1-тақырып. Баға саясатын қалыптастыру және оның кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне әсері
Бірінші тарауда кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін баға саясатын қалыптастырудың теориялық ыңғайларын зерттеу қажет. Өткізу саясатының мәнін, бағаны қалыптастыру кезеңдерін, бағаның өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсерін қарастыру керек.
Екінші тарауда жекелеген кәсіпорынның қызметіне, соңғы 3-5 жылдардағы маңызды нақты көрсеткіштерін пайдалана отырып, талдау жасалынады. Өнімнің бәсекеге қабілеттігін анықтап, өткізу нарығын талдап, кәсіпорынның нарықтағы позициясын анықтау керек. Бұл жерде нарықтағы бағаларды салыстырмалы талдау жасап, баға факторының өнімнің бәсекеге қабілеттігіне әсерін анықтау маңызды.
Үшінші тарауда кәсіпорынның баға саясатын қалыптастырудың инновациялық ыңғайларын ұсынып, баға саясатын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беру керек, жүргізілген есептеулер негізінде өнімнің баға деңгейін негіздеу қажет.
2-тақырып. Аймақтың ауыл шаруашылығындағы инновациялық қызметтің стратегиясын талдау және оны жақсарту жолдары
Бірінші тарауда ауыл шаруашылығында кәсіпорынның экономикалық тиімділігі мен дамуын, оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін инновациялық қызметтің стратегиясын таңдаудың теориялық аспектілері зерттеледі. Кәсіпорынның инновациялық қызметімен байланысты сұрақтарды қарастыру керек.
Екінші тарауда нақты сала мысалында инновациялық қызметтің мәселелері қарастырылады, соңғы 3-5 жылдардағы нақты көрсеткіштерді пайдаланып, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін стратегиялық талдау жасап, инновациялық жобаны енгізу есебінен саланы жүргізу тетігін жетілдіру жолдарын әзірлеу қажет.
Үшінші тарауда студент кәсіпорынның техникалық жабдықталуын жоғарылату арқылы инновациялық қызметті жақсарту жолдары туралы тұжырымдар мен ұсыныстар айтылады, инновациялық жобаны енгізудің тиімділік есебі орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |