Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»



бет7/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

«КІРІСПЕ» сөзі жеке параққа шегінісі бар айдар түрінде жазылады, бірақ бөлім (тарау) ретінде нөмірленбейді.

Негізгі бөлім

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі.

Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні студенттің шығармашылық түпкі ойын ашып, қолданылатын зерттеу әдістерін, қабылданған есептеу әдістерін негіздеуі тиіс, орындалған талдауды сипаттап, қорытындылар жасап, ұсынылатын басқарушық шешімдердің тиімділігін бағалау тиіс, қажет болған жағдайда суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б. келтіріледі.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі үш бөлімшеден тұрады: теориялық, талдамалық және есептік-болжамдық.

Негізгі бөлім келесілерден тұрады:

- заңнамалық, нормативтік құжаттарды, оқу және ғылыми әдебиеттерді, сонымен қатар мерзімді басылымдардың материалдарын зерттеу, мәселелердің мәні, оның рөлі және мағынасын сипаттау;

- зерттеу бағыттарын негіздеуден тұратын зерттеу бағыттарын таңдау, мәселерді шешу әдістері мен оның салыстырмалы бағалауы, зерттеуді жүргізудің жалпы әдістемесін баяндау;

- мәселенің заманауи жағдайын экономикалық бағалау, материалдарын пайдаланып жұмысты орындаған ұйым немесе кәсіпорындарға қысқаша сипаттама беру, жеке өзінің ұстанымын негіздеу және жазу;

- зерттеу нысандарын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дәлелденіп, есептеулермен расталынуы керек, бұл олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз етеді.

Қорытынды

Қорытындыда дипломдық зерттеулердің нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды жасалынуы керек, қойылған міндеттерді шешудің толықтығы бағаланып, зерттеу нысаны және практикалық қолдану бойынша нақты ұсыныстар берілуі керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмыс мәтінде сілтеме берілген ретпен барлық әдебиет көздері көрсетілуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25-30 әдебиет көздерінен кем болмауы және ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделуі керек.

Қосымшалар

Қосымшаларға негізгі бөлімде көрсетілмеген, дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет