қолтаңбасы жоқ. Өз тұсындағы нұсқалар да бізге жетпеген. Ең әрі дегендегі көшірмесі – 1693-94 жылдары жазылған қолжазба, ол Стамбұлдағы Вафик паша кітапхана- сында сақтаулы. Ресейдегі осымен тұстас (XVII ғасырда көшірілген деп есептелетін) қолжазба нұсқасы – ХIX ғасырдың соң кезінде Самарқандтан акад. К.Г.Залеман алып шыққан, бұл күнде Санкт-Петербургте сақтаулы нұсқа. Ясауи мұрасы деп көшірілген қолжазбалар С.Петербургте (Ленинградта), Қазанда, Ташкентте, Самарқандта т.б. қалаларда едәуір кезде- седі. Колжазбалардың көпшілігі соңғы дәуірлерде, көбі XIX ғасырдағы көшірушілердің қолынан шыққан. Олардың сауатты жазылуы да әртүрлі, қолжазбалардағы хикметтердің саны, орналасу тәртібі де біркелкі (бірдей) емес.
Кейін Ясауи мұрасы негізінен Қазанда бірнеше реттен басылып жарық көрді. Қолжазбалар мен Қазан басылымдары- ның арасында едәуір айырмашылықтардың бар екені байқа- лады. Олар: өлең жолдарының орналасу тәртібінде, кейбір шу- мақтардың бірінде бар, екіншісінде жоқ болуында, жеке сөз- дерінің арасында, сөздердің жазылуында т.б. көрінеді. Қол- жазбаларда да, Қазан басылымдарында да Ясауидің өзінің мұрасынан өзге басқа авторлардың Ясауише ұсынған (жазған) туындылары еніп кеткенін А.К.Боровков жақсы дәлелдеп көрсетті. Қазан басылымдарындағы барлық өлеңдер Ясауидікі емес дегенді П.М.Мелиоранский де айтады. Мысалы, Залеман (Самарқанд) қолжазбасында біздің есептеуімізше 76 (А.К.Бо- ровковтың есебінше – 73) хикмет болса, оның 46-сы ғана 1904 жылғы Қазан басылымында бар, ал соңғыда 153 хикмет берілген, демек, оның 107-сі Самарқанд нұсқасында жоқ. А.К.Боровковтың айтуынша, Самарқанд қолжазбасында бар, Қазан кітаптарында жоқ 30 хикмет өзге қолжазбалардан табылады. Демек, Ясауи мұрасын кітап етіп шығарушылар оның қаламына жатпайтын көптеген шығармаларды жариялағаны байқалады.
Ең алдымен,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет