10 Ғылыми дипломдық жұмыстың үлгілі мазмұны
Дипломдық жұмыс алдын ала жасалған жоспарға сәйкес жазылады.
Дипломдық жұмыстың жоспарын түпкі ойын және жеке тәсілін ескере отырып, студенттің өзі жасайды.
Дипломдық жұмыстың жоспары белгілі ретпен жасалған тарау тізімінен және жұмыста баяндалуы тиісті сұрақтар тізімінен тұрады. Дұрыс құрылған жұмыс жоспары студент жұмысын ұйымдастырушы бастама болып табылады, ол материалдарды жүйелеуге көмектесіп, баяндау реттілігін қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыстың дәстүрлі құрылымына сәйкес жұмыс үш тараудан тұрады, әрбір тарауда, әдетте, 2-3 сұрақтан болуы керек.
Дипломдық жұмыстың жоспарын дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісімен келісу қажет. Жұмыс барысында дипломдық жұмыстың жоспары анықталып өзгеруі мүмкін. Кейбір тараулары мен мәселелері кеңейтіліп, қызығушылық танытатын жиналған материалдардың есебінен жаңа сұрақтар пайда болуы мүмкін.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделуі керек және дипломдық жұмыстың мақсаты көрсетілуі тиіс, сондай-ақ қандай кәсіпорынның және қандай материалдарды пайдаланып орындалғаны көрсетілуі тиіс.
Бірінші тараудың мазмұны, әдетте, әдебиет көздерін пайдаланып, дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша жазылған теориялық мәселелер болып келеді. Түсініктерді дұрыс баяндау, олардың дәлдігі және ғылыми негізділігі өте маңызды.
Екінші тарау, әдетте, 3-5 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін талдауға, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының тәжірибесін зерттеуге арналуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауының мазмұнын кестемен, сызбамен, диаграммалармен безендіру қажет. Кестелердің нөмірі мен тақырыбы болуға тиісті. Кестенің жоғары жағында өлшем бірлігі көрсетілуге тиісті. Егер кестеде бірнеше өлшем бірлігі болса, онда оларды әрбір бағанада немесе жолда көрсету керек.
Көрсеткіштердің серпініне факторлардың әсерін анықтау үшін және олардың заңдылықтарын көрсету үшін есеп беру мәліметтерін өңдегенде экономикалық талдаудың заманауи әдістерін пайдалану керек.
Үшінші тарау кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін талдаудан туындайтын қорытынды мен ұсыныстарға арналады. Онда мәселелерді шешу жолдары баяндалады, кәсіпорынның экономикалық жағдайын күшейту, шығындарды төмендету, табыстылық деңгейін жоғарылату жолдары анықталады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі болжам, кәсіпорынның ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық құрылымы, кәсіпорынның тұрақтылығын күшейтетін есептеулер болуы мүмкін.
Төменде бірнеше тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстардың үлгілі мазмұны келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |