Тұрсынова Г. Т


Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен



бет51/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   180

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен


Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ол үшін адамдарға шамаң жеткенше жақсылық істе. Жамандық жасау әркімнің қолынан келеді. Жақсылық жасау ілуде біреудің ғана қолынан келетінін ұмытпа. Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп іштей қуаныш ет. Жаман ісіңе қайғырып, Алладан қайырымдылық сұра. Бұл – имандылықтың белгісі.



227-тапсырма. Мәтінді оқып, есімдіктерге талдау жасаңыздар.


Итбалықтың ойығы


Қалыңдығы 3 метр мұздың астынан итбалық сыртқа қарай ойып шығады екен деген мәселе әркімді ойландырады. Бір топ зерттеушілер итбалықтың осы сырын іздестіріп тапты. Күзден, су қата бастаған кезден бастап, итбалық ойық жасайтын жерді таңдап алады екен де, оны өзінің тұмсығымен бұрғылай береді екен. Оның үстіне демімен және денесінің қызуымен ойықты қатырмайды екен. Ойық әбден дайын болған соң оған итбалық әлсін-әлсін келіп жөндеп тұрады екен. Әр итбалықтың осындай бірнеше ойығы болатын көрінеді.



228-тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

Свой народ, свой человек, свой дом, свой сад, свои силы, своя экономика, своя машина, свои деньги, свои вещи, своя семья, свой сын, как свои пять пальцев, мы воспоминаем о своих хороших обрядах и обычаях.



229-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

  1. Мен онымен ешқашан........

  2. Өз мініңді ешқашан да.......

  3. Сөзіңді ешкім тыңдамаса......

  4. ... .... ...., ешқайсысы жауап бермеді.

  5. ... .... ешқандай жаңалық болған жоқ.

  6. Ешкім келмесе де, .....

  7. Ол ешкіммен ешқашан ....



230-тапсырма. Есімдіктерді мағыналарына қарай топ-топқа ажыратып, бөліп жазыңыздар.

Мен, қанша, ешкім, өз, әлдеқашан, бәрі, әркім, кейбір, қашан, барша, ешбір, қайсы, күллі, сен, қалай, анау, біреу, ешқашан, бар, неше, барлық, ешқандай, дәнеме, мына, әлдеқалай, әлдекім, әрбір, осы, өзім, ол, қалай.



231-тапсырма. Аталы сөздерді оқып, есімдіктерді ажыратыңыздар.

  1. Бүкіл азаматтың келешегі жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты.

  2. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.

(Ғ. Мүсірепов)

Адамның қолынан келмейтін еш нәрсе жоқ.



(Абай Құнанбаев)

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.



(Ыбырай Алтынсарин )

Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек.

Халықтың игі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл атабабамызды, тарихымызды ұмыту.



(Бауыржан Момышұлы)

Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат.



(Әл-Фараби)

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап алады.



(Шыңғыс Айтматов)

... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай да береді.



(Қаныш Сәтбаев)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет