Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді



бет8/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ

Хосрау уа Ширин» мен «Мухаббатнама», «Гүлстан», «ЖүсіпЗылиха» туындыларына соқпай кетуге болмайды.
«Хосрау уа Ширин» – поэтикалык туынды, авторы – Еділ бойындағы Сарай қаласында туып-өскен Құтб. Поэма, сірә, Ақ Орданың орталығы Сығанақта жазылған болу керек (А.Ибатов). Зерттеушілердің талдауларына қарағанда, поэти- калық ерекшелігі жағынан «Құтадғу білікке» жуық келеді. Тілін бірқатар ғалымдар Алтын Орда уәлаятының әдеби тілі (А.Н.Самойлович) десе, енді бірсыпырасы Орта Азиядағы оғұз-қыпшақ әдеби тілі (Ә.Нәжіп) деп санайды. Дастанның бізге жеткен жалғыз көшірме қолжазбасының мәтінін жария- лап, сөздігін жасаған және лексика-морфологиялық ерекше- ліктерін жақсы зерттеген поляк ғалымы А.Зайончковский оны қыпшақ тілінің әдеби мұрасы деп таниды.
Бұл дастанды Низамидің парсы тіліндегі осылайша аталған поэмасынан еркін аударылған (Е.Э.Бертельс), жартылай оригиналды дербес шығарма (Ә.Нәжіп) деп танушылар бар.
«Хосрау уа Ширин» дастаны 4740 бәйіттен (өлеңнен) тұрады. Бұл ескерткішке қазақ зерттеушілері де қатты назар аударды. А.Ибатов дастанның сөздігін жасап, сөз жиілігінің статистикасын көрсетіп, оның лексикалық қазынасы мен фра- зеологиялық байлығының қазақ тіліне мейлінше жақын тұрғандығын көрсетті. Ол А.Н.Самойлович, Ә.Нәжіп, А.М.Щербак, Э.Фазыловтардың пікірін қостап, Құтбтың дастаны Алтын Орда аймағында пайда болған аралас тілдік сипаттағы әдеби үлгіде, қыпшақ тілінің негізінде жазылған, бірақ оғыз тілінің әсері мен қараханидтік әдеби тіл дәстүріне ұрынған деген Ә.Нәжіптің тұжырымын қостайды.
Әдеби тілдік белгінің бірі – бейнелі және тұрақты фразео- логизмдердің дәстүрлі мол қоры болса, бұл жөнінен «Хосрау уа Ширин» мәтініндегі: авара қыл (әуре қыл-), ай йуз, ант іч-, ат қоймақ (ат қою, жолға шығу), ачы сөзлүк, бағры күйді, бағырын тілді, бел бағлады, бойнын үзді (өлтірді), еліг тұт— (қол беру, мақұлдау), жан берді, жандан кечті, жаны ұчты, йаман ат (жаманат), йар болды, йеріне йеткүрді, йол тартты, йүзіні йыртты, йүрәкін қан қылды, күні туғды (күні туды), көңлі тарықты, қадғу йұтты (қайғы жұтты), қан төкті, қол қувшурды, құлақ тұтты, көңүлгә от салды, сүчүк тілліг (тәтті тілді), түн қатты, тілі ачығ (тілі ащы), тілі татлығ, чічәктек солды (гүлдей солды), екі сөзлүг, ічі күйді, ічінгә от түшті сияқты тұрақты тіркестер халық тілінде өте әріден келе жатқандығын, бұлардың қазіргі тілдерде (мысалы, қазақ тілінде) жалғасын тапқаңдығын көреміз.
Сондай-ақ мағыналары жағынан бір-біріне жуыспайтын сөздерді тіркестіріп, образды фразеологизмдер жасау да әдеби тілдің бір тәсілі болса, олардың қазақ тіліндегі сынық көңіл, көңіл құсы, көңілдің айнасы, ақыл тізігіні сияқты типтерін де Құтб дастанынан табамыз: біліг қамчысыны елга алыб (білім қамшысын қолға алып), бағырдан суғарыб бу жан бағыны (бауырдан суарып бұл жанның бағын) т.т.
«

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет