У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет14/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

Әдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары, адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары; дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана


ұлттық мінезді
қалыптастырады; мейір шапағатқа, ақыл-парасатқа жетелейді; халықтың тұрмыс-тіршілігін, қадір-қасиетін білуге шақырады

8

Ғұлама ойшылдардың педагогикалық, этикалық көзқарастары – ақыл-парасат, ізгілік адамгершілік құндылықтар туралы ой-тұжырымдамалары


болашақ мұғалімдерді данышпан-кемеңгер ойшылдардың ұшан-теңіз ой-пікірлері ұлағатты тәрбиенің нәрімен сусындатады, өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуге ынталандырады

9

Ақын-жыраулардың озық ой-пікірлері – халқымыздың асыл да мол мұрасы, ақыл-ойға, тәлім-тәрбиеге негізделген сөз маржаны, парасатты ойға, ұтқыр шешімге, тапқырлыққа құрылады. Алдарына қойған мақсаттары: еңбеккор, Отанын, елін, ұлтын сүйетін, ата-анасын қадірлейтін, кішіге қамқор болатын, ұлттық намысы бар, ұлтжанды азамат тәрбиелеу


сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті шеберлігін дамытып, өсиет-өнегелер парыздылық сананы, сезімді, сенімді қалыптастырады; жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырады

Педагог тұлғасының сипаттамасы бірнеше сапалық қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Бұл сапалық белгілер тұрақты түрде дәлелденуі тиіс. Біз, өз пайымдауымызша, болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын халықтық педагогика құралдары арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін мынадай ретпен ашып көрсетуге тырыстық:
1. Парыз – рухани әдептіліктің талабы. Мұғалімнің өз бойындағы озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы, ұстаздық парызы. Ұрпақтарымызды «жаман әдеттен құтқару үшін» ұстаз мейілінше сана-сезімін кемелдетіп, кәсіби міндеттеріне сәйкес болу жолында өзін-өзі танып біліп, тұлғалық қасиеттерді жетілдіруге үнемі ынталандыруды қажетсініп, өз бойында парыздылық сана-сезімін дамытуға тиіс. Болашақ мұғалімді биязы мінезді, ұлағатты ұстаз етіп тәрбиелеу ісі педагог мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының ортақ ісі. Ата-бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтеретін рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Осынау асыл өсиеттей аталы сөздерді білу – бәріміздің парызымыз. Парыз – адамның ішкі талап тілегі, моральдық идеал ұйғарымын орындау, қажеттігін сезіну. «Өнегелі дана жоқ жерде өнерлі бала да жоқ», - деген халқымыз келер ұрпағын қателіктен, жаңсақ қадамдардан ұдайы қақпайлап, ылғи да түзу жолға сілтеп отырған.
2. Адам әдебімен көрікті. Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі. Халқымыз ерте кезден-ақ әдепті жоғары бағалай білген. Қазақ ұлдары мен қыздарының бойында әдептілік қасиеттері байқалып тұрған. Ұнамды қарам-қатынас жасай білу - әдептілік. Бұл – адам баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, тіршілік құру жолындағы алға ұстап келе жатқан қағидасы. Әр заманда әр халыққа тән әдеттер мен дәстүрлер өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындап, ғасырдан ғасырға жалғасып, ұласып жатады. Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашанда халықтың өлең жырларынан, тапқыр шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен тиісті орын алып отырған: «Әдептілікті данадан үйрен, мейірімділікті анадан үйрен», «Әдепті бала – елінің көркі», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар», т.б. Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды «әдепті бала екен» дейді. Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл адамның өскен ортасына, төңірегіндегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Мұғалім мамандығы ұрпақтар арасын жалғастырушы, сол себепті ұлттық мектептің ұлы мұратын іске асыратын ұстаздар қауымы, ұлттық намысты ту етіп, білімін, қажыр-қайратын елдің болашағын көркейтер қасиетті істен аянбауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет