4-тақырып. Түркістан облысының өндірістік-экономикалық әлеуетінің жағдайын талдау және жетілдіру Бірінші тарауда өндірістік-экономикалық әлеуетті анықтаудың теориялық негіздерін зерттеп, функцияларын, қағидаларын, өндірістік-экономикалық әлеуеттің мазмұнын ашып көрсету керек. Аймақтың өндірістік-экономикалық әлеуетін зерттеу үшін кешенді талдау әдістерін қарастыру қажет.
Екінші тарауда бірқатар экономикалық және қаржылық көрсеткіштер бойынша ТО-ның өндірістік-экономикалық әлеуетінің қазіргі жағдайын талдау қажет. ТО-ның өндірістік-экономикалық әлеуетін SWOT – талдау жасау ұсынылады.
Үшінші тарауда ТО-ның өндірістік-экономикалық әлеуетін дамыту факторларын анықтап, ТО-ның өндірістік-экономикалық әлеуетінің тиімділігін жоғарылату бойынша болжамдық есептеулер негізінде қорытынды тұжырымдар жасау керек.