Мұқаң үйіне түс кезінде келдім.Мұқаң күтіп отыр екен. Екеуміз құшақтаса кеттік. Ол мені көптен көрмеген туысындай құшақтап, сүйіп жатыр.
– Мен сені жақсы көретін, сүйсінетін едім. Дос-жар көңілмен қарайтыныңды да білетін едім... Сөйткен сенің, айтыста бет-жүзге қарамай сынағаныңа қатты өкпеледім... Сынау керек, сынағаның жөн, бірақ, сынды сабау құралына айналдыруға болмайды... Бұл жолы саған тағы бір разы болғаным, сенің газет арқылы кешірім сүрағаның. Сен кешірімді маған келіп, менен ғана сұраған жоқсың, оны пәленбай мың оқушы жұртшылықтың алдында газет арқылы сұрадың ғой. Міне, мұның нағыз жігіттік. Біреуден біреудің кешірім сұрауы бір басқа, ал сол кешірімді көпшіліктің алдында сұрау бір басқа. Сені кешірім сұрады деп кішірейтпеймін, қайта оныңды білгендік деп түсінемін. Енді көңілімде еш кірбің жоқ, өкпе-араздығым жоқ. Мен сенің хатыңа жауап берем және оны өз қолыммен жазамын,– деді», – деп бізге де әңгімелеп беріп еді.
Мұхтар Әуезовтің «Мәлікке хаты» «Қазақ әдебиеті» газетінің 1955 жылғы қараша айындағы №45 санында жарияланды. Біз арлы ұстаздың арылуын түсіндік, келер ұрпақ та кешіріммен қабылдаса екен деген де тілек бар.
Осы талқылаудан кейін М.Әуезов А.А.Фадеевке жолдаған хатында жауапты қызметтегі (М.Ғабдуллин институттың ректоры қызметін атқаратын) ғалымдар өзін жауапкершіліктен құтылу үшін «мұны ұстап беруге барынша тырысып жүргенін баса айтты.
М.Әуезов (жалғасы): «Екінші, өзінің фольклор тақырыбына арналған және өткендегі өзге де еңбектерінде буржуазиялық-ұлтшылдық бағытта көптеген өрескел саяси қателіктер жіберген, соның ауыртпашылығын күнәсінің салмағы бұрыннан белгілі маған аудара салуға тырысып жүрген сыңаржақ бағыттағы ауқымды бір топ адамдар бар. Бұл адамдар: не ана, не мына тақырып бойынша алғаш пікір білдірген адамның ықпалында кетіп, қателікке ұрындық-мыс деп ұйымдасқан түрде мені нұсқайды. Сонымен қатар, партия мүшесі, аса жауапты қызметке ие, ғылым мен әдебиет майданында ондаған, одан да көп жылдар бойы істеп келе жатқан бұл адамдар: алғашқы қателескен адамды көрсету арқылы олар жауапкершіліктен құтылады, бұл олардың кінәсін жеңілдетеді – деп қарайды. Бірақ та, бұл адамдардың қателігі менің қателігімнен де үлкен әрі зиянды, олар тек мақала ғана жазумен шектелген жоқ, мектепке арналған оқулықтар жазды, хрестоматиялар құрастырды, бірігіп мектепке, вуздарға арналған (ұзақ жылдар бойы оқулықтың орынын алмастырып келген) бағдарламалар жасады, олар көптеген жылдар бойы, осы күнге дейін осы авторлық құрамды сақтай отырып өздерінің осы ұжымдық еңбектерін қайталап бастырып келеді»,– деп шағынды.
Баяндамашы Мәлік Ғабдуллинді өзінің басына тікелей қауіп төндіріп отырған дұшпан пиғылды адам ретінде қабылдады. Оған хаттағы мына сөздер дәлел.
Мұхтар Әуезов (жалғасы): «Алайда, талқылаулардағы, жиналыстардағы сөздерінде аталған адамдар біреулердің кінәсін жеңілдетіп, екіншісінің кінәсін ауырлатып, соның ішінде менің кінәмді ҚазГУ-дің ректорының бұйрығы сияқты талқандай көрсетумен келеді. Өзіме деген әділдікті ғана талап ете отырып, менің қаламымнан 21 пьеса, бірнеше роман, бірқатар повесть, көптеген әңгімелер шыққанын еске сала кетемін. Көрсетілген пьесалардың жартысынан астамы кеңестік тақырыпқа арналған, бұлардың көпшілігі қазақ театрларында тұрақты қойылды. Мен бұл арада Абай туралы романдар тізбегіне тоқталып жатпаймын. Бір ғана айтарым, менің интеллектулды-шығармашылық ізденісімнің ірі туындылары болып саналатын ірі шығармаларымның жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, олар ұлтшылдықты насихаттайтын кітаптар болып саналмайды. Керісінше, олардың ең басты жетістігі, олардың ең қасиетті мәні – орыс мәдениетіне, орыс халқына деген терең де шынайы махаббат пен құрметте, яғни, қазақ ұлтшылдығына белсенді түрде қарсы тұрғандығында. Менің ұзақ жылдардан бергі еңбегімнің ең мәнді жақтары туралы үнсіз қала отырып, жүгенсіз саяси айып таға отырып, бұл адамдар менің жеке басыма аяусыз зорлық көрсетіп отыр, сол арқылы адал да ізденгіш кеңес жазушысына, маған – бүгінгі жауапты шығармашылық жұмысыммен айналысуыма зор кедергі жасап отыр»,– деп шағынды.
Бұл өкпе 1956 жылы 11 маусымы күні тарқады.
М.Ғабдуллин: «Уақыт өте берді. Келесі бір мәжілістес болып бас қосқанда Мұқаң жаңа ғана баспаханадан келген «Абай жолын» маған сыйлық етті. Кітаптың ішкі бетіне өз қолымен: «Кірбіңі кеткен көңілден…» – деп жазып берді. Ал бұл автографтың мәні мен сыры жоғарыда айтылған еді».
Төл шәкірті, бауырына тартқан бауыры С.Негимовтің:
Достарыңызбен бөлісу: |