Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді



бет7/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
-у/-ү, -ы/-і жұрнақтарымен жасалған үстеулердің жоқтығы (өтрү «содан соң», ашну «бұрын», екіләйу «екі рет» дегендер сияқты), шағатай тілі мен Шығыс Түркістан ескерткіштері тіліне тән көмектес септіктің ын/-ін, -ун/-үн жалғаулары арқылы жасалған үстеулердің жоқтығы (күндүзін, йалғузун) – осылардың баршасы морфология саласында Ясауи тілінің қыпшақ тілдеріне, оның ішінде де қазақ тіліне жақын екендігін көрсетеді.
Етістік тұлғаларының, оның есімше, көсемше категория- ларының берілуінде де Ясауи тілі, Әмір Нәжіп айтқандай, қазақ тіліне келіп ұласады: мұнда есімшенің өткен шақ тұлғасы негізінен ған/-ген жұрнағымен келеді, мыш жұрнақты түрі өте сирек, есімшенің шығыс түркістандық жәдігерліктер тіліне тән ғлы/-қлы, -дағы/-тағы, ығчақ /-ігсек жұрнақты түрлері мұнда жоқ. Бұйрық райдың II жақтағы —ғыл/-ғын аффиксті түрлері негізінен Алтын Орда ескерткіштері тіліне тән екені белгілі, ал бұл тұлға «Хикметтер» тексінде де кездеседі, бұл тұлғалар кейін қазақтың ауызша тараған әдеби тілінде де, ескі жазба тілінде де жалғасын тапқан. Әрине, морфологиялық категориялардың берілу амалдарында Ясауи тілі мен қазақ әдеби тілінің арасында өзгешеліктер жоқ емес, едәуір бар (олар жөнінде Ясауи мұрасының қолжазба нұсқалары мен басылымдарының тілін нақты талдап зерттегеннен кейін санамалап көрсетіп беруге болады).
Сөйтіп, лексика-грамматикалық сипатына қарап, Ясауи «Хикметтерінің» тілін қазақ әдеби тілдерінің бастау көздері- нің бірі, тіпті бірегейі деп түюге болады. Күні кешеге дейін, ертеректе қолжазбалар арқылы, кейінгі ғасырларда (XIX-XX ғ.) кітап болып басылу арқылы әрі ислам дінінің халық идеоло- гиясына жақын суфизм ағымын насихаттау үшін, әрі мұсыл- манша оқу-ағарту ісінде оқу құралы ретінде жиі пайдалан- ғандықтан, Ясауидің өз шығармалары да, оның көп шәкірттері- нің бірі – Сүлеймен Бақырғанидың (оны «Хакім ата» деп те атаған) өлеңдері де әуелі қазақ халқын құраған ру-тайпалар арасында, кейін қазақ қауымында, өзге түркі ескерткіштеріне қарағанда, кеңірек тараған. Сондықтан мұндағы дінге қатысты немесе абстракт ұғым атауы болып келетін араб, парсы сөздері қазақ тілінен орын алып, орныға түскен. Мысалы, тариқат («жол» – Алланы танудың үш дәрежесінің бірінің атауы), хақиқат (танымның жоғарғы дәрежесінің атауы), шари’ат (мұсылмандардың заң кодексі), зикр, пір, мүнажат т.с. жеке сөздер мен Хақ нұры, хас үмметі, екі’алам, бір Хұда, йалғуз Хақ, он секіз мың’алам, қийамат тауы, сахар уақты, йаруқ дунийа, Субхан игә тәрізді тіркестер қазақ тіліне Ясауи мен Бақырғанидың хикметтерінің таралуымен енген.
Қазақ әдеби тілінің бастау көздерін сөз еткенде, XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда дәуірінің ескерткіштері – «

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет