Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Диплом жұмысын қорғауды бағалау критерийлері



бет12/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
9 Диплом жұмысын қорғауды бағалау критерийлері
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады. Бұл жерде білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекші мен рецензенттің пікірлері ескеріледі.
Кесте – Дипломдық жұмысты қорғау критерийлері

Бағасы

Бағалау критерийлері

«өте жақсы»

— дипломдық жұмыс қойылған мақсатқа, талаптарға сәйкес орындалған, осы әдістемелік нұсқау талаптарына сай рәсімделген;

— қорғау барысында тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны мен хронологиялық шектері, әрбір маңызды қорытынды жасау логикасы көрсетілді, баяндаманың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты келешекте зерттеу болашағы, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және пайдалану мәселелері көрсетілді.

Баяндаманың ұзақтығы регламентке сәйкес;


  • дипломдық жұмысқа жетекшінің және рецензенттің пікірі оң;

  • ҚАК мүшелерінің сұрақтарына жауаптары логикалы, сұрақтың мәні толық ашылған, әдебиет көздерінен және нормативтік-құқықтық актілерден тұжырымдармен, дипломдық жұмыстан қорытындылармен, есептеулермен расталған, студенттің мәселені зерттеу дербестігі мен тереңдігін көрсетеді;

  • жұмыста да, баяндама барысында да ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылды.

«жақсы»

— дипломдық жұмыс қойылған мақсатқа, талаптарға сәйкес орындалған, осы әдістемелік нұсқау талаптарына сай рәсімделген;

— қорғау барысында тақырыптың өзектілігін, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу нысаны мен хронологиялық шектерін, әрбір маңызды қорытынды жасау логикасын көрсетуде бір-екі қателіктер жіберілді, қосымша сұрақтар қою барысында олар түзетілді; баяндаманың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты келешекте зерттеу болашағы, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және пайдалану мәселелері жеткіліксіз көрсетілді.

Баяндаманың ұзақтығы регламентке сәйкес;


  • дипломдық жұмысқа жетекшінің және рецензенттің пікірі оң, елеусіз ескертулер болуы мүмкін;

  • ҚАК мүшелерінің сұрақтарына жауаптарында логикалық ауытқулар орын алды, бірақ сұрақтың мәні толық ашылған, әдебиет көздерінен және нормативтік-құқықтық актілерден тұжырымдармен, дипломдық жұмыстан қорытындылармен, есептеулермен расталған, студенттің мәселені зерттеу дербестігі мен тереңдігін көрсетеді;

  • жұмыста да, баяндама барысында да ақпараттық технологиялардың қолданылуы шектеулі.

«қанағаттанарлық»

— дипломдық жұмыс қойылған мақсатқа сәйкес орындалған, алайда қойылған талаптарға толық жауап бере алмайды, с.і. осы әдістемелік нұсқау талаптарына сай рәсімдеу бойынша;

— қорғау барысында тақырыптың өзектілігін, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу нысаны мен хронологиялық шектерін, әрбір маңызды қорытынды жасау логикасын көрсетуде өрескел қателіктер жіберілді, қосымша сұрақтар қою барысында олар қиындықпен түзетілді; баяндаманың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты келешекте зерттеу болашағы, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және пайдалану мәселелері жеткіліксіз көрсетілді.

Баяндаманың ұзақтығы регламенттен асып кетті;


  • дипломдық жұмысқа жетекшінің және рецензенттің пікірлерінде ескертулер мен қателіктер көрсетілген, олар студентке тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермеді;

  • ҚАК мүшелерінің сұрақтарына жауаптарында логикалық ауытқулар орын алды, бірақ сұрақтың мәні толық ашылмаған, әдебиет көздерінен және нормативтік-құқықтық актілерден тұжырымдармен, дипломдық жұмыстан қорытындылармен, есептеулермен расталуы төмен, студенттің мәселені зерттеу дербестігі мен тереңдігі жеткіліксіз;

  • жұмыста да, баяндама барысында да ақпараттық технологиялардың қолданылуы жеткіліксіз;

  • қорғау нәтижесінде студент дипломдық жұмысты жазу барысында жіберілген қателіктерін түсінгенін көрсетті.

«қанағаттанарлықсыз»

— дипломдық жұмыс қойылған мақсатқа сәйкес орындалмаған, қойылған талаптарға толық жауап бере алмайды, рәсімдеу бойынша осы әдістемелік нұсқау талаптары өрескел бұзылған;

— қорғау барысында тақырыптың өзектілігін, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу нысаны мен хронологиялық шектерін, әрбір маңызды қорытынды жасау логикасын көрсетуде өрескел қателіктер жіберілді, олар көрсетілгенімен, түзетілмеді; баяндаманың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты келешекте зерттеу болашағы, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және пайдалану мәселелері көрсетілмеген.

Баяндаманың ұзақтығы регламенттен асып кетті;


  • дипломдық жұмысқа жетекшінің және рецензенттің пікірлерінде жұмыстың жоғары оқу орнының талаптарына сәйкес еместігі туралы негізделген қорытынды берілген;

  • ҚАК мүшелерінің сұрақтарына жауаптарында логикалық ауытқулар орын алды, сұрақтың мәні ашылмаған, әдебиет көздерінен және нормативтік-құқықтық актілерден тұжырымдармен, дипломдық жұмыстан қорытындылармен, есептеулермен расталмаған, студенттің мәселені зерттеу дербестігі мен тереңдігі жоқ;

  • жұмыста да, баяндама барысында да ақпараттық технологиялар қолданылмады;

  • қорғау нәтижесінде студент дипломдық жұмысты жазу барысында жіберілген қателіктерін түсінбегенін көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет