Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»



бет9/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

Кестені рәсімдеу мысалы:

5-кестеде соңғы 3 жылда өнімнің негізгі түрлері бойынша өндірілген өнім көлемінің өзгеру серпіні келтірілген (5-кесте).


5 кесте - 2017-2019 жылдардағы өнімнің негізгі түрлері бойынша өндірілген өнім көлемінің өзгеру серпіні


Өнім түрі

2017ж

2018ж

2019ж

млн теңге

%

млн теңге

%

млн теңге

%

1



















2



















3


















Көп қатарлы кестені басқа параққа(бетке) ауыстыруға болады. Кестенің бір бөлігін басқа параққа (бетке) ауыстырғанда «Кесте» сөзі және оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінде бір рет көрсетіледі, ал басқа бөлігінің үстінде «Жалғасы» деп жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1кестенің жалғасы». Кестені басқа параққа (бетке) ауыстырғанда тақырып бірінші бөлігінің үстіне жазылады. Кестенің бір бөлігін ауыстырғанда шек қоятын төменгі көлденең сызықты жүргізбейді.

Бағанасы көп кестені қосымшада көрсеткен дұрыс болады.

Егер әртүрлі қатарларда (бағанада) қайталанып отыратын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бір рет жазылғаннан кейін тырнақшаға алуға болады, ал егер екі және онан көп сөзден тұратын болса, онда бірінші рет қайталанғаннан кейін «Сол» деген сөзбен ауыстырылады, одан кейін тырнақшаға алынады. Қайталанып отыратын сандардың, марканың, белгілердің, математикалық және химиялық рәмізінің орнына тырнақша қоюға рұқсат етілмейді. Кестенің кейбір жолдарында сандық немесе басқа мәліметтер жоқ болса, онда ол жолда сызықша қойылады.

Қосымшаларда көрсетілетін кестелерден басқалары басынан бастап араб санымен нөмірленуі керек.

Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда кестенің нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Мысалы: «3.1 кесте».

Кесте сол, оң және төмен жағынан, әдетте, сызықпен шектеледі. Кестедегі шрифт мәтінге қарағанда кішірек болуы мүмкін.

Бағанадағы тақырыпты, әдетте, қатарға параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағана тақырыбын перпендикуляр орналастыруға болады. Кестенің бас жағы оның басқа бөлігінен сызықпен бөлінуі керек.

«Ескерту» сөзін кіші әріппен абзацпен астын сызбай жазу керек.

Ескертулер дипломдық жұмыста мәтін, кестелер немесе графикалық материалдар мазмұнына түсіндіру немесе анықтама мәліметтер қажет болған жағдайда келтіріледі.

Ескертулерді тікелей қатысты мәтіннен, графикалық материалдар немесе кестелерден кейін орналастыру керек. Егер ескерту біреу ғана болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылады да, ескерту кіші әріппен жазылады. Ескерту біреу ғана болса, онда нөмірлемейді. Ескерту бірнеше болса, онда реті бойынша араб санымен нүкте қойылмай нөмірленеді. Кестеге ескерту кестенің біткенін білдіретін сызықтың үстінде кестенің соңында келтіріледі.

Формулалар мен теңдеу мәтіннен бөлініп, өз алдына жеке жолға жазылады. Формула мен теңдеудің жоғарысында және төменінде кемінде бір қатар жол қалдырылады. Егер формула бір жолға сыймайтын болса, онда оны теңдік белгісінен (=) кейін немесе оң (+), теріс (-), көбейту (×), бөлу (:) немесе басқа матемактикалық белгілерден кейін көшіруге болады, бірақ та белгі келесі жолдың басында қайталанады.

Рәміз бен сандық коэффициенттердің мәнін түсіндіруді формуладан төмен, онда көрсетілген ретпен келтіру керек.

Дипломдық жұмыста формулалар реттік нөмірі дөңгелек жақшада болатын араб санымен барлық жұмыстың шегінде сол қатардың оң жағында орналасады.
Мысал:

A = a : b (1)

B = c + d (2)

Мәтінде формуланың реттік санына сілтеме жақша ішінде көрсетіледі. Мысалы – (1) формулада.

Формуланың нөмірін бөлім шегінде де көрсетуге болады. Бұл жағдайда формуланың нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

Пайдаланған әдебиетке сілтеме мәтінде пайда болуына байланысты араб санымен квадрат жақшада келтіріледі, мысалы: [1].

Дипломдық жұмыстың мәтінінде пайдаланған әдебиеттер әдебиет көзіне сілтеме жасалған ретімен орналастырылып, араб санымен нөмірленеді, нөмірден соң нүкте қойылмайды, және абзацтық шегінумен басталып басылады.

Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде келесі беттерде рәсімделеді.

Дипломдық жұмыста барлық қосымшаларға сілтеме жасалынуы керек. Қосымшаларды сілтеме жасалған ретпен орналастыру керек.

Әрбір қосымшаны жаңа парақтан бастап, оның үстіне «Қосымша» деген сөзді және оның белгісін парақтың ортасына орналастырып жазу керек.

Қосымшаның тақырыбы болуға тиісті және ол бөлек жолға мәтінге симметриялы жазылуы керек.

Қосымшалардың беттері дипломдық жұмыстың қалған бөліктерімен ортақ басынан басталған нөмірмен белгіленуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет