Уқас Ахметов Т. С


Эпилептикалық синдром даму себебін көрсетіңіз, негіздеңіз?



бет6/16
Дата19.07.2022
өлшемі129,15 Kb.
#37751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Эпилептикалық синдром даму себебін көрсетіңіз, негіздеңіз?

Науқаста эпилектикалық синдромның болуы он ай бұрын ми инфакртісінің басынан өткізуі себеп болып табылады, яғни сол аймақта рубец қалыптасып оның ісінулер мен қозғалтпалы жүйке жүйелернің қозуы арқылы қаңқалы бұлшықеттердің сіреспелі түрде жиырылуына әкеліп соқтырады.

  1. Топикалық диагноз қойыіыз?

Жоғарғы үштен бір прецентральді қыртыс, сол жақтың кортико-нуклеарлы жол.

  1. Алдын ала диагноз?

Фокальді эпилепсия, Фокальді клоникалық ұстамалар, естің сақталуымен. ОНМК иемиялық типі. Оң жақтық жеңіл гемипарезі.

  1. Критерийлері

1-деңгей ұстаманың типің анықтау: фокальді
2-деңгей эпилепсияның типін анықтау: фокальді
3-деңгей эпилептикалық синдромды қою: естің бұзылуынсыз моторлы эпилепсия
4-деңгей эпилепсияың этиологиясын анықтау: құрылымдың, яғни ми инфарктісінен кейін мида пайда болған ақау барысында дамыған эпилепсия.

  1. Ажыратпалы диагноз?

Энцефалит және мидың ісігі, инсульттәіздес ағым.
Аталған диагноздарды жоққа шығару үшін КТ және МРТ жасалынадды.
УЗДГ кезнде ишемиялық инсультта жоғарыда аталған диагноздан айырмашылығы мойынның магистральді артерияларында атеросклеротикалық өзгерістер болады.

  1. Қосымша тексерістер?

  • ЖҚА

  • БХ

  • ЖЗА

  • ЭЭГ

  • МРТ

  • КТ

8.Науқас Нажмудтинов Э.П. 40 жаста., қатты суық тигеннен кейін және ауыр көтергенен кейін, белінде қатты ауырсыну пайда болды, ауырсыну сол жақ сан және балтырдың сыртқы бетіне беріледі, сол табаның үлкен бақайына дейін беріледі, дене қимылы барлық бағытта шектелген. Бұның алдында бел ауырсынуы анда санда қысқа мерзімді мазалаған, медициналық көмек алмаған, уақытша жақсарумен өздігінен емделген.


Қарағанда: Тері беткейі физиологиялық түсті, ылғалды. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Кеуде қуысы қалыпты пішінді, тыныс алу актісіне дұрыс қатысады Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ 18.


Қан айналу жүйесі: Жүрек аймағы өзгеріссіз. Жүрек тоны тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖҚЖ 75 мин., АҚ 120/80 мм рт ст.

Неврологиялық статуста: Бел бұлшық еттерінің айқын дефансы, бел лордозы жазылған, Пальпация кезінде омыртқа маңы нүктелерде L3-S2 деңгейінде сол жақтан айқын ауырсыну және сол жақ отырықшы жұйке шығу нүктелеріндегі ауырсыну. Бұлшық ет тонусы өзгермеген. I бақай жазғышының әлсіздігі байқалады. L5 дерматома аймағында гипестезия, терманестезия. Аяқ рефлекстері сақталған, симметриялық. Ласега симптомы сол жақтан 400 , оң жақтан шеткері деңгейде оң. Координаторлы сынамаларды дұрыс орындайды. Қыртысты белгілер жоқ.



  1. Бұл ауру этиологиясы, патогенезі.

  2. Топикалық және клиникалық диагноз қойыңыз, негіздеңіз.

  3. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру өткізу керек? Тексерулер тағайындалуын негіздеңіз.

  4. Қандай аурулармен ажыратпа диагноз жүргізуге болады?

  5. Осы ауру барысында қандай асқынулар дамуы мүмкін?

Жауаптары:

  1. Радикулиттің этиологиясы әртүрлі болады. Ең жиі кездесетін себептері: омыртқааралық дисктің остеохондрозы,спондилоартроз, диск грыжасы, травмалар, дисктің ісігі және қабынуы.

  2. Патогенез:Радикулитте омыртқааралық шеміршек дискілері икемділікті жоғалтады және омыртқалар арасындағы қашықтық азаяды, бұл жұлыннан шығатын жүйке талшықтарының түйіндерінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Дискілердің биіктігінің төмендеуіне жауап ретінде омыртқаларда шеткі остеофиттер пайда бола бастайды, олар шеттерін жауып, кейіннен омыртқаларды белгілі бір позицияда бекітеді. Нәтижесінде физикалық жүктемеде жүйке тамырларына қысым жасап, ауырсынуды тудыруы мүмкін.

3. Топикалық диагноз: L5 түбіршегінің қысылуымен L3-S2 омыртқааралық дискілерінің зақымдалуы. Себебі, науқаста орташа айқын вертебральды синдром сипатталады: бел аймағының бұлшықеттерінің айқын дефансы, бел лордозының жазылуы. L3 - S2 омыртқалары деңгейінде паравертебральды нүктелерде пальпация кезінде ауырсыну.Науқаста орташа айқын сол жақтық түбіршектік синдромы анықталды: физикалық белсенділіктен кейін пайда болған жамбастың, төменгі аяқтың, сол жақтағы бас бармақтың сыртқы бетінде қатты ауырсынудың болуы. Сондай-ақ, Ласеганың оң белгілері 40 градус температурада байқалады. Сондай-ақ, тексеру кезінде L5 түбірінің қысылуы байқалады, өйткені иннервацияның осы аймағында гипестезия және терманестезия бар.Науқаста орташа айқын бұлшықет-тоникалық синдром бар: бел-сакральды омыртқадағы паравертебральды бұлшықеттердің тұрақты ауырсынатын патологиялық кернеуі .


4.Клиникалық диагноз:Лумбосакральды бөлімнің остеохондрозы. Омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері аясында бұлшықет-тоникалық көріністері бар сол жақтағы L3 - S2 түбіршектерінің дискогенді радикулопатиясы. Созылмалы рецидивті ағым, өршу фазасы. Себебі, ауырсыну синдромы:(белінде қатты ауырсыну пайда болды, ауырсыну сол жақ сан және балтырдың сыртқы бетіне беріледі, сол табаның үлкен бақайына дейін беріледі, дене қимылы барлық бағытта шектелген), бұлшықеттік-тоникалық синдром: (Бел бұлшық еттерінің айқын дефансы, бел лордозы жазылған), түбіршектік синдром: (L5дерматома аймағында гипестезия, терманестезия.Ласега симптомысол жақтан 400, оң жақтан шеткері деңгейде оң) анықталып тұр.


5. Электромиография: түбіршіктер және өрімдердің зақымдану деңгейін нақтылау Бұлшықеттердің екіншілік нейрональды зақымдануын табу сегментарлы зақымдану деңгейін дәлділікпен анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет