Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Дипломдық жұмысты жазу тәртібіне қойылатын талаптар



бет5/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

4 Дипломдық жұмысты жазу тәртібіне қойылатын талаптар
Кафедра ұсынысы бойынша әрбір студентке дипломдық жұмысты орындау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері университеттің профессор-оқытушы құрамынан, университеттің ғылыми-зерттеу бөлімдерінің ғылыми қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардан осы тақырып бойынша тәжірибесі бар жетекші мамандары арасынан тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

- дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;

- студентке дипломдық жұмысты орындауға кететін барлық мерзімге күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

- студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және статистикалық материалдарды және басқа да әдебиет көздерін ұсынады;

- кестеде көрсетілген уақытта студенттермен кеңес өткізеді, оны өткізген кезде дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесін студенттің қалай орындап жатқанына ағымдағы бақылау жүргізіп отырады;

- дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және диплом жазушы мен кеңесшілердің жұмыстарын үйлестіреді.

Күнтізбелік кесте жекелеген бөлімдердің орындалу кезектілігін көрсетіп, барлық кезеңге жасалады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

Қажет болған жағдайда, ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша, кафедра ғылыми басқаруға берілген уақыт есебінен дипломдық жұмыстың белгілі бір бөлімдері бойынша кеңесшілерді шақыруы мүмкін.

Кеңесші болып профессорлар, доценттер, оқытушылар және ЖОО ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. Кеңесшілер студенттердің орындаған жұмысының тиісті бөлімдерін тексеріп, қол қояды.

Дипломдық жұмысты бастағанға дейін, шығарушы кафедра тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті ЖОО білім беру стандартына сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарды анықтайтын әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етуі тиіс.

Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындау бойынша кезекті есеп беру мерзімін анықтайды. Осы мерзімде студент ғылыми жетекшінің және кафедра меңгерушісінің алдында жұмыстың орындалуы жайында есеп береді, сол арқылы дипломдық жұмыстың орындалу дәрежесі белгіленеді.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулық, оқу құралы, мерзімді әдебиеттер, дәріс курсы, журналдар, оның ішінде шетел тілінде, нормативтік әдебиеттер және т.б) терең зерттеу негізінде орындалады.

Әрбір дипломдық жұмыс берілген тапсырмаға сәйкес келешегі бар теориялық және тәжірибелік жекелеген мәселелерге арналуы керек.

Дипломдық жұмыста қабылданған шешімдер үшін, барлық мәліметтердің дәлдігіне және шынайылығына студент – дипломдық жұмыстың авторы жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет