Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына талаптар



бет4/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

3 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына талаптар
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары экономика мен оның аймақтарының, салалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес келіп, ғылым мен техниканың заманауи жағдайына лайықты болып, үдемелі индустриялық даму бағдарламасымен тығыз байланыста болуы керек.

Студенттің диплом жұмысының тақырыбын таңдауы өте маңызды, өйткені тақырыпты және зерттеу нысанын дұрыс таңдау оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыстың тақырыптамасы бітіртуші кафедрамен жасалынады және кафедра мәжілісінде бекітіледі.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестациялау туралы ережеде студентке дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау құқығы берілген. Көрсетілген тақырып тізімінен студент дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдайды, сонымен қатар әзірлеуде оның тиімділігін негіздей отырып, өзінің тақырыбын ұсынуға құқығы бар.

Нақты экономикалық және инновациялық мәселелерді шешуге дипломдық жұмысты бағдарлау студенттердің дербестігі мен белсенділігін дамытудың маңызды түрі болып саналады.

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне арналған тақырыптар да дипломдық жұмыс жасау тәжірибесінде бар.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдаудың негізгі өлшемі студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығы болып танылады. Бұл, ең алдымен, көп уақыт бойы белгілі бір тақырып бойынша материалдар жинаған, ғылыми студенттік конференцияларға қатысқан студентке қатысты. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдағанда, студент қандай тақырып бойынша қаншалықты толық материалдар жинайтынын, кәсіпорынның тәжірибелік жұмысын толығымен пайдалана алатынын ескеруі керек болады.

Тәжірибемен оқытудың байланысын арттыру мақсатында «Экономика» кафедрасы студенттерге нақты тапсырыс бойынша дипломдық жұмысты орындауды ұсынады, яғни ұйым мен кәсіпорынның тапсырысы бойынша тақырып орындалады.

Ұйым мен кәсіпорын өзінің қажеттілігін ескере отырып, оқу орындарына студенттермен орындалатын дипломдық жұмыстың кейбір тақырыбын әзірлеуге тапсырыс береді.

Дипломдық жұмыс ретінде нақты тақырыпты әзірлеуге тапсырысты кәсіпорын басшысы кез-келген меншік иесімен келісім-шарт есебінде рәсімдеуі мүмкін немесе тиісті оқу орнына хат арқылы жіберуі мүмкін.

Кафедраның ұсынысы бойынша дипломдық жұмыстың тақырыбы студенттің атына бекітіледі, ол диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибеге кетер алдында жоғары оқу орнының ректоры бұйрығымен рәсімделенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет