ТУҒан тіл / №1 (20), 2014 Редакция алқасы


Сақтар және олардың тіл-жазуы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата06.03.2017
өлшемі11,93 Mb.
#8499
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Сақтар және олардың тіл-жазуы 

Еліміздің  ежелгі  замандағы  жылнамалары  мен  номдарында  Сақ  тайпалары  Сайжҧң  (

塞种), 


шыжҧң  (

释种),  шимо  (西膜)   шыжия  (释迦)  тҥрінде  кездеседі.  «Мутиянзының  өмір  баяны» 

穆天资传») атты еңбекте патша Жумууаң заманымыздан бҧрынғы 9-ғасырда Батыс жаққа сапарға 



шыққан  жолында  Шимо  тайпаларына  және  олардың  көсемі  Шимоуаңға  кездескені  айтылады.  Аға 

зерттеуші Нығмет Мыңжанҧлы осы аңызда айтылған Шимо тайпаларын  «Орта Азия өңірінде өмір 

сҥрген көшпелі Сақ тайпалары еді» дейді.

1

 Таң патшалығы дәуірінде Яншиго жазған «Ханнама. Жаң 



чиян,  Ли  гуаңли  өмір  баяны»  атты  кітапта  Сәк  (Сақ)  қауымы  деген  сөзге  берілген  ескертуде: 

«...Батыс өңірдегі мемлекет аты, Сақтар бодда номдарында шыжұң деп те аталған. Сәк, сай, ши 

деген  әріптердің  оқылуы  бір-біріне  ұқсап  кетеді.  Олар  тегіндегі  бір  атты  көрсетеді»  деген.

2

 



                                                           

1

 



Нығымет Мыңжанҧлы «Қазақ тілі тарихына қысқаша шолу» «Шинжияң университеті ғылыми мақалалар 

жинағы» 


-жыл  -беті. 

2

 



 «

汉书»  中华书局第2692页。

 


ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

 



Ханнама  -бумасы Батыс өңір баянында ( ) «Үйсін елінің... Шығысы Ғұндармен, Батыс терістігі 

Қаңлы,  батысы  дад-уан,  түстігі  қала-кентты  елдермен  жапсарлас.  Бұл  тегінде  Сақтардың  ата 

қонысы еді, кейін Ұлы иүзілер Сақтарды талқандап, олардың ханын қуып жібереді, Сақтардың ханы 

оңтүстікке кетіп, Болор тауларынан ары асып кеткен соң, бұл жерге Ұлы иүзілер орын теуіп алды. 

Кейін кезек айналып, Үйсіннің күнбиі Ұлы иүзілерді талқандады. Ұлы иүзілер батыстағы Бәктірия 

еліне  қарай  жосып,  Бәктірия  ханын  бажағына  айналдырды.  Сонымен  Үйсін  күнбиі  ол  жерлерді 

қайта  басып  қалды.  Үйсіндердің  арасында  Сақтардың,  Ұлы  иүзілердің  нәсілі  болатынының  себебі 

міне осы»

3

 деп Сақтардың кейіннен Ҥйсін бірлестігінің қҧрамына енгендігін айтады. 

Ежелгі  заманда  Орта  Азия  өңірін  мекен  еткен  Сақ  тайпалары  туралы  тарихи  деректер  сол 

замандағы  Парсы  және  Грек  авторларының  жазба  мәліметтерінде  де  сақталған.  Ежелгі  Грек 

тарихшылары оларды «Азиялық Скифтер» деп атаса, Парсы тарихшылары оларды «Сақ» деп атаған. 

Ахменид  Иранның  сына  жазу  мәтіндерінде  оның  ішінде  нәкшир  ҥстемдігі  жазуында  Сақ 

тайпаларының  ҥш  тобы  айтылады.  Олар:  Хаомоаврга  Сақтары  (хаомо  ішімдігін  істейтін  Сақтар), 

Прадария Сақтары (теңіздің ар жағындағы Сақтар) және де Тиграхауда Сақтары (шошақ төбелі тымақ 

киетін Сақтар) деп аталады. 

Қазақ  тарихын  зерттеген  тарихшы,  этнограф,  антрополог,  археолог  ғалымдардың  бірсыпырасы 

Қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі Сақ тайпаларынан шыққан 

дейді.  Әйгілі  ғалым  А.Н.Бернштам  Қазақтың  атын  Сақтармен  байланыстырады.  Ол:  «Қазақ»  деген 

сөз ерте замандағы «қаспи» және «сақ» деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни қаспи  – сақ, 

қас – сақ, қазақ болған деп тҧжырымдайды.

4

 Тарихшы М.Ақынжанов «Қазақ» деген сөз «қас» (нағыз), 



«сақ»  (тайпа  аты)  деген  екі  сөзден  «қас  сақ»  (нағыз  сақ)  дегеннен  шыққан.    «Қазақтар  –  Тҥркі  – 

Моңғҧл тектес халықтың екі бҧтағынан (Ғҧн мен Сақ тарауынан) қҧралған ежелгі халық» дейді.

5

 

Грек және ежелгі Парсы ескерткіштерінен Сақтардың Сармат, Қарат, Асқатағ тағы басқа ру-тайпа 



аттары  және  Ширақ,  Томирис  сияқты  адам  аттары  ғана  мәлім.  Алайда  Сақтардың  тілі  жөнінде 

нақтылы  дәлел  сыпаттардың  жеткілікті  болмауы  себепті  бертінге  дейін  әртҥрлі  пікірлер  көтеріліп, 

алуан жорамалдар айтылып келген еді. Бір бөлім материалдарда «Сақтардың тілі Индо-Европа тілдері 

жҥйесінің Иран тілі тармағына жатады»

6

 делінсе, тағы бір бөлім материалдарда «Сақтардың солтҥстік 



тобы Тҥркі тілдес, ал оңтҥстік тобы Иран тілдес болған» деген болжам да айтылған.

7

 



Сақтардың  тілі және жазуы  жөніндегі  нақтылы  археологиялық  материалдар  бертінгі жылдарда 

ғана  табылып  отыр.  970-жылы  Алматы  қаласынан

шақырым  жердегі  Есік  өзенінің  сол  жақ 

жағалауындағы Есік обасынан ежелгі замандағы Жетісу Сақтарының экономикалық өмірі мен өнер-

мәдениетін  бейнелейтін  мол  мҧра  табылады.  Мҧндағы  қабырда  басын  батысқа  беріп  шалқасынан 

жатқан  17-18  жастағы  Сақ  жауынгері  жерленген,  ол  басына  екі  жҥзден  астам  алтын  әшекеймен 

безендірілген  шошақ  төбелі  биік  (

см.)  тымақ  киген.  Бҧлардың  көбі  барыстың,  таутекенің, 

арқардың, аттың, қҧстың кескіндерімен өрнектелген, бас киімінің маңдай жағы теке мҥйізді қос аттың 

мҥсінімен және ҧзын екі қос жапырақпен, басқа да бедерлі шеттікпен безендірілген. Мойнына таққан 

бҧралған  алтын  алқаның  ҧшына  жолбарыс  бастары  бедерленген.  Оның  сыртына  киген  қызыл 

былғары мешпеті ҥш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Оның ішіне матадан тоқылған іш 

көйлек  киген.  Беліне  кесек  алтынмен  әшекейленген  қайыс  белбеу  буынып,  оң  жағына  ҧзын  темір 

семсер, сол жағына алтынмен әдемілеп аптаған темір қанжар асынған. Бҧл қабырдан және отыздай 

ыдыс шыққан. Олардың ішіндегі кҥміс зеренің сыртына екі қатар етіліп жиырма алты әріп таңбасы 

(бірінші қатарына тоғыз, екінші қатарына он жеті) ойылған екен. Ғалымдар бҧл зередегі жазуды «есік 

жазуы»  деп  атап  жҥр.  Ғ.  Мҧсабаев  қатарлы  бір  бөлім  ғалымдар  бҧндағы  жазу  таңбаларды  оңынан 

солға  қарай  оқылады,  таңбалардың  көбі  көне  Тҥркі  таңбаларына,  кейбіреулері  Арәмей  жазуларына 

ҧқсайды  деп  тҧжырымдайды.

8

  Кейіннен  есік  жазуын  арнаулы  зерттеген  қазақстандық  тіл  маманы 



Алтай Сәрсенҧлы Аманжолов мырза ондағы таңбаларды көне Тҥркі жазуы деп тҧрақтандырады әрі 

оны   


                                                           

3

 



«Жҧңго тарихнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер»  -кітап, 627, - 626, 320-бет  

 

4

 



А.Н. Бернштам шығармалары,  -бет.

 

5



 

М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» 

-жыл, Алматы.

 

6



 

 

«Жҧңго тарихнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер»  -кітап, 627, - 626, 320-бет 



 

7

 



Немат Келімбетов  «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Іле халық баспасы»,

-жыл, -беті.

 

8

 



«Қазақ Совет энциклопедиясы»  -том, 

-беті. 


 

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

 

3



 

aýa saŋa ot∫uq bez t∫øk budun it∫re(r?)azuqi деп транскрипциялап, мағынасын  «аға, саған (бҧл) ошақ! 

бөтен (жат ел адамы) тізеңді бҥк! Халықта азық-тҥлік (мол болғай) » деп аударады. Сонымен бірге ол 

және Сақ дәуіріндегі бҧл көне Тҥркі жазуы, біріншіден, адам о дҥниеге барғанда өмір сҥреді, азық-

тҥлікті  керек  етеді  деген  сенімді  білдірсе,  екіншіден,  халықтың  сыртқы  дҧшпандарды  жеңуге  бел 

байлағанын көрсетеді, ҥшіншіден, халықтың қағанағы қарық, сағанағы сарық болуға ҧмтылған тілегін 

білдіреді. Бҧл жазудың аса бір қҧндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекен еткен Сақ тайпаларының 

тілі  көне  Тҥркі  тілі  болғанын  тағы  да  нақтылы  дәлелдей  тҥседі,  сондай-ақ  Қазақстан  жеріндегі 

алғашқы  көшпелілерде  жазу-сызу  болмады-мыс  деген  дәстҥрлі  пікірдің  ешбір  негізсіз  екенін 

айқындап, бҧдан екі мың бес жҥз жыл бҧрын Тҥркі тілдес тайпалардың алфавиттік жазуды білгенін 

және оны кең тҥрде пайдаланғанын куәландырады деп тҧжырымдайды. 



Ғұндар және олардың тіл-жазуы 

Ғҧндар  –  ежелгі  замандағы  еліміздің  батыс  солтҥстігіндегі  көшпенді  ҧлыстардың  бірі.  24 

тайпадан  біріккен  көшпенді  Ғҧндардың  одағы  заманымыздан  бҧрынғы  -ғасырда  дәуірлеп, 

заманымыздың  -ғасырында ыдыраған. 

Ғҧндар  жауласқан  бектіктер  кезінде  Ян,  Жау,  Чиін  бектіктерінің  терістігінде  жасаған.  Чин 

шыхуаң алты бектікті жойғаннан кейін Ғҧндарға жорық ашып, Хуаңның тҥстік алабын тартып алады. 

Тҥмен  тәңірқҧт  кіндік  жазықтағы  соғыс  аласапыранын  пайдаланып,  біздің  заманымыздан  бҧрынғы 

-жылы осы ежелгі мекенді қайтарып алады. Содан кейін Бодҧн тәңірқҧт Ғҧн тайпаларының басын 

біріктіріп  кҥшейгендіктен,  бірсыпыра  ҧлыстарды  бағындырып,  шығыста  Лияухы  өзенінен  батыста 

Памир тауына дейінгі, солтҥстікте Байқал көліне, оңтҥстікте Ҧлы қорғанға дейінгі ҧлан-байтақ өңірге 

ҥстемдік  етеді.  Хан  әулетінің  алғашқы  жылдарында  Ғҧндар  тҥстікке  ҧдайы  шабуыл  жасап 

тҧрғандықтан Хан әулеті негізінен қорғаныстық саясат ҧстанады. Ғҧндармен қҧда болып қҧдаласады. 

Хан уди қҧба қҧмның терістігіне талай мәрте жорық ашып, Ғҧндардың кҥшін әлсіретеді. Шығыс Хан 

патшалығы Гуаң-уйдың тҧсында (біздің заманымыздың 48-жылы) Ғҧндар екіге жарылады. Тҥстікке 

беттеп Хан патшалығына ел болғандары тҥстік Ғҧндар, қҧбақҧмның терістігінде қалғандары терістік 

Ғҧндар деп аталады. Біздің заманымыздың  89-жылы Шығыс хан патшалығы мен тҥстік Ғҧндардан 

жеңілген терістік Ғҧндардың бір бөлегі кҥн батыс жаққа босып кетеді. Олар Алтай тауы мен Іле өзені 

алқабы,  Жетісу  өңірі  мен  Сырдария  бойына  келіп  қоныстанып,  жергілікті  тайпалармен  араласады. 

Жалғасты батысқа қарай ауған Ғҧндар Еділ мен Днепр өзендерінің аралығына барып табан тіреп бір 

мезгіл  дәурен  сҥрген  соң  олардың  одағы  5-ғасырда  қҧлайды.  Ғҧн  қауымы  ыдырап  әр  жерге  тарап 

кетеді. Олардың алды шығыс Еуропаға дейін барады. 

Осы Ғҧндар жөнінде яғни Ғҧндардың тегі, тарихы, тҧрмыс-тіршілігі, салт-сана, ғҧрып-әдеттері 

жөнінде,  сондай-ақ  олардың  кіндік  қағандықтары  мен  байланыстары  жөнінде  «Тарихи  жазбалар», 

«Ханнама», «Соңғы Ханнама» сияқты материалдарда бірталай қҧнды мәліметтер қалған. 

«Ханнаманың» 9 -бумасында «Ғұнның арғы тегі – Шияхоушының Зонуй деп аталатын әулеті. 

Олар Таң, Яу, Иұй, Шұн замандарынан ілгері Таулық номдар, Хамиұн, Хонүк деп аталып, терістік 

далаларында  малдың  ыңғайына  қарай  көшіп-қонып  жүрген...  Судың  тұнығын,  шөптің  шүйгінін 

қуалай қоныс аударып отырады. Қала-кент ұстамайды, тұрақты мекен жайлары болмайды және 

егін салмайды. Әйтседе, ұлыс көсемдерінің өз алдына жеке иеліктері болады. Жазу-сызуы жоқ, сөз 

байласып тілге тоқтайды... Елдігі мен тұрмыс салты қытайларға ұқсамайды, ішіп-жеуі мен тілі де 

өзгеше болады...»  делінген. Бірақ бҧл деректерде Ғҧндардың нәсілі және тілі жөнінде анық ештеңе 

айтылмаған. Сол себепті Ғҧндардың нәсілін біреулер Тҥрік десе,  енді біреулер Моңғҧл дейді, әуелі 

кейбір  батыстың  ғалымдары  оларды  Фин,  Слауян  деген  сияқты  пікірлерді  де  айтқан.  Екі  ғасырдан 

астам  уақыттан  бергі  зерттеулерде  Фин,  Слауян  деушілердің  саны  азайып,  Тҥрік  деушілердің  саны 

молайған. Ал жапондық зерттеушілердің бір бөлімі Ғҧндарды әлі де Моңғҧл нәсілді деп есептейді. 

Ғҧндарды Тҥрік нәсілді, олардың тілі Тҥрік тіліне жатады деушілердің негізі мынадай ҥш жақты 

қамтиды. 

Бірінші, Қытайдағы тарихи кітаптардағы деректер. 

«Жунаманың»  50-бумасында   «Тҥріктер  –  Ғҧндардың  бір  тармағы,  науғысы  ашына»  делінген. 

«Солтҥстік әулеттер  тарихының»  99-бумасында: «Тҥріктің арғы аталары батыс  теңізінің  оң жағын 

мекендеп,  өз  алдына  ҧлыс  қҧрды.  Олар  Ғҧндардың  бір  тармағы  болса  керек,  науғысы  ашына»  деп 

жоғарыдағы деректі ілгерілей дәлелдеген. 

Екінші, археологиялық қазбалар. 

-жылы  Моңғҧлияның  терістігіндегі  Ноян  тауынан  Ғҧндардың  қабырлары  табылады.  Осы 

қабырлардың ішіндегі  -нөмірлі қабырдан кездемеге кестеленген шаш-сақалы қалың, маңдайы кең, 


ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

 



көзі ҥлкен әрі көк тҥсті адам суреті шығады. 

-жылдарда және Қытай ғылым академиясының археология шоеюаны Шанши өлкесінің Чаң-ан 

ауданынан  Ғҧндардың  тағы  бір  қабірін  табады.  Осы  қабырдан  шыққан  мҧралардың  ішіндегі  төрт 

бҧрыш  мыс  тақтаға да шаш-сақалы  қалың,  қаңсарлы,  кҥресіп жатқан  екі  адамның суреті  сызылған 

екен. Тарихшы Жияң иынлияң мырза бҧл мҧраларды зерттей келіп: «шаш-сақалы қалың, қаңсарлы, 

көзі көк адам суреттері Ғҧндардың Тҥрік нәсілді болғандығын дәлелдейді. Моңғҧл нәсілдерде бҧндай 

ерекшеліктер болмайды»

9

 деп жазады. 



Ҥшінші, Ғҧндардың тіл-жазуы 

«Ханнаманың»  -бумасында (Батыс  өңір баянында):  «Ғұн елшілері  Тәңірқұттың  хатын  алып 



келе  қалса-ақ  болғаны,  Дад-уан  ханы  оларды  тарықтырмай,  айтқанын  екі  етпей  азық-түлікпен 

қамдау туралы бұйрық түсіріп жатады» деген дерек бар. Осыған қарағанда, Ғҧндардың өз кезінде 

жазу  мәдениеті  болғаны  өте  анық  («Қытай  тарихнамалардағы  Қазаққа  қатысты  деректер»  1-кітап, 

-беті). Мҧны археологялық қазбалар да дәлелдеп отыр. 

Археологтар  Моңғҧлияның  солтҥстігіндегі  ноян  тауындағы  Ғҧн  қабырларынан  табылған 

мҧралардың ішіндегі фарфор ыдыстың тҥбінен  ǔ ùǔ ùǔ ùǔ  

ù ǔņù сияқты таңбаларды және 1941, 

1945-1946- жылдары Қазақстан жерінен табылған Ғҧн дәуіріндегі мҧралардан ǔ ùǔ 



ùǔ өù ǔ  сияқты 

таңбаларды байқағанын айтқан. Зерттеушілер бҧл таңбалар мен белгілерді Ғҧндардың жазуы болуы 

мҥмкін деп межелеседі

10

.  



«Уйнаманың»   102  бумасында:  « Хулардың  өз  жарғылары  болды.  Оны  ғибадатханаларында 

сақтап,  біреуді  жазалауға  тура  келгенде  соны  алып  шығып  кесік  кесті»  деген.  Осыған  қарағанда, 

Хуларда  -ғасырлардан  бҧрын  жазу  болған.  «Жунаманың  -бумасында:  «Олардың  (Тҥріктердің) 

жазуы  Хулардікіне  ҧқсайды»

11

  деген.  Ғҧндарды  кіндік  қағанат  (Жҧңго)  «Ху»,  «ға»  (Ханзуша  «



胡» 

деген  сөздің  дыбыстық  аудармалары.  Автор)  деп те  атаған екен. Тарихшы  Лиінган  мырза   «екі  хан 

патшалығы тҧсындағы «Ху» сөзі Ғҧндардың арнаулы аты. Ху деген сөздің бәрі, негізінен, Ғҧндарға 

меңзес айтылған. Тіл мамандары «Ху» мен «Ғҧн» ханзу тіліндегі «

匈» деген сөздің екі тҥрлі варианты 

деп қарайды»

12

дейді.  


Тҥріктердің жазуы Хулардың жазуына ҧқсайтыны шын болса, онда Ғҧндарда өз тҧсында Көне 

Тҥрік  жазуын  қолданған  болады.  Материалдарда:  «Ғҧндар  –  Орта  Азия,  Қазақ  сахарасында  Тҥрік 

қағандығынан  бҧрын  жасаған  Тҥркі  тілдес  көшпелі  тайпалардың  арғы  тегі...  Олар  руна  жазуын 

қолданып,  оны  шығыс  Европа  мен  Орта  Азия  төңірегіне  таратты...»

13

  деген.    Бірақ  өкінерлігі  руна 



жазуымен  жазылған  Ғҧн  тіліндегі жазбалы  деректер  әлі кезікпей  отыр.  Біздің  заманымызға жеткен 

Ғҧн тілінен қалған қалдықтар тек тарихи кітаптарға тҥскен өз тҧсында ханзу тіліне дыбыстық аударма 

жасалған бір бөлім сөздер мен атаулар және «Жиннамадағы»

14

 «Хулардың бір сөйлем сөзі». 



«Жиннаманың» 

-бумасындағы  65-ғҧмырнаманың  Будда  –  дін  (

佛图澄 –  батыс  Жин 

патшалығының  соңғы  дәуірлері  мен  соңғы  Жау  патшалығы  тҧсында  өткен  сәуегей  будда  монағы. 

Автор) тармағында, мынадай оқиға баяндалған. Лю яу (?–

-жылдары өткен 16 мемлекет тҧсындағы 

алдыңғы  Жау  патшалығын  қҧрып,  318-319  жылдары  билік  жҥргізген  патшасы,  тҥстік  Ғҧндардың 

патшасы  Лю  иенің  аталас  ҧрпағы)  Лояңды  басып  алады.  Шы  лы  (Лю  яу  патшаның  қол  астында 

сардар, төре болған, кейін Лю яудан бөлектеніп соңғы Жау мемлекетінің ханы болып өзін «

大弹于» 


ҧлық тәңір қҧт – деп атаған. Оның тегі бес Худың бірі қият таспасы. Автор) қаланы қҧтқармақ болып 

жорыққа шықпақ болады. Сонда оның уәзір-санаттары қаланы алу мҥмкін емес деп кеңес береді. Ол 

Бодда-дынға  барып  бал  аштырады.  Будда-дын  дхарам  тегершігіндегі  қоңыраудан: 

秀支替戾冈,仆谷劬秃当  деген  дыбыс  қҧлағыма  келді  дейді.  Бҧндағы  бір  ауыз 

                                                           

9

江应梁主编《中国民族史》(上)第113 页。



 

10

薛宗正主编《中国新疆古代社会生活史》第89-90页。 

11

 

«Жҧңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер»  -кітап,  -,  -,  -бет.



 

12

林干著《匈奴史》第131 页



 

13

 

«Қазақ совет энциклопедиясы»  -том  

-беті. 

14

 

«Жиннама» Жиін шығыс жиін әулеттерінің тарихын (265-420) билік Баян, ғҧмырнама ҥлгісінде деректеп 

беретін тарихнама. Авторы – Фаң Шуанлиң (579-648) және басқалар қазіргі нҧсқасы Таң тайзҧң Лиі

 

Шымиіннің 

жарлығы бойынша бҧрынғы ел арасына тараған нҧсқаларына сай өңделіп жиырма екі жылда жарық көрген. Жалпы бір жҥз 

отыз бума. 



ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

 



сөздіңертедегіханзутіліндегі оқылуы: 

sǐә tǐe t'iet liet kaŋ, p'ǐwok kǒk qǐwo t'ǒk taŋ. 

Ал қазіргі ханзу тіліндегі оқылуы: 



xiù zhī tì lì gāng , pū gǔ qú tū dāng. 

«Жиннамада» және 

秀支 – жасақ, 替戾冈  – аттаныс, 仆谷 – Люяудың мекен-жайы, 劬秃当 – тҧту 

деген сөз. Сонда бҧл бір ауыз сөзден жасақты аттанысқа шығарсаң Лію яу тҧтқының болады деген 

мағына шығады деп тҥсінік берген

15

.  



Осындағы  Хулардың  бір  ауыз  сөзін 

-ғасырдан  бері  қарай  Б.Карлгрен,  Н.А.Аристов, 

В.П.Васильев, А.Ремюза, Г.И.Рамстедт қатарлы синолог ғалымдар зерттеп көрген екен. 

Бҧл тексті В.П.Васильев  

СЮЭЖУ ТИЛЭЙГЯНЪ ПУГУ ТОГОУДАН

 деп, 


А.Ремюза  

Sieoutchi  tili  kang  pou-kou  khiu  tho-tang  деп  транскрипциялаған  екен.  Бірақ  Н.А.Баскаков  бҧл 

транскрипцияларды және олардың талдауларын пәлендей сенімді емес деп есептеген.

16

 



Аристов бҧл тексті  

CУCИ СУЛЕГЕН ПУГУ ТҤТДАH

 деп транскрипциялап су көне тҥркі тіліндегі қол, жасақ, суле сҥ 

деген  тҥбірден  жасалған  етістік,  ген  өткен  шақ  есімшенің  жҧрнағы,  пугу  (бҧғы)  ҥйсін  жеріндегі 

қырғыздардың бір тайпасы, жорық соларға қаратылған болса керек деген меже айтқан. 

Қазақ ғалымы Ғ.Мҧсабаев Васильевтің транскрипциясына негізделе отырып бҧл бір ауыз сөзді  

1

. СУ-ШЫ  ТІЛЕЙ (ДІ) ЕКЕН  БΥFЫ  ТОFАУДА АҢ 



2. СУШЫ ТІЛЕЙ ҚАН БΥFЫ  КҤТЕ ДАҢ

 деп екі тҥрлі транскрипциялаған. Мағынасын қол (әскер) 

жорық тілейді, бҧғыны аулап алсаң о да даңқ, атақ деп тҧр деген. Және мәтіндегі айырым сөздерге 

талдау жасап, «қан» қазақ тілінде «қаң-ғу» тҥбірі қаң – жорық, ол келе-келе қаңғу, қаңғырту сияқты 

ҧнамсыз  мағынаға  ауысқан,  «даң»   осы  кҥнде  де  татар,  башқҧрт  тілдерінде  «дан»  делінеді.  Қазақ, 

қырғыз, қарақалпақ тілдерінде даңқ делінеді деген

17

.  


«Бір  ауыз  сөзді»  зерттеген  әр  ел  ғалымдары  мен  зерттеушілерінің  транскрипциясында  және 

ондағы  сөздердің  мағынасы  жөніндегі  талдауларында  белгілі  айырмашылықтар  жоқ  та  емес. Бірақ, 

жалпы сөйлемнің ҧзын ырғасы «Жиннамада» берілген тҥсініктен алшақтап кете қоймайды. 

Бізше,  текстегі  «

秀支–  қол,  жасақ,  Көне  Тҥрік  тіліндегі  sy,  «替戾»-тіле  (тілену,  тілеу)  деген 

етістік, «

冈»- Ариcтов көрсеткендей Көне Тҥрік тіліндегі тіле деген етістіктің өткен шақ есімшесінің 

жҧрнағы ɣ



an немесеgan болуы да Тҥркі тілдеріндегі «қан» болуы да мҥмкін.  

sy∫әtilejdi  qan  қосын  (қол)  қан  тілеп  тҧр  деп  тҧр  ма  қалай?  «

仆谷»-ды  зерттеушілер  Тҥркі 

тілдеріндегі  «бҧғы»  деген  сөздің  дыбыстық  аудармасы  деп  межелейді.  Бҧл  сөз  жөнінде  бір  қанша 

тҥрлі  жорамал  айтуға  болады.  Бірінші,  тоғыз  телелердің  бір  тайпасының  аты  бҧғы.  Ол  «Жаңа 

таңнамада» 

仆谷,仆固  деген  сияқты  дыбыстық  аудармалармен  алынған.  Мҥмкін  жорық  осы  бҧғы 

тайпасына  қаратылған  болуы  керек.  Екінші,  «Жиннамада» 

仆谷ды  Лю  яудың  мекенжайы  деген. 

Моңғҧлияда Сы уаңзы (төрт ханзада) хошонының терістігінде бҧғытау (қанзуша деректерде 

釜山 – 


бҧрынғы  оқылуы  буа  тау  немесе  бҧғтау)  деген  жер  бар.  Мҥмкін  жорық  сол  жердегі  Лію  яуға 

қаратылған болса керек. Ҥшінші  Лію яуды бҧғыға теңеп астарлап айтқан болуы да мҥмкін. «

秃当» 

Тҥрік тіліндегі тҧту деген сөздің дыбыстық аудармасы. Сонда бҧл бір ауыз сөздің мағынасы: «жасақ 



тілейді қан, бҧғы тайпасы немесе бҧғытау алынып, Лію яу тҧтылады» болады. 

«Тарихи жазбалар», «Ханнама» сияқты тарихи кітаптарға тҥскен Ғҧндардың ел-ҧлыс, ру-тайпа, 

мәнсап шен атаулары мен кісі есімдері жөнінде ел іші сыртындағы мамандар мен зерттеушілердің әр 

тҥрлі межелері мен жорамалдары айтылып жҥр. Бірақ соны ескерген жөн, бҧл атаулардың бәрі жыл 

санауымыздың  алды-артында  жазылған  әрі  әр  дәуірде  әр  тҥрлі  дыбыстық  аудармалармен  алынған, 

оның  ҥстіне  ханзу  жазуы  дыбыстық  жазу  емес,  буындық  жазу,  сол  себепті  бҧл  атаулар  жөнінде 

жасалған  кейбір  талдаулар,  кісіні  пәлендей  иландырып  та  кете  алмайды.  Енді  біз  осы  атаулардың 

                                                           



15

 

Бҧл да сонда 

16

 

Н.А.Баскаков. «Тҥркі тілдерін зерттеу» «Ҧлттар» баспасы 1986-жылғы ҧйғҧрша аудармасының 60-бет.



 

17

 



Ғайнидин Мҧсабаев «Қазақ тілі тарихы» «Мектеп» баспасы 

-жылғы басылымының 20-21 беті. 



 

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

 



ішіндегі Тҥркі тілдерінен негіз табуға болатын бір бөлім атаулар жөнінде өз пікірімізді ортаға қоямыз. 

.

匈奴 – бҧл атау ертедегі сҥйек жазуларда 晕 – Ғҧн  Ин, Шаң, Жоу хандықтары тҧсында 鬼方 



гҥрелі, 

混夷 – Ғҧндей, 猃狁 – хамиҧн, 荤粥 – хонтек немесе хонҥк, 浑廊 – Ғҧнғру, Чин патшалығы 

кезінде 

匈奴 тҥрінде жазбаға тҥскен. «Тарихи жазбалар» мен «Ханнамада» Ғҧндар өздерін «匈奴» деп 

атайды деген. 

«Ғҧн»  атауының  төл  мағынасы  жөнінде  ел  іші  сырттағы  көп  санды  зерттеушілер  оны  Тҥркі 

тілдеріндегі «кҥн» сөзімен байланыстырады. Қазақстан зерттеушісі Шахмҧрат Төкішҧлы Қуанғанов: 

«. Тҥркі тілінде Ғҧн, гҧн, хҧн бір ҧғым береді – «кҥн» немесе «шығыс» деген мағынаға саяды... Осы 

Ғҧндардың  негізгі  белгісі  –  өзінің  атына  сай  және  географиялық  орны  кҥншығысты  меңзейтін  кҥн 

таңбасы  –  дөңгелек  кҥн  суреті.  Батысқа  ҥдере  көшкен  Ғҧндар  осы  таңбаны  өздерімен  бірге  ала 

жҥріп,сол  елдерге  таңбалары  арқылы  да  танылған...  ыдырай  көшіп  жҧрген  Ғҧндардың  екі  тайпасы 

біріксе,  екі  көз   ҥшеуінің  басы  біріксе  ҥш  көз;  төртеуі  біріксе,  төрт  көз  суретін  салған  туларын 

желбіретіп көрші елдерге ел бірлігін айбар қылып көрсетіп, бірліктерін осылай бекітіп отырған. Қазір 

ел арасында «төрт көзің тҥгел болмай...» деп басталатын бірнеше нақыл сөздер сол кезден бізге келіп 

жеткен» дей келіп: «төрт көзді  Ғҧндар бірлігінен қалған екі көз тайпа бірлігі Арғынның (орта жҥздегі 

ру) екі дөңгелек көз таңбасы Ғҧндардың екі тайпа бірлігі емес пе деген ойға жетелейді»,– дейді

18

.  


2. 

撑犁孤涂单于  –  тәңірқҧт,  «Ханнама»  Ғҧн  баянында,  Ғҧндар  тәңірді,  көкті,  аспанды,  犁撑, 

баланы  (ҧл  баланы) 

孤涂  дейді  деп,  ал  单于-дың  мағынасын,  дарқан,  кең,  шетсіз-шексіз  деп 

тҥсіндірген.  Синологтар 

撑犁  –  Көне  Тҥрік  тіліндегі  тәңір,  孤涂  –  қҧт  деген  сөз,  бҧл  екі  сөзді 

біріктірсе «тәңір қҧт» болады, мағынасы «тәңірдің ҧлы»,  «көктің ҧлы» деп тҥсіндіреді. Ал 

单于-ды 


кейбір  зерттеушілер  ханзу  тіліндегі  «

大王»  (хаған,  ҧлы  ханның)  дыбыстық  аудармасы  «тәңірден 

қҧдірет  тапқан  батыр азамат», «тәңір  еркесі»  деген  сөз  дейді,  ал  тағы бір бөлім  зерттеушілер  «

单» 


арғы  заманда  «дан», «чан»,   «шан»  болып  ҥш  тҥрлі  оқылады. 

单于-дың  толық  оқылуы  чанғуағ, 

занғуағ, зангө, бҧл «зеңгір», «заңғар» деген сөзге дыбыстық жақтан жуық келеді деген пікірлерді де 

айтады


19



屠耆  –  «Тарихи  жазбалардың»  Ғҧн  баянында   «Ғҧндар»  білгені»  屠耆  деп  атайды.  Мҧрагер 

хантегін сол қол 

屠耆 болып тағайындалады» деген. Рене Гроусет «тәңір қҧттан кейін сол қол, оң қол 

деген  мәнсәптар  бар.  Оны  ханзу  тілінде 

屠耆  деп  дыбыстық  аударма  жасаған.  屠耆-дың  оқылуы 

Тҥріктердің  «тоғра»  деген  сөзіне  жуық  келеді,  мағынасы  «тура,  дҧрыс»  деген 

⑿.  Бірақ  Тҥрік 

қағандығы тҧсында «тоғра» деген мәнсап-шен атауы болмаған. 

头曼 – бҧрынғы оқылуы:tiәn-miuәn алғаш жазбаға тҥскен Ғҧн тәңірқҧтының есімі. Тҥменнің 



Көне  Тҥрік  тіліндегі  мағынасы  «он  мың».  Бҧл  атау  ертеректе  көбінекей  жеке  адам  есімі  орнында 

қолданылған. Тҥріктердің ең алғашқы қағанының есімі де Тҥмен. 

冒顿  –  бҧрынғы  оқылуы:  mәw  twәn  немесе  mogtwәn,  mәutuәn  тҥмен  тәңірқҧттың  ҧлының 



есімі. Бҧл Тҥрік тіліндегі бодҧн (жай халық, қара халық) деген сөзге жуық келеді. 

伊犁  –  бҧрынғы  оқылуы  iei-le&  немесе  iei-lie,  бҧл  атау  Көне  Тҥрік  тіліндегіilk  (мағынасы: 



ілгергі, бҧрынғы) деген сөзге дыбыстық жақтан жуық келеді. Тҥріктердің ең алғашқы қағаны тҥмен 

өзін Іліг қаған (

伊犁可汗) деп атаған. 

阏氏 – бҧл атаудың тарихнамаларындағы қолданылған орнына қарағанда төрт тҥрлі мағынасы 



бар. 

. Ғҧн елбасының бәйбішесі яғни патшайым, төрайым (

大阏氏) 

. Елбасының нақ сҥйер әйелі (



阏氏)  

                                                           

18

 

 



«Ғҧн немесе Арғҧн туралы» Алматы. «Білім» баспасы  

-ж.    -22 беті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет