Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Түлектердің кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

1 Түлектердің кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламасының мақсаты: биік рухани-адамдық сапаларға ие, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, елдің, бизнес субъектілерінің озық экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті экономика бакалаврларын дайындауды қамтамасыз ету.

5В050600-Экономика мамандығы бойынша жоғары білім беру экономика бакалавры дәрежесі тағайындалатын кадрлар дайындауға бағытталады.

Экономикалық қызмет саласы кәсіби дайындық деңгейіне келесі құзыреттіліктермен сипатталатын ерекше талаптар қояды:


  • әлеуметтік-экономикалық үдерістер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін талдау және интерпретациялау, олардың даму үрдістерін анықтау , ақпараттық шолу және/немесе талдамалық есеп құрастыру қабілеті;

  • типтік әдістемелер мен қолданыстағы нормативті-құқықтық база негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу қабілеті;

  • басқару шешімдерінің ұсынылып отырған нұсқаларын сыни бағалауға, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі өлшемдерін, тәуекелдер мен ықтималды әлеуметтік-экономикалық салдарларын ескере отырып, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және негіздеу қабілеті;

  • жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға, іс-әрекеттегі кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және кеңейту, өнімнің жаңа түрлерін енгізуге қатысты жобалық есептеулер әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру, арнаулы құжаттар (техникалық-экономикалық негіздеме, бизнес-жоспар және т. б.) даярлау; сондай-ақ әзірленген жобалардың стандартқа және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

  • экономикалық процестер мен құбылыстардың сипаттамасы негізінде стандартты теориялық және эконометрикалық модельдер құру, алынған нәтижелерді талдау және мазмұндық түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық болжамдар жасау қабілеті;

  • экономикалық, техникалық және әлеуметтік факторлар кешенін ескере отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында еңбек үдерістері мен еңбекақы төлеу жүйесін жобалау, кәсіпорында еңбек нормаларын есептеу қабілеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет