Тұрсынова Г. Т



бет86/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180

Пысықтауыш




Пысықтауыш сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін) анықтайтын мүше.

Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай?

қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады





Үстеу

Ол ілгері басты.

Барыс, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздер

Балапандардың даусы таяудан естіледі.

Есім сөздер

Ол екі сөйлемейтін.

Еліктеу сөз

Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.

Көсемше

Анасы баласының жүзіне мейірлене қарады.



Пысықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:

Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.

Күрделі пысықтауыш –кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.

Үйірлі пысықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.

Пысықтауыш мағынасына қарай үшке бөлінеді:



Түрі

Ережесі

Сұрағы

Мекен

Іс-әрекеттің болу орнын мекенін білдіреді

қайда? қайдан? қалай қарай?

Мезгіл

Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.

қашан? қашаннан бері?

Себеп-салдар

Іс-әрекеттің себебін білдіреді.

неліктен? не үшін? неге?

Сын -қимыл

Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді.

қалай? қалайша? қайтіп?

Мақсат

Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді

неге? не мақсатпен?

Мөлшер

Іс-әрекеттің мөлшерін білдіреді.

қалай? қанша?



326-тапсырма. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар. Пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңызды табыңыздар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-түстан, артта, арнайы, үйрену үшін, едәуір, жатпай-тұрмай, күмілжіп, шұрқ-шұрқ, қорыққандықтан, сонша, бірен-саран.



327-тапсырма. Берілген үлгіге қарап, өздеріңіз ойдан сөйлемдер құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.



Сөйлем









. .



Алыстағы таулар, адырлар қараңғы кеште көрінбейді.

(С.Сейфуллин)



+



+

+

+





+



328-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден пысықтауыштарды табыңыздар.

Ол бүгін келеді. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасарға келе жатты. Әжесі үйде қалды. Біз қала маңынан келдік. Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім. Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-сылқ күлді.



329-тапсырма. Мәтінді оқып, пысықтауыштарды табыңыздар.

Мұнай және газ кендерінің сулары – жер қыртысының әр түрлі қабаттарында мұнаймен және газбен бірге кездесетін сулар. Сусыз мұнай мен газ кені жоқ. Кен орындарының қалыптасуына немесе бұзылып шайылуына жер асты сулары әсер етеді. мұнай және газ кендерінің сулары әдетте тұзды, тұздық болып келеді. Бұл сулар жер астында өзара алмасып жату жағдайына қарай төртке бөлінеді: шеткі шектес, астыңғы, үстіңгі шектес, аралас сулар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет