Туризм географиясы



бет37/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
ә) жастар туризмі;

б) ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады.

Әлеуметтік құрылымы бойынша

а) қала тұрғындарының туризмі;

ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі бо­лады.

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады:

а) қонақ үй типтес және

ә) қонақ үй типті емес туризм.

Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей:

а) рекреа-циялық,



ә) экскурсиялық және

б) мамандандырылған немесе ар­найы туризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден түратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орын-дармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға неме­се елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады.

Қозғалыс әдісі мен көлік құралдарын қолдану бойынша туризмнің үш тобы бөлінеді:

а) белсенді (көлік құралдарынсыз);

ә) пассивті (мо-торлы көлік құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмі деп аталады);

б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризм түрі.

Осындай белгілер бойынша жасалған жіктелу, әрине, шартты түрдегі жіктелу екені түсінікті. Мұнда ең басты белгіні тауып анықтау маңызды.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен, авиациялық (рейс немесе чартер), темір жолмен, теплоходпен (теңіз, өзен, көл кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі жолаушылар тасымалының бір ширегі авто­мобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70% өз көліктерімен саяхаттайды (50-ші жылдары бұл көрсеткіш 25% болған), АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды. Алыс емес жерлерге туристерді көбінесе автобус көлігі тасымалдайды, алыс және өте алыс жерге - авиация көлігі. Мысалы, атлантикалық желілерінде авиациялық тасымалдың дамуы нәтижесінде теңіз жолаушылар тасы-малы күрт азайды.

Чартерлік авиациялық тасымал қазір кең қолданылады. Чартерлік ұшақ дегеніміз бір немесе бірнеше тасымалға жалданған үшақ. Чартерлік үшақтармен инклюзивтурлар, яғни алдың ала келісілген маршрут бойынша көлік шығындары күні бұрын төленген топтық туристік саяхаттар іске асырылады.

Туристік темір жол тасымалының маңызы төмен, әсіресе аумағы кішкентай елдерінде. Дегенмен темір жол көлігі жайлылығын жоғарылату мен жылдамдығын 200-250 км/сағатқа шейін жеткізу арқылы бэсекелестікте жеңу әрекеттерін жасауда. Темір жол көлігіне инклюзив-турлары да енгізілуде. Рекреацияның туристік пойыз сияқты формасы кең тараган. Сонымен қатар, темір жол тасымалының арзан бағасы да маңызды рөл ойнайды.

Теңіз көлігінің паромдық тасымалдағы, оның ішінде туристердің автомобильдерін тасымалдауындағы рөлі жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде круиз туризмі де шапшаң дамуда. Круиз дегеніміз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау.

Круиз маршруттары көбінесе жылы теңіздерге қарай бағытталады. Жерорта теңізі бойынша, оның ішінде Грекия аралдарына жасалатын круиздер ең жақсы дамыған. Екінші орында Кариб ауданы орналасады, онда алдыңғы қатарда Бағам аралдарындағы круиздер. Скандина­вия елдерінің порттары да артта қалмайды. Тынық мұхит алқабында да круиздер саны өсуде. Круиздік кемелерін шығару бойынша бірінші орында Нью-Йорк порты орналасады. Круиздік туризммен айналы-сатын алдағы қатардағы елдер - Англия, Норвегия, Грекия, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту үшін туристік фирмалар мен агенттіктер өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған.

Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы мағынадағы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының маңызы жоғары.

Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес,туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығын кеңейтеді және көрсеткен қызметінің өтілу кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген салық және несиелік саясаты жүргізіледі.

Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың көптеген топтарын қамтиды. Басынан бастап бұл жүйе қол еңбегімен айналыскан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам мен жас мөлшер сатыларына жататын топтар пайдаланады.

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық органдардың табысы темен халық топтарының де-малысын ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде әлеуметтік ту­ризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін құбылысқа айналды.

Қазіргі кезде бұқаралық туризм ұғымы туристік қозғалыстың демократиялануы мен кеңеюін көрсетеді. Жақсы дамыған Батыс ин-дустриалды елдерінде халқының жартысынан көбі туристік өнімнің, яғни туристік тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Бұқаралық туризм ұғымы XIXғасырдағы ақсуйектер туризміне қарама-қарсы түсінік ретінде енгізілді. Ақсүйектер немесе аристократиялық туризм тұтынушылардың өте жүқа таптарына арналған, ал дамушы елдерінде өмір деңгейі өте төмен болғандықтан бұл жергілікті тұрғындардың қолы жетпейтін туризм түрі.

Бұқаралық туризмге тағы бір қарама-қарсы мағынасы бар түсінік - қалтасы өте қалың клиенттерге арналған элиталық туризм. Бұлар үшін туристік нарықтағы бағалар маңызды емес, бірақ ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету сапасына олардың қоятын талаптары өте жоғары. Элиталық туризмнің дамуы букіл туристік бизнеске ықпал жасайды, қызмет көрсетудің жаңа жоғары стандарттарын бекітіп таратады жәненәтижесінде қалай да болса халық өмірі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Элиталық туризм сондықтан «туристік локомотив» деп жай аталмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет