Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді


Махмұд Қашғаридың «Диван луғат ат-түрк»



бет3/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ

Махмұд Қашғаридың «Диван луғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі – ХI ғасырдың (1072-1074) жылдары жазылған) ескерткіші. Бұл сөздік тұңғыш рет 1915-
1917 жылдары Түркияда үш том болып жарық көрді. Кейін оны түрік ғалымы Бесім Аталай араб тілінен түрік тіліне аударып, 1939, 1940, 1941 жылдары үш кітап етіп жариялады. 1960, 1961, 1963 жылдары өзбек ғалымы – Салих Муталибовтың аудармасымен Қашғари сөздігі өзбек тілінде жарияланды. Қазақ тіліне өте кеш аударылды. Бірақ оның сөздігін, грамматикасын, көркемдік сипатын т.т. зерттеуге қазақ лингвистері де ат салысып келеді. Бұл ескерткіш тек сөздік материалы бойын- ша емес, ондағы келтірілген әдеби үлгілерге: 300-дей өлеңге, 300-ге тарта (291) мақал-мәтелге, көркем теңеулерге, қанатты сөздерге қарап, көркем тілдің бұдан он шақты ғасыр бұрынғы, тіпті одан да арғы кезеңдердегі кейбір белгілерін, ол белгілер- дің әрі қарайғы ұластығын көруге болады. Өйткені бұл кітап – «көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы».
Қ.Өмірәлиев Қашғаридағы:
Алп Ер Тоңа өлді му?
Есіз ажун қалды му?
Өзлек өгін алды му?
Емді жүрек жыртылур.
Ұлышыб ерен бөрлейү,
Жыртып жақа ұрлайу,
Сықрыб үні жүрлеу,
Сықтаб көзі өртүлүр, –
деген өлең жолдарын келтіріп, жоқтау өлең түрінің VII ға- сырдан (Тоңа Алп ер – VII ғасырдан арғы жерде өмір сүрген ұлы қаған) Қашғари дәуіріне – ХI ғасырға – ауызша жеткенін айта келіп, бұл жырдың XV-XVI ғасырлардағы (және одан кейінгі) қазақтың жоқтау өлеңдеріне келіп ұласқанын танытады. Сондай-ақ бұл зерттеуші Кашқаридағы мақал-мәтелдерді талдай келіп, олардағы тұрақты модель-тұлғалардың, ұйқастық тәсілдердің әріден сақталып келгеніндей, кейін де, біздің заманымызға дейін (әрине, фонетикалық, морфологиялық, ішінара лексикалық өзгерістерімен) жеткендігін дәлелдейді. Және де Кашғаридағы:
Тавар кімнің өкүлсе,
Беглік аңар керкейүр.
Таварсызын қалып
Бег еренсізін евгейүр, –
деген дидактикалық-шешендік өлең өз моделін Орхон ескерткішіндегі:
Иуйқа қалын болар, Топлағулуқ алп ерміс.
Иінчке жоған болар,
Үзгүлүк алп ерміс, –
деген сияқты жолдардан алған және ол – ХV-XIX ғасырлар- дағы қазақ ақын-жырауларының дидактикалық-шешендік сөз- дерінің жанрлық үлгісі деп табады. Ал зерттеуші Ә.Дер- бісалиев Қашғари «Диванындағы» жырлар Күлтегін, Тонықұқ, Білге қаған ескерткіштеріндегі оқиғаларды қайталайды дей келіп: «Түркілер ел әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бас- тапқы кезеңіне жататын осы екі классикалық шығарма («Құтадғу білік» пен Қашғари сөздігі) қазіргі қазақ әдеби тілінің негізін, әдебиеттік ескі арнасының көзін танытады… Құнды мұра, жазба әдебиетіміздің ең алғашқы тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі, – дейді.
Қашғари сөздігінде келтірілген әдеби үлгілердің тіл және жанр жағынан қазіргі тілдерге ұластығын нақты деректерді талдап көрсету – бүгінгі түркологтердің, оның ішінде қазақ тіл мамандарының алдағы міндеті. Ал әзірге М.Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегі қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра екенін баса айту керек. Осылайша тұжы- рымдай тұра, әрбір түркі әдеби тіліне қатысын, яғни көзі болып саналуын, әдеби тіліне белгілердің ұластығын т.б. нақты фактілермен анықтау қажет болады. Қазақ тіліне келгенде, лингвистер тарапынан мұндай нақты зерттеу әлі жүргізілген жоқ. Дегенмен өлеңдегі тармақ соңындағы сөздердің ұйқасуы қазақ өлең техникасында да орын алатынын, сондай-ақ қуланкиік аулау, еч ал-, йурек йыртылур, йағы отын өчурген (дұшпан отын өшірген), есуз ажун қалдыму (дүние иесіз қалды ма), йузі сарғарыб (жүзі сарғайып) сияқты тұрақты тіркестердің беретін мағынасы, жасалу моделі, компоненттік құрамы жағынан қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерге келіп ұласатынын көрсетуге болады. Тіпті «Алп Ер Тоңа өлді му» деп басталатын өлең жолындағы Ер Тоңа жалқы есімінің құрылымы қазақ әдеби үлгілерінде күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын көреміз: ер, батыр, қыз, сұлу, есіл, сері, бай сияқты атрибуттар жалқы есімнің тұрақты компоненті болып, оның алдынан да (Ер Тарғын, Ер Сайын, Қыз Құртқа, Қыз Жібек, Сал Біржан), соңынанда (Маман бай, Баян сұлу, Қамбар батыр, Ақан сері) келе беретінін білеміз.
XII ғасырдың орта кезі мен XIII ғасырдың бас кезінде өмір сүрген 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет