19
«Жҧңго тарихнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер» -кітап,
-б.
ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ
7
. Қатардағы әйелдер, қҧдыздар (
五阏氏,二阏氏 )
. Елбасының шешесі (
母阏氏), бҧдан тыс кейде атақ, мәртебе ретінде де қолданылған. Мысалы,
Ғҧндарды тыныштандырғыш төрайым
宁胡阏氏 (Уаң жау жҥнге берілген атақ. Лин ган мырза бҧл
атауды ханзу тіліндегі
烟支 (yan zhi) деген сөзбен ҧқсас дыбысталады деп көрсеткен. Ал тағы бір
бөлім зерттеушілерatzie - «атзе» немесе «атше», «атже» деп оқыған.
阏 әрпі ханзу тілінде yan деп
оқылудан тыс eдеп те оқылатын көп дыбысты әріп. Егер
阏氏 деген атауды екінші оқылуы бойынша
оқысақ «іше» немесе «ізе», «іже» болып шығады. Бҧл Көне Тҥрік тіліндегі i∫-ке дыбыстық жақтан
жуық келеді. Махмҧт Қашқари «Тҥркі тілдері сөздігінде» i∫ilær деген атауға қатын деп тҥсінік беріп
«әсілі ішиләр i∫ilær – деген сөздің мағынасы ханымдар деген сөз. Айтуға қолайлы болу ҥшін і дыбысы
тҥсірілген. Бҧл сөз көпшеге де, жекешеге де жҥре береді. Оның бҧлай қолданылуының ҧзақ хикәясы
бар» деген. Және i∫ сөзінің қатын деген мағынадан тыс, жолдас, дос деген мағыналары да барлығын
көрсеткен
20
. Бізше, Ханзу тіліне дыбыстық аударма жасалған
阏氏 Көне Тҥрік тіліндегі i∫-ке
дыбыстық жақтан және мағыналық жақтан ҧқсайды. Оның қазіргі қазақ тіліндегі сақталып қалған
ауыспалы тҥрі ес – сҥйеніш, медеу, серік.
.
居次 бҧл атаудың бҧрынғы оқылуы kia-tsie, мағынасы елбасылардың қызы, яғни ханшалар. Бҧл
атаудың Тҥркі тілдеріндегі қыз деген сөздің дыбыстық аудармасы екені өте анық, Ғҧн қыздары және
伊墨居次 деп те аталған екен. 伊墨 ның бҧрынғы оқылуы iei-mәk, бҧл да Тҥркі сөзі емік-ке дыбыстық
жақтан және мағыналық жақтан жуық келеді. Махмҧт Қашқариæmikдеген сөзге, емшек, омырау деп
тҥсінік берген.
⒁
.
逗落 – бҧл сөздің ежелгі оқылуы: dew-lak немесеdo-lak ғҧнша қабыр (мола) деген сөздің
дыбыстық аудармасы. Бҧл сөз қазіргі қазақ тілінде жертөле (жерден қазылған ҥй) деген сөздің
қҧрамындағы төле сөзіне дыбыстық және мағыналық жақтан жуық келеді.
10.
径路 – бҧл сөздің ежелгі оқылуы: kiaŋ-la ғҧнша қылыш деген сөздің дыбыстық аудармасы.
Бҧл тҥркі тілдерінде қыңырақ немесе қырңақ тҥрінде сақталған. Махмҧт Қашқари qәrŋaq деген сөз
ет және қамыр кесетін қырңақ (пышақ) деп тҥсінік берген
21
. Қазақ тіліндегі қыру-жону дегендегі қыр
сөзі жоғарыдағы қырңақ деген сөзбен тҥбірлес.
.
赀 – бҧл сөздің ежелгі оқылуы: si(sә) Ғҧнша қҧл, кҥң деген сөздің дыбыстық аудармасы. Бҧл
сөз қазақ тіліндегі қоңсы (малды ауылдың малын бағысып кҥн көретін кедей ауыл, кірме) деген сөздің
қҧрамындағы «сы» сөзіне дыбыстық және мағыналық жақтан жуық келеді.
.
西祁 – Бҧл сөздің ежелгі оқылуы siei-giei бҧл сөз кей жерде кісі есімі орнында, кей жерде
соңынан уаң сөзі қосылып
西祁王 болып мәнсап-шен атауы орнында да қолданылған. Қадым заманда
қазақ қауымында Ҧмай, Сығай жайында мифтік ҧғымдар мен аңыздар болған. Әйгілі Балқы
жыраудың Төре байға айтқан жырында былай делінеді: «Атаң сенің Сығайдан, анаң сенің Ҧмайдан,
екі асылдың белінен, жаралыпты лайдан». «Жетіқарақшы» мен «Ҥркер» жайында айтылатын бір
аңызда: «...Қырық қарақшының қолбасы Қыранқара аспанның аруы Ҥлпілдекті айттырып алмақшы
болыпты, бырақ Қыранқараның баукеспе ҧры екенін білетін Ҥлпілдек оған қалыңдық болуды
қаламапты. Ҥлпілдекті көндіре алмаған Қыранқара зорлықпен тартып алмақ болып жасақ жинап, қол
бастап барғанда сары атқа мінген Ҥлпілдек жеткізбей қашып кетіпті. Ҥлпілдекті қолға тҥсіре алмай
қҧса болған Қыранқара аспан әлемін кезіп, сарыны қуып жететін жҥйрік іздепті. Ондай жҥйрік ат,
аспанның солтҥстігін қоныстанған Ығай-Сығай деген екі батырдың ақбозат, көкбозат деген аттары
еді. Осы аттарды ҧрлап мініп Ҥлпілдекті қолға тҥсірмек болған Қыранқара, Жетіқарақшыны бастап
жортуылға аттанады. Тҥнімен торуылдаса да кҥзетшісі мықты болғандықтан темір қазыққа
арқандаулы тҧрған ақбозат пен көкбозатты ала алмайды. Сөйтіп жҥргенде таң атады»
22
. Қазіргі қазақ
20
Махмҧт Қашқари «Тҥркі тілдер сөздігі» -том
-беті, -том
-беті.
21
Нығмет Мыңжанҧлы «Қазақтың мифтік аңыздары» Шынжиаң халық баспасының 1996- жылғы
басылымының 35-,116-,117- беттері.
22
Бҧл да сонда
ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ
8
тілінде ығай-сығай деген қос сөз бар. Бҧл сөз көбінесе ығай мен сығай болып та қолданылады.
Мағынасы, бірінен-бірі өткен таңдаулы мықты адамдар. Осылардағы сығайларды Ғҧн тіліндегі
西祁
сөзімен қатысты деуге болады.
Қорытып айтқанда, тарихи деректер, археологиялық қазбалар және Ғҧндардың тілінен қалған
қалдықтар, Ғҧндардың Тҥрік нәсілді, олардың тілінің Тҥрік тілі болғандығын дәлелдейді.
«Қазақтың қысқаша тарихы» деген еңбектегі: «...Ежелгі замандағы Ғҧндар батысқа қоныс
аударудан бҧрын ежелгі Қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған, олар бір мезгіл Ҥйсін,
Қаңлы, т.б. тайпаларды билеген. Солтҥстік Ғҧндар батысқа қоныс аударғанда Ҥйсін, Қаңлы, Алан
жерлеріне келіп, одан соң шығыс Европаға қарай ауған. Осы кезде Ғҧндардың бір бөлегі осы өңірде
қалып, Ҥйсін, Қаңлы, Алан ҧлыстарымен тоғысып, оларға сіңіп кеткен. 5-ғасырда Еділ мен Днепр
аралығындағы Ғҧн одағы ыдырағаннан кейін, олардың бір бөлегі қайта толқып, Қазақ даласына келіп,
олардың кейінгі ҧрпақтары Оғыз, Қыпшақ, Қарлық атанып кеткен. Бҧл тайпалардың бір бөлегі Қазақ
халқының қҧрамына қосылып Қазақ халқын қалыптастыруға елеулі ҥлес қосты.
Соның ҥшін «ежелгі Ғҧндарды Қазақ халқын қҧраған қайнардың біреуі деуге болады»,– деген сөз
өте дҧрыс айтылған.
ҚҰРМАНХАН МҰҚАМӘДИҰЛЫ – 90 ЖЫЛ
50
Құрманхан
Мұқамәдиұлы
–
Моңғолия
қазақтарының жаңа сыпатты ұлттық жазба
әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол
Моңғолия қазақ әдебиетінің қалыптасу қарсаңында
барлық жанрда дерлік қалам тартып, оның көбінің
үлгілік жолдарын көрсетіп, алғашқы іргетасын
қаласқан үлкен суреткер, мықты драматург,
жазушы, ірі аудармашы ретінде бағаланады.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛДАРЫ
М.Құрманхан 1923 жылы Алтай тауының
Қаратүргін деген жерінде туған. Бала кезінен
жарлылық пен жоқшылықтың ауыртпашылығын
тартып, ауқаттылардың малының соңынан ерді.
Ауыр еңбек пен таршылық өлең-жыр десе елеңдеп
тұратын пысық та алғыр баланы жасытпады.
Санасы ерте оянып, өнер-білімге құштарланды.
Бастауыш мектепті аяқтай сала мұғалімдер
даярлайтын 2 жылдық курста оқып, үздік бітірді.
Осы кезден бастап Қазақстанның және Моңғол
әдебиетінің озық үлгілерімен танысып, оны
құныға оқуы 20 жылдан астам жалғасқан әдебиет
қызметінің бастамасы болды. Әдебиетке алғашқы
қадамын «Октябрь тойына» (1941), «Қыс» (1942),
«Құттықтау» (1942) деген алғашқы өлеңдерімен
бастап, ол еңбектері кезінде тәуір баға алып, оның
әдебиетке бейімділігін, талантын таныта бастады.
Кешікпей «Өлеңдер жинағы» атты кітапшасы
шықты.
М.Құрманхан, сондай-ақ әдебиетті кәсіби
харакеті болдырып қана қала бермей, қоғам
өміріне белсене қатысып, жауапты қызметтерге
араласып бастауыш мектепте мұғалім, Ішкі істер
бөлімшесінде жауапты қызметкер, тіпті аймақ
басшылығына дейін көтерілді. Елдің халық
депутатына сайланып, партияның орталық органына
мүше де болды. Сондай-ақ замана ағымына сай
малшы қауымды ұжымдастыруға белсене қатысып,
ұжымдық шаруашылықты басқарды. Әдебиеттен
өмірінің соңына дейін қол үзбей, баспахана
бастығы, әдебиет үйірмесінің жетекшісі, әдеби
«Жаңа талап» журналының редакторы болды. Осы
жылдар табиғатынан кішпейіл де көпшіл, халыққа
етене жақын, іскер де ұйымдастырғыш қабілеті бар
М.Құрманхан мемлекеттік қызметтерге белсене
қатысып, уақытын жұмсағандықтан, қаламынан
көлемді шығарма туа қоймағанымен, оның көп
үйренген, әдебиет әлеміне бақылау жасап, әдеби
білімін шыңдаған, өзін әзірлеген жылдар болды.
ҚазаҚтың
Құрманханы
Сорлы қазақ өмірге болып мазақ,
Өміріңде бейнет шегіп, тарттың азап.
ұжымақ қайтіп көзіңе елестейді,
көргенің тіршілікте бәрі тозақ,– деп
жырлаған
ақын,
жазушы-драматург
Құрманхан Мұқамәдиұлының туғанына
биыл 90 жыл. Осыған орай Дүниежүзі
қазақтарының
қауымдастығы
2014
жылдың 30 сәуір күні Моңғолияда туып-
өскен «Қазақтың талантты ұлы, жазушы-
драматург
Құрманхан
Мұқамәдиұлы»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жазушыны
атажұртқа
таныстыру
мақсатында өткен мәжіліске елімізге
танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері
қатысты. Осы шараға арнайы Моңғолиядан
келген Хабсаттар Омарұлының Құрманхан
Мұқамәдиұлы туралы оқыған баяндамасын
ұсынып отырмыз.
ҚҰРМАНХАН МҰҚАМӘДИҰЛЫ – 90 ЖЫЛ
51
Құрманхан Мұқамәдиұлы
(1924-1964)
Сол қызметте жүре қатал табиғаттың құшағындағы
қазақ ауылдарының бай, кедей екі тұрпаттағы
сипаты мен халық тұрмысының шынайы көрінісін
бейнелеп «Жұт ала ма, жұрт ала ма» деген көркем
әңгіме-белгілеу жазады. «Алғашқы қадам» атты
әңгімесін моңғол тілінде жазып, ал 1961 жыл
дегенде еңбектерінің жинағы моңғол тілінде,
кешікпей орыс, тыва тілдерінде басылды.
Бұл
жылдары
алғаш
аудармамен
де
шұғылданып моңғолдың жаңа заман әдебиетінің
негізін салушылардың бірі Д.Нацагдоржның әйгілі
«Жұмбақ төбелер» операсының либераттосы мен
бірнеше әңгіме, өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Құрмаш әдебиетке барлық ой-санасымен беріліп,
өмірдің шындығына қоян-қолтық араласуды жөн
деп көріп, үлкен лауазымнан бас тартты. Халық
арасындағы серпіліс, ынта-жігерді көзбен көріп,
қолмен жасау, оны өзінің шығармашылығында
көрініс таптыруды мақсат етті.
Сөйтіп алғашқы көлемді туындысы – «Кезең
үстінде» пьесасы өмірге келіп, ол Моңғолия
қазақтарының жазба әдебиетінің алғашқысы ретінде
танылды. 1956 жылы шаңырақ көтерген ұлттық
театрымыздың сахнасы осы пьесамен ашылды.
Кешікпей «Тау қойнында жеке дара», «Қарға
қарғаның көзін шұқымайды», «Жасыл дөң»
пьесаларын жазды. Бұл еңбектерінде адамдардың
жарасты достығы мен алаяқтардың іс-әрекетін,
жастар романтикасын, өлкедегі зиялы қауымның
өсу, қалыптасу жолын тартымды көрсете білді.
Сонымен бірге, қазақ ауылының дәстүрлі тұрмыс-
тіршілігін сенімді суреттеді.
60-шы жылдардың басында жазған «Тұлба көл
шайқасы» Құрмаштың озық туындысы еді. Ол
тарихи тақырыпқа қалам тартқан қалам иесінің
тағы бір қырын ашып, көрермендерден жоғары
баға алған. Кейін бұл еңбектен елімізде көркем
суретті кино да жасалды.
Өмірінің соңын ала «Тоғысқан тағдырлар»
атты пьеса, «Бөкен жарғақ» аңыз дастан бастаған
еді, мезгілсіз ажал оларды аяқтатпады. Ол қаламы
төселіп, әдеби таланты кемелденген шағында
бар-жоғы 40 жасында қайтыс болды. Қия шапқан
қылыштай қамал алар қырықтың қақпасын енді ғана
ашып, қақ төріне жете алмай қыршын кеткен қайран
Құрмаш 30-40 жас арасында небәрі 9 жылдай ғана
шынайы шығармашылықпен шұғылданыпты.
Құрмаш өзінің саналы өмірі мен тамаша
талантын халқына қызмет етуге арнап, Моңғолия
қазақтарының жазба әдебиетінің қалыптасуына аса
зор еңбек сіңіріп, жас әдебиетшілерді тәрбиелеуде
үлкен міндет атқарып еді. Ол әдебиеттегі көркемдік
пен шеберлік жайлы көптеген рецензия мен
публицистикалық мақалалардың авторы.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ
Құрманхан творчествосының дені – драмалық
шығармалар. «Кезең үстінде», «Жасыл дөң»,
«Тұлба көл шайқасы», «Қарға қарғаның көзін
шұқымайды», «Тамыр дәрі», «Тоғысқан тағдырлар»
пьесалары мен «Алтыбақан» либераттосы оны
үлкен драматург ретінде танытты.
Құрмаш шығармаларының негізгі тақырыбы
ауыл өмірі, дәуір талабы мен замана үрдісіне дер
кезінде үн қосып, адамдардың ұжымдасып бірлесіп,
бірігіп жан сақтаудағы қиыншылықтар, ондағы ескі
мен жаңаның күресін, сана сезімдегі өзгерістерді,
қажырлы еңбегін, жақсыны көре алмай, жаманнан
арыла алмаған мінез-құлықтағы іс-әрекеттерді
көзге көрсетіп, ойға сыйымды, нанымды суреттей
білгендігінде. Бірақ әр шығармасында үрдіс еш
қайталанбайды, тың, жаңа оқиға, адам мінезі
көрінуі оның үлкен талант иесі екенін дәлелдейді.
Білімділік пен әржақты сауаттылық қайнаған
өмірдің ортасында жүріп, біте қайнасу, көпшіліктен
қол үзбеу, халық алдында жауапкершілік жүктеген
үлкен-кішілі сатылы лауазымдағы кім-кімге де
өмір тағылымы екенін айдай анық көрсете білген
Құрмаш: «Қоғам адамды жаңартып, адам даланы
жаңартып жатыр» деп кейіпкерлері арқылы өз
ойын айтады.
Білімі терең, ой-санасы ашық, асып-тасымайтын
адам заманның сырын да, сынын да ұғып өзгерте
біледі,– дейді Құрмаш.
Драмаларындағы тағы бір жиі көрініп отыратын
конфликт: өмір өзгерісінде жаңа салт-сана, іс-
әрекет пен ескі дағды сіңіскен тозығы жеткен
идея арасындағы қайшылықты көрсетуі бүгінде
маңызы жоғары екенін өмір дәлелдейді. Адамдар
біліміне, сауаттылығына, мәдени дәрежесіне,
мінез-құлқына, ой-санасына, түсінік көзқарасына,
ҚҰРМАНХАН МҰҚАМӘДИҰЛЫ – 90 ЖЫЛ
52
дүниетанымына, жас ерекшелігіне сәйкес ойын
білдіруімен сөйлеген сөзі өлшенетіндігін, тіпті
сол кісі кім екенін анықтайтынын Құрманхан
шығармасында көрініс табуы психологиялық үлкен
табысы.
Ол кейіпкері арқылы былай дейді:
«Қайғы қарабасыңдікі болса – жалғыздың ісі
жазым, жылып аққан бұлаққа батасың да кетесің.
Қайғы көпке ортақ болса – түпсіз мұхит болса
да түскенің көптің кемесі, мінесің де өтесің.
Қуанышың жеке өзіңдікі болса – кездейсоқ түскен
бір сағым, өтеді де кетеді. Қуанышыңа көп ортақ
болса – шашырап түскен күн нұры, ғұмырыңа
жетеді» дегендей қанатты сөздері көп. «Жасыл
дөң» атты драмасында сол 40-50 жылдарға
жалғасып келген асыра сілтеушілік, әпербақан
шолақ саясаттың зиянкестік шырғалаңдарды дер
кезінде батыл сынаса, «Қарға қарғаның көзін
шұқымайды»-сында парақорлық, рушылдық,
тоғышарлықты әшкерлейді.
Құрмаштың «Тұлба көл шайқасы» атты төрт
перделі пьесасы халқымыздың өткен тарихи жолын
көркем әдебиетінде тамаша бейнелеген тұңғыш
туынды. Жаудың 5000 әскерінің шабуылына төтеп
беріп, қоршауында 42 тәулік бойы қалған ержүрек
400-дей халық жасағының жан аямай шайқасқан
ерлігі мен қиыншылықты жеңудегі қайсарлығы
шебер суреттелген. Елінің тәуелсіздігі, халқының
бостандығы мен азаттығы үшін жанқиярлық күресі
мен сондай қиын-қыстау кезде адамдардың мінез-
құлқы, адамгершілігі сұрыпталып көрінетінін,
қайғы, сары уайым мен қайрат, қайсарлықтың
өзара тіресіп, алдыңғысын екіншісі жеңетіні өмір
тағылымы екенін айтады. Өмірдегі жағымды образ
бен ұнамсыз типтердің шын бет пердесін ой-тойыңа
жеткізе суреттеуімен ерекшеленген шығарма.
Драмада шебер жасалған суреттер, тапқыр
детальдар, ұтқыр ой салыстырмалар жиі кездеседі.
Автор қайшылықтағы қарама-қарсы екі күшті
өзара салмақтап, іскерлік, моральдық, мінез-
құлық сыпаттарын үнемі қатар қою арқылы халық
жағындағылар жеңіс иесі болатынын көрсетеді.
Шығармадағы ең басты нәрсе – тіл. Тілі көркем
де бай, қарапайым халықтық тіл. Сол арқылы
кейіпкердің кім екенін аңғарамыз. Мәселен ой-
парасатын, мінез-құлқы мен адамгершілігін,
мақсат-мүддесін ұғамыз. Аталған батырлық
драмада бас кейіпкер қандыбалақ серіктестеріне:
- Қайғы-уайым қас дұшпаннан да қауіпті.
Дұшпанмен кескілестің бітті, не өлтіресің не
өлесің. Сары уайымға салынсаң бітті, кес-кестеп
алдыңды орайды да тұрады, өмірдегі қызықтың
бәрін жоқ қыласың,– деп ащы шындықты айтып
жігерлендіреді. Тағы бір кейіпкер: Тәуекелдің
таяғы күшті, бүгінгі ақсақтап тұрған кезеңде сол
ғана бізге сүйеу, тіреу бола алады,– дейді.
Кұрманхан
шығармаларының
биіктігін
танытатын бір қасиеті – тілінің поэтикалық мәнері.
Кейіпкердің жан-күйінің толқуына, мазмұнға сай
сөзді ырғақ үндестікпен көркейтіп қолданатынында.
Заман өзгермей тұрмайды. Кешегі лаулаған от,
бүгін сөніп бықсып қалуы, кешегі толықсыған
өмір, бүгін дәуір жұртында қара күрке болуы оңай
екенін кейінгіге сабақ ретінде:
Жатыр бықсып төрт-бес тезек
Отыр шалы қолын қалап.
Оң білегін сыбанып тастап
Кемпір отыр жабу жамап.
Осылайша тұғырдан түскен кешегі мықтының
бүгінгі күйкі тірлігін суреттейді.
Және де еңбектің түбі зейнет екенін білім алып
ағартуды көп айтады, тоғышар отағасы мен еңбекқор,
ұқыпты, еңбек жаршысы, надан, қараңғылық пен
оқыған саналылықты салыстырып, қайсысын
таңдауды оқырмандар ортасына салады. Бұл
жағынан оның үлкен ағартушы, жаңашылдықтың
насихатшысы екенін көреміз.
М.Кұрманханның әдеби мұрасының үлкен бір
саласы – көркем аударма. Әдебиеттің әр жанрында
қалам тартқан жазушы айтулы аудармашы болды.
Моңғолия әдебиетінің классигі Д.Нацагдоржның
еңбектерінен аударғаны жеке бір кітап. Басқа да
ақын, жазушылардың шығармаларын қазақ тілінде
оқытқанының ішінде Лодойдамбаның «Тұнық
тамир» атты романы да бар.
Аудармашы – шығарманың екінші авторы
дегенді бекем ұстанған ол, автордың стиліне,
шығарманың мазмұн, құрылымының берік
сақталуына көп мән береді. Аударманың тілі
жатық, қазақ оқырмандарына етене түсінікті,
ана тіліндегі туындылардай жылы қабылданады.
Мысалы, моңғолшадан сөзбе-сөз аударғанда «Ақ
ай мен қара жас» деп келетін еңбекті Құрмаш
«Жылдың басы, көздің жасы», «Себепті үш төбе»
дегенді «Жұмбақ төбелер» дегендей тек атауын
ғана емес, әр сөйлемді негізгі мағына, желісін
бұзбай, қазақша аударғаны ерекше үлгі етерліктей.
«Жұмбақ төбелер» атты Моңғолдың әйгілі
операсын аударған, айталық:
Сүйгеніне қосылу
Бақытты жанға лайық
Жұбымен өскен аққудай
Бірігіп тұрмыс құрайық,– деген жолдары
А.Пушкиннің «Онегин мен Татьяна» сөздерін
қазақша оқытқан Абайдың аудармаларын үлгі
еткенін, еліктегенін көрсетеді.
ӨМІР ЖОЛЫ ТАҒЫЛЫМДАРЫНАН
Құрмаш партия, мемлекеттік, шаруашылық
істерін тіпті жасы 25-30 жасында атқарды. Өз
ісіне сондай құштар, әр істің тетігін таба білуші
болған. Құрмаштың азаматтық, қайраткерлік
болмысы туралы басқа адамдардың ауызекі
ҚҰРМАНХАН МҰҚАМӘДИҰЛЫ – 90 ЖЫЛ
53
әңгіме, естеліктеріне үңілгенде оның ақыл-
парасаттылығы,
жан-жақты
білімдарлығы,
арамдықтан аулақ, адалдыққа етене мінез
сұлулығы, туғанына тартпайтын турашылдығы
кей кемақыл кеудемсоқтардың ашық та жасырын
құқай, жымысқы пиғылдарына тегеурінді тойтарыс
беретін ақкөз өжеттігі, ханды емес, қара халықты
пір тұтқан дегдарлығымен ерекшеленеді.
Өсіп кемелденуінің ең шыңы Мәскеуде
Чекистер мектебінде окыған кезі. Аз уақытта орыс
тілін тамаша игеріп, сол тілде баяндама қойғаны,
дәрісті үш тілде, төрт түрлі (латын, кирилше, төте
жазу және ескі моңғолша) жазумен белгілейтіні, іс-
қызметінің ерекшелігінен іс-әрекеті шектеулігіне
қарамай
Кеңес
жазушыларымен,
мысалы
А.А.Фадеевпен жақын байланысты болған, кейін
елге келіп лауазымды қызметте тұрғанда галстук
тақпай жүргені үшін шенеуніктерден сөгіс естіп,
тіпті іс сапарлық жолдама ала тұрса да содан
шетелге баратын құқықтан айырылғаны туралы
аңыз ғып айтатын деректер көп.
Ол қырық-ақ жас жасаса да көп еңбектеніп
үлгерді. Артына өшпес тағылымдық із қалдырды.
Бірақ, көп нәрсесі әлі жарық көрген жоқ, мысалы
Ішкі істер мекемесінде Құрмаштың көп құпиясы
әлі тың жатыр. Оның Шығыс Түркістандағы
Моңғолияның ресми өкілеті ретінде азаттық
қозғалыс жетекшісі Оспан батырмен үзеңгілес
болып, халықты азат ету майданына қатысқаны
бір төбе тарих. Осы деректер баласы Баман
марқұмдікінде, немересі Жұрағаттікінде болар. Ол
да шүкіршілік. Сондай-ақ Ішкі істер мекемесінің
мұрағатында да талай сыр жатқан болар, бұл –
Құрманхантанудың келешектегі нысанасы.
Құрмаш сонау жылдарда аймақ бастығы
болғанда да, және Ішкі істер мекемесін басқарғанда
да зұлматтық заманына қарай ешбір адамды
нәубаттыққа ұшыратпаған адал, парасатты адам
болғанымен тағы ерекше.
Құрмаш
кешкен
қилы
ғұмыры
мен
шығармашылық тағылымын айтқанда төменгі
жолдарды айтпай кетуге болмас деп ойлаймын.
Қудалау көріп жан жүрегі жараланған кездері
көп болса да, жігері мұқалмай бәрінің де
жақсылықпен аяқталарына бекем сеніп, болашаққа
үміт артқан жанкештілігі көз алдыңа келгендей
болады. Біздің зиялыларымыздың бірін-бірі
көреалмастық, рушылдық, жікшілдік, жақсыны
жанына жолатпай, жағымпаз жаманды жымысқы
әрекетіне пайдаланып, ортасынан жем түсіруге,
сөйтіп мәнсап биігіне жыландай өрмелеп шығуға
талпынатын дерті болғанын білеміз. Ондай жайды
бүгінге дейін өзіміз де көріп, кейде жағамызды
ұстауға жақын қалатынымыз өтірік емес. Мәнсап
биігіне де, асыл азаматтық асқарға да жыландай
жылжып емес, қырандай қалықтап шыққан
Құрмашты да осы «дерттенгендер» кезінде аз
мазаламағанын айтпасақ, оның азаматтық шын
тұлғасын таныту үшін бүгінгі талпынысымыздың
зая кеткені болар еді.
Ол заманының өнімі де, өз уақытының құлы
болған адам емес, егер олай болса өзін жазаламас
та еді, тіпті өлмес те еді. Кейін тоталитар қоғамның
шын мәнін де ұғып қарсы тұрды; Өзін-өзі жазалау
арқылы қарсы тұрды: жаңа жүйе орнап жырғатпады
дей келе:
Сорлы қазақ өмірге болып мазақ,
Өміріңде бейнет шегіп, тарттың азап.
Ұжымақ қайтіп көзіңе елестейді,
Көргенің тіршілікте бәрі тозақ,– деп
қызылдардың орнатқан қоғамын сынады. Мақтаған
жаңа қоғам, жаңа мизам халықтың тіршілігіне
сонша оңды өзгеріс бермегеніне қынжылып:
Кигіз үй қара борша, қырық тесік,
Тесіктен жел аңқылдап, ескек есіп.
Алдың жылы болғанымен, артың мұздай,
Болмаса отыра алмайсың белің шешіп,– деп
налыды.
«Өмір менен жеріді, мен – өмірден жерідім»,
«Суық судай сылдырап өтіп жатқан өміріме
өкінемін» – бұл сөздер Құрмаш афоризмінің бір-
екеуі ғана. Кезіндегі өлкенің топ зиялыларының
бірі болған, сонда бірегейі болған, оның
эрудицияға бай қасиетін көре алмаған ол, өзіміз
жоғарғы айтқандай, өзін өзі жазалауға апарғаны
тарихи шындық. Бұған өкінген Алтай, Қобда беті
қазақтарының абыз-жырауы Ақтан бірде:
Уа, қарағым Құрмашым,
Қалаулысы халықтың,
Мыңмен тең бір басың
Ақылға келші аяңдап,
Асаулыққа берілмей.
Бүйте берсең, Құрмашым,
Табылмайсың сен бізге,– деп ақылын айтып,
қынжылды.
Бірақ амал нешік, дәуірінің дара туған тұлғасы,
қара сөздің қайығы Құрмаш өмірден ерте кетті.
Міне, осылайша Моңғолияның аз қазағының
әдебиетінің үлкен жыршысы болған Құрманхан
Мұқамәдиұлы артына үлкен тағылымды із
қалдырғаны, оны бүкіл қазақ әлеміне ортақ
әдебиетші деп мақтанышпен айтамыз.
Моңғолияда да Құрманхан Мұқамәдиұлының
90 жылдығын атап өтті, ас берілді. «Біздің
Құрмаш», «Құрмаштан қалған сөз сұлуы» атты
жинақ, еске алған сөздер басылып, баспасөз
ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды.
«Қазақтың талантты ұлы, жазушы-драматург
Құрманхан Мұқамәдиұлы» атты дөңгелек үстелді
ұйымдастырып, Құрманхан Мұқамәдиұлын қазақ
әлеміне шығарғаны үшін Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығына Моңғолия қаламгерлері атынан
рақмет айтамын.
Хабсатар ОМАРҰлы,
Моңғолиядағы Қазақ мәдени
орталығының төрағасы
ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде
қазақ ұлт өкілдері тұрақты тұрып, өмір сүріп
отыр. Ал олардың әр елдегi пайда болу, қалыптасу
жолы әрқилы. Өзінің туа түп атамекенінде
отырғанымен, басқа мемлекеттердің құзырында
қалып қойған ұлт өкілдері немесе ұлт бөлшектері
ирриденттер саналады да, диаспора – тарихи
отанында жүргiзiлген саяси төңкерiс, таптық
күрес, қуғын-сүргiн, геноцид, тәркiлеу т.б. толып
жатқан зұлматтар кесiрiнен бас сауғалап, шет
елдерге барып паналағандар және азаматтың өз
қалауымен басқа мемлекеттерде тұрып жатқандар.
Бізде көп жағдайда шет елдерде өмір сүріп жатқан
қандастарымызды жалпылай диаспора деп атап
жүрміз.
Шетелдегi қазақтарды зерттеушiлер қазақ
диаспорасының қалыптасуы ХVII-ХVIII ғасырдан
басталады деп есептейді. Бұл, бiздiң ойымызша,
бiржақты пiкiр. Мысалы, Иран, Ауғанстан, Түркия,
Моңғолия сияқты елдерде ата-тегiн бiлетiн, ана
тiлiн ұмытқан, өздерiн қазақпын деп есептейтiн,
жергiлiктi жердiң ежелгi тұрғындарына сiңiсiп
кеткендер бар. Олардың бұл елдерге қай заманда,
қалай келгенi әлi анықталмаған. Сондықтан да
дүниежүзiндегi қазақтың жалпы санына қосылып
есептеле бермейдi. 2013 жылдың сәуір айының
ортасында әлемдегі қазақ саны 15 миллиондай
болды. 5 миллионнан астам қазақ ұлтының өкiлдерi
шет елдерде өмiр сүруде. Олардың басым көпшiлiгi
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрады.
Бұл ретте Қазақстан дүниежүзiнде диаспорасы көп
санаулы елдердiң бiрiне жатады.
Әлемнің өркениеттi елдерiнде этникалық
отанынан сырт жерлердегi өз қандастарымен жан-
жақты байланыс жасап, оларға мәдени-рухани,
оқу-бiлiм саласында үнемi қолдау көрсетiп отыру,
Бақытбек БӘМІШҰлы,
филология ғылымдарының кандидаты
ҚАЗАҒЫНЫҢ ТІЛІ
Достарыңызбен бөлісу: |