Учебный курс "Правила дорожного движения" в 5-8 классах ведется по 10 часов в каждом классе за счет классных часов и во внеурочное время с указанием темы и даты занятий на отдельной странице классного журнала


Учебный предмет «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/28
Дата29.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#121171
түріУчебный курс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Выписка из инструктивно-методического письма 2021-22. Основная школа

Учебный предмет «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары.).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:

  • 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  • 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  • 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  • 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  • 9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  • 5-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

  • 6-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

  • 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  • 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  • 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9сыныптарына сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқытуы қазақ тілінде емес) жүзеге асырылады.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері:
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы оқу жүктемесінің көлемі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының оқу жүктемесінің көлемінен 2 сағатқа кем;
- Оқу мақсаттары жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
5-9-сыныптарда оқу процесі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
- білім алушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.
Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым; 5) тілдік бағдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет