Түрлері
|
Мысалдар
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі
|
Екі, төрт, елу, қырық
|
Туынды
|
Бірінші, екеу, бірер, елудей
|
Құрамына қарай
|
Дара
|
Бір,екі, бес, жүз, мың
|
Күрделі
|
Он бес, бес жүз, бір мың елу
|
Мағынасына қарай
|
Есептік
|
Бір, екі,жүз, мың
|
Реттік
|
Бірінші, жүзінші, мыңыншы
|
Жинақтық
|
Біреу, екеу, үшеу, бесеу
|
Топтау
|
Оннан, мыңнан, екі-екіден
|
Болжалдық
|
Елудей, бірер, мыңдап, жүздеген
|
Бөлшектік
|
Үштен бір, екі бүтін оннан екі
|
Сан есімнің мағыналық түрлері
Түрлері
|
Сұрақтары
|
Жасалу жолдары
|
Мысалдар
|
Есептік сан есімдер
|
Қанша? Неше?
|
|
бір, екі,үш, төрт, бес, тоғыз, он, жиырма, отыз, елу, сексен тоқсан, жүз, алты жүз, бес мың
|
Реттік сан есімдер
|
Нешінші?
Қаншасыншы?
|
-ыншы,-інші,-ншы,нші
|
бірінші, оныншы, екінші алтыншы, жүзінші
|
Жинақтық сан есімдер
|
Нешеу?
|
-ау,-еу
|
біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
|
Болжалдық сан есімдер
|
Қанша? Неше?
Қаншадай?
Нешеге жуық?
|
-дай,-дей,-тай,-тей -даған,-деген,таған,-теген,
-ер, -лап, -леп,-дап,деп, -тап,-теп
|
елудей, отыздай ондаған, жүздеген, бірер, жүздеп, ондап, елулеп, мыңдап
|
Топтау сан есім
|
Нешеден?
Қаншадан?
|
-дан,-ден,-тан,-тен,нан,-нен
|
бестен, оннан, жүзден, он алтыдан, екі-екіден, жүзжүзден, бір литрден
|
Бөлшектік сан есім
|
Қанша? Неше?
|
Есептік+шығыс септігі
Жарты, жарым, ширек
|
оннан бір бір бүтін бестен үш мың жарым жүздің жартысы
| Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
|
Ереже
|
Анықтауыш
|
Сан есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. (Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті.)
|
Бастауыш
|
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. (Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.)
|
Толықтауыш
|
Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады. (Екеуінен
үйренгенің саған жетеді.)
|
Пысықтауыш
|
Сын есім етістікпен тіркесіп, іс-
әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады. (Ат баспаймын деген жерін үш рет басады.)
|
Баяндауыш
|
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. Сен үйдің бесіншісісің.
|
217-тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімнің түрлерін ажыратыңыздар.
Кенді Алтайдағы полиметалл кенін пайдаланып, Өскеменде қорғасын- мырыш, титан-магний комбинаты жұмыс істейді. Комбинат – шығаратын өнімі мен технологиялық деңгейі жөнінен түсті металлургия саласындағы ең жақсы дамыған кәсіпорындардың бірі.
Республикамыздың оңтүстік бөлігіндегі Қаратау тауларындағы Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніне негізделіп Шымкент қорғасын зауыты салынған. Шымкент қорғасын зауытында 1991 жылға дейін өнімнің 25 түрі өндіріліп, шикізаттан 14 элемент алынса, қазіргі кезде өнімнің 15 түрі өндіріліп, шикізаттан 9 элемент алынады. Жоңғар Алатауында Текелі, Орталық Қазақстанда Жәйрәм, полиметалл кен байыту комбинаттары жұмыс істейді.
218-тапсырма. Төмендегі мәтіннен сан есімдерді тіркескен сөздерімен теріп жазыңыздар.
Қазақстанға әлемдік 4 млн т уран қорының 26%-ы тура келіп, Аустралиядан кейін екінші орынды иеленеді. Елімізге ТМД елдері уран қорының 56%-ы тиесілі. Уран Оңтүстік Қазақстан облысының Іңкәр , т.б кен орындарында өндіріледі, Ақмола, Маңғыстау облыстары және Алматы облысының төменгі Іле маңында да кездеседі. Қазақстанда қазір жылына 9 мың т уран өндіріліп, «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы әлемдегі үш уран өндіруші ірі компанияның біріне айналды. Бұл компания тек уранды және оның қосылыстарын ғана емес, сонымен бірге бериллий және тантал өнімдерін өндіреді. Сондай-ақ атом электр стансылары үшін отынды экспорттауда жетекші орын алады.
219-тапсырма. Төменде берілген қазақтың байырғы өлшем бірліктері туралы мәліметтерді оқып, олардың қолданылу аясына түсінік беріңіздер.
Байырғы өлшем бірліктері
|
Қазіргі мазмұны
|
Қолданылу аясы
|
Адым, қадым
|
Екі аяқ арасының жай жүргендегі алшақтығы
|
Қарға адым жер мұң болды (сөйлемде)
|
Тулақтай
|
|
Мал терісінің көлемі
|
Бір танап жер
|
Гектардың 6-дан 1 бөлігі
|
|
Бір жұтым
|
Ауыз толтырып
бірішерлік (су, сүт,
т.б.)
|
|
Бір шелек (су, сүт,
т.б.)
|
10 литр (көлеміне қарай)
|
|
Бір торсық (айран)
|
6-7 литр
|
|
Бір саба (қымыз)
|
40-45 литр
|
|
Бір қап (ұн, қант)
|
50-60 кг
|
|
Бір арқа (жүк)
|
45-50 кг
|
|
Найза қап, қанар
|
70-80 кг
|
|
Бір құлақ су
|
3-4 текше метр
|
|
Қадақ
|
200 грамм
|
|
Шақырым
|
1000 метр
|
|
Дауыс жетер жер
|
2-3 шақырым
|
|
Ат шаптырым жер
|
20-35 шақырым
|
|
220-тапсырма. Қазақ халқының киелі 7, 9, 12, 40 сандарына байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп, сан, зат, қимыл ұғымдарының мәнін ашыңыздар.
Үлгі: Киелі 7:
І. Жеті ата:
|
|
|
ІІ. Жеті күн:
|
Әке
|
|
|
|
Бүгін
|
Бала
|
|
|
|
Ертең
|
Немере
|
|
|
|
Бүрсігүні
|
Шөбере
|
|
|
|
Арғы күн
|
Шөпшек
|
|
|
|
Ауыр күн
|
Немене
|
|
|
|
Соңғы күн
|
Туажат
|
|
|
|
Азына
|
ІІІ. Жеті жұт:
|
|
IV. жеті ғалам:
|
Құрғақшылық
|
|
Күншығыс
|
Өрт
|
|
Күнбатыс
|
Оба (ауру)
|
|
Түстік
|
Соғыс
|
|
Терістік
|
Топан су
|
|
Аспан (жоғарғы ғалам)
|
Зілзала (жер сілкіну)
|
|
Жер ( орта ғалам)
|
Жұт (мал қырылу)
|
|
Жер асты (төменгі ғалам)
|
V. Жеті жоқ:
|
|
VI. Жеті қат көк:
|
Аспанда тіреуіш
|
|
Ай
|
Жерде өлшеуіш
|
|
Меркурий
|
Таста тамыр
|
|
Шолпан
|
Аққуда сүт
|
|
Күн
|
Жылқыда өт
|
|
Марс
|
Аллада бауыр
|
|
Юпитер
|
Тасбақада талақ.
VII. Жеті қазына:
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы (ит).
|
|
Сатурн.
|
221-тапсырма. Әріптік сөзжұмбақтарда қазақтың байырғы өлшем бірліктері берілген. Бірнеше өлшем атауларын тауып, мәндерін түсіндіріңіздер.
222-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдердің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанының астын сызып көрсетіңіздер.
Телекоммуникацияның техникалық базасы – 637 қалалық және 2,8 мың ауылдық, 19 автоматтандырылған халықаралық стансылардан тұрады. Ғылымитехникалық прогрестің өркендеуіне байланысты ұялы байланыс және Интернет арқылы байланысу жүйесі қалыптасқан.
Республика көлігі құрылымындағы өзгерістер негізінде меншіктің түрлі формаларын жасау және кеңейту, (теңіз, теміржол, ауданаралық автомобиль, халықаралық әуе және құбыр жолдарын), сондай-ақ халықаралық технологиямен байланысты дамыту – бірінші кезектегі мәселе. Қазіргі кезде республика алдында тұрған міндет – барлық мүмкіндікті пайдаланып алыс шетелдерге шығатын құбыр жолдарын жасау.
Есімдік
Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы.
Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:
|
Ереже
|
мысал
|
Жіктеу
|
Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын
есімдіктің түрі
|
Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
|
Сілтеу
|
Нұсқау және көрсету мағыналарын
білдіреді
|
Сол, мынау, аналар, міне т.б.
|
Сұрау
|
Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер
жатады.)
|
Кім? не? неше? қайда? неге? т.б.
|
Өздік
|
Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.
|
Өз, өзім,
өзіміздің, өз-өзіне
|
Жалпылау
|
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің
түрі
|
Барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс, т.б.
|
Белгісіздік
|
Затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жора-малдап көрсететін есімдік түрі.
|
Кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқандай т.б.
|
Болымсыздық
|
Болымсыздық мағына-ны білдіретін
есімдіктің түрі
|
Еш+(кім, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме.
|
Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:
Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау, т.б.
Күрделі есімдік екі түбірден жасалады.
Мысалы: кімді-кім, әлдеқашан, әркім, ешбір, т.б.
Есімдіктің септелуі
Атау
|
Мен
|
ол
|
Ілік
|
Менің
|
оның
|
Барыс
|
Маған
|
оған
|
Табыс
|
Мені
|
оны
|
Жатыс
|
Менде
|
онда
|
Шығыс
|
Менен
|
одан
|
Көмектес
|
Менімен
|
онымен
|
Есімдіктің тәуелденуі
|
|
Ол
|
өз
|
Жекеше
|
Менің
|
Оным
|
өзім
|
Сенің
|
Оның
|
өзің
|
Сіздің
|
оныңыз
|
өзіңіз
|
Оның
|
онысы
|
өзі
|
Көпше
|
Біздің
|
онымыз
|
өзіміз
|
Сендердің
|
олардың
|
өздерің
|
Сіздердің
|
оларыңыз
|
өздеріңіз
|
Олардың
|
олары
|
өздері
|
223-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, есімдіктердің түрлерін ажыратыңыздар.
Елімізде өндірілетін электр энергиясының 8%-ы су электр стансыларына тиесілі. Мұндай стансылар, әсіресе республиканың таулы аудандарындағы өзендердің құлау күшін пайдалануға негізделген. Қазақстанның су энергетикалық ресурстары жылына 160млрд кВт * сағ электр энергиясын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан су электр энергиясын өндіруде Ресейден, Тәжікстаннан кейінгі үшінші орында. Су ресурстары әркелкі таралған, оның басымы Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында. Су электр энергиясын өндіру отын ресурсына жақын орналасқан жағдайда тиімді болады. Бірақ су электр стансыларының құрылысы ұзақ мерзімді алады және технологиялық жабдықтарды көп қажет етеді. Мұндай стансалар дер кезінде тез іске қосылады, әрі сенімді. Негізгі жұмысын жаз мезгілінде істейтін су электр стансаларының өндірген энергиясының өзіндік құны төмен болады.
Су электр стансалары Ертіс өзені мен оның салаларында салынған. Мұнда Ертіс, Бұқтырма, Өскемен және ең қуатты 1,3 млн кВт Шүлбі су электр стансасы жұмыс істеуде. Кенді Алтайдың таулы өзендерінде Үлбі, Хайрюзовск, Тургусунск, Тишинск шағын су электр стансалары бар.
224-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, есімдіктердің қай түрі екенін анықтаңыздар.
Менің мамандығым – машина жасау технологиясы. Мен бұл мамандық бойынша өндірісте машина жасау заводында инженер-технолог болып жұмыс істеймін. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу институтында инженер-жобалаушы /конструктор/ болып жұмыс істеуге болады. Автопаркте инженер-механик болуға мүмкіндік бар. Бұл мамандық кең салада қолданылады. Зауыттың барлық цехтарына орналасуға болады. Біздің мамандық бойынша міндетіміз – бөлшектердің сызбасын даярлау, қажетті материалдарды іріктеу, таңдап алу, оның жасалу дәлдігін есептеу, сызбаларды есептеу, қабылдап алу, автопаркте машиналарды бөлшектермен қамтамасыз ету, техникалық байқаудан өткізу. Мамандығым өзіме ұнайды.
225-тапсырма. Мәтінді оқып, жалпылау есімдіктерін табыңыздар.
Машина жасау кешені дегеніміз – шаруашылықтың барлық салалары үшін құрал-жабдық,сондай-ақ халық тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы.
Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуде және еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын – білдектерді, көлік аппараттары мен аспаптарды, ауылшаруашылық машиналарын жасап шығарады. Машина жасау – өнеркәсіптің өзекті саласы. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Машина жасау кешені республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші рөл атқарады.
226-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша есімдіктердің астын сызыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |