Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#611
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Сөздік 
Отан – Родина 
туған жер – родина, место рождения 
киелі орын – священное место  
балалық шақ – детство 
ошақ басы – очаг  
кент – город 
мөп-мөлдір көлдер – прозрачные озера 
асқар тау – высокая гора 
құндылықтар – ценности  
тасымалдаушы – перевозчик, носитель 
 
мекен етеді – обитают  
ата-бабалар – предки  
шұрайлы – плодородный 
шөбі шүйгін – трава сочная, питательная 
мақтан тұтамын – горжусь 
өлке – край, регион 
ардақтау – прославлять, уважать 
байтақ – необъятный, обширный, широкий 
рухани бұрышы – духовный уголок  
өсімдіктер – растения  
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Сіз үшін Отан деген не? 
2.
 
Отанға деген махаббат сезімі қай кезде оянады?
 
3.
 
Отанға тақырыбына орыс, қазақ тілдерінде қандай мақал-мәтелдер білесіз?
 
4.
 
Өзіңіздің туған жеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз.
 
5.
 
Өзіңіздің туған жеріңіз сіз үшін ыстық па, ыстық болса несімен ыстық? 
 
 
3-
тапсырма.  Берілген  сөздермен,  сөз  тіркестерімен  сөйлем 
құрастырыңыз. 
Үлгі: Мен өз жеріммен мақтан тұтамын.  
 
Кент, мөп-мөлдір, өсімдіктер, жануарлар, мекен етеді, көлдер, асқар тау, 
аңдар, құстар, құндылықтар, шұрайлы, киелі орын, рухани бұрыш, балалық 
шақ, шөбі шүйгін. 
 
4-
тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, көшіріңіз. 
1.
Менің  туып  өскен  жерім  -  (суверенный)  Қазақстан.  Қазақстанның 
(богатства) өте (много) және қазынаға бай ел. 2.Біздің еліміздің (природа) өте 

41 
 
сұлу.  3.Биік-биік  асқар  тау,  мөп-мөлдір  (өзера),  неше  түрлі  (растения)  мен 
дәрілік (свойство) бар (травы) өседі. 4.Қазақстан жерінде (звери) мен құстар, 
неше  түрлі  (животные)  мекен  етеді.  5.Сол  жерде  біздің  (предки), 
батырларымыз,  (поэты),  (ученые)  туып  өскен.  6.Қазақстандай  жері 
(плодородный),  шөбі    (сочная)  өлкені  мен  әрқашан  да  (горжусь). 
7.
Қазақстанның (широкая) даласындай байтақ (степь) еш жерде жоқ шығар. 
 
 
10-
САБА
Қ
 
 
ГРАММАТИКА:  Модаль  сөздер  (модальные  слова).  Одағай 
(междометие). 
Еліктеу сөз (подражательные слова) 
Модаль  сөз  (модальные  слова)  выражают  мнение  говорящего,  его 
отношение к различного рода высказываниям, его оценку происходящему, а 
также  чувства,  которые  испытывает  говорящий:  Әрине,  саған  бәрібір! 
Қолымды ауырттың ғой!     
рас - действительно       
расында - на самом деле 
мүмкiн - наверное, возможно                             
керек - необходимо 
әрине - конечно                                                    
қажет - нужно 
шынында - в действительности                        
тиiс - должен 
әлбетте - непременно     
ықтимал - вероятно 
сияқты - похожий                                      
ғой – же 
бәсе - это другое дело                                          
екен - оказывается 
шығар - наверное                                                  
шамасы - видимо 
болар - должно быть                                           
бiлем - кажется 
тәрiздi - как будто                                               
көрiнедi - кажется 
секiлдi - как                                                            
 
По значению их можно подразделить на две основные группы: 
1.Болымды модаль сөз: рас, әрине, шынында, қажет, керек, бәсе. 
2.Болжаулық модаль сөз: мүмкін, шығар, тиіс, сияқты. 
Одағай  (междометие)  -  это  часть  речи.  Междометиями  называются 
неизменяемые  слова,  служащие  для  передачи  различного  рода  чувств, 
эмоций, переживаний, слова - сигналы, пробуждающие к действию, а также 
слова,  выражающие  общепринятые  условности  бытовых  отношений. 
Междометия не имеют лексического значения. 
Междометия по значению делятся на три вида: 
1.  Көңіл  күй  одағайлары  шаттану,  таңырқау,  аңсау,  ұнату,  ренжу,  түңілу, 
өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Мысалы: пәлі, ойпырай, 
алақай, пай – пай, туу, уһ, әттең. 
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. 
3. Шақыру одағайлары. Мысалы: құрау – құрау, шөре – шөре, көс – көс, айт, 
қош – қош, моһ – моһ, құр – құр, кә – кә, пырс. 
Мысалы:  Бәрекелдi!  Өлеңдi  жақсы  айтады  екенсiң!  «Браво!  Хорошо 
поешь!»  Ойбай,  неткен  күшті  едің!  «Ой,  какой  ты  сильный!»    Қап,  соңғы 

42 
 
такси  кетiп    қалды  -  ау!  «Эх,  последний  такси  уехал!»  Рақмет,  қызым, 
рақмет! «Спасибо, доченька, спасибо!» Кеш жарық! «Добрый вечер!»  
Еліктеу  сөздер  (подражательные  слова)  –  слова,  которые  применяются 
для подражания звуков, издаваемых одушевленными или неодушевленными 
предметами. Основная функция в предложении – обстоятельство.  
Құрамына қарай (по составу) бывают: 
1.  Дара  (простые)  –  бір  ғана  сөзден  тұрады  (состоит  только  из  одного 
слова). Мысалы: шалп, сарт, сырт, көлбең, қайқаң, тарс, күмп, жымың.  
2.  Күрделі  (сложные)  –  екі  сөздің  қосарлануынан  жасалады  (состоит  из 
двух слов). Мысалы: маң-маң, гүр-гүр, дір-дір, тарс-тұрс, қисаң-қисаң. 
Мағынасына қарай (по значению) бывают: 
 
1.  Еліктеуіш  сөздер  –  түрлі  дыбыстарға  еліктеуден  туындаған  сөздер 
(звукоподражательные  слова,  образованные  для  подражания  различных 
звуков). Мысалы: тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, тасыр-тұсыр
2.  Бейнелеуіш  сөздер  –  көру  арқылы  сипаттайтын  еліктеу  сөздер 
(образоподражательные  слова).  Мысалы:  бүлк,  қалт,  селк,  желп,  морт, 
қисаң-қисаң.   
 
1-
жаттығу. Мына сөйлемдерді аударып, модаль сөздерді табыңыз. 
1.
 
Шынымды айтсам, өзің бір қызық екенсің. 2. Расында да, айтқаныңыз 
дұрыс. 3. Үйіңде ешкім жоқ шығар. 4. Мүмкін, мен оны білетін шығармын. 5
Әрине, менікі дұрыс!  6. Сен сияқты адамдар аз. 7. Шынында, оның айтып 
отырғаны  дұрыс.  8.  Менің  оны  танымайтыным  рас  екен.  9.  Қолымды 
ауырттың-ғой. 10. Студенттер уақытында келуге тиіс.   
 
2-
жаттығу. Жақшаны ашып, модаль сөздерді аударыңыз.  
1
.(Действительно), айтып отырғандарыңның бәрі де шындық. 2.(На самом 
деле), мен бұл жайында ойланбаппын. 3.(Возможно), қазақ тілі сабағынан бес 
алармын.  4.(Конечно),  жаны  ашымастың  қасында,  басың  ауырмасын  деген.   
5
.(В  действительности),  өзің  ақылды  адам  екенсің.  6.Меніңше,  ол 
уақытысында келуге должен. 7.(Знаю), мен бәрін де біліп, түсініп отырмын. 
8
.Сенің сабақты жақсы оқып, көзге түсуің (нужно).  
 
3-
жаттығу. 
Көп нүктенің орнына қажетті модаль сөздерді қойыңыз. 
1.
 
...,  қобызды  жақсы  тартады  екен.  2.  ...,  бұлай  істегеніңіз  қалай?  3. ..., 
келесі аптада боспыз. 4. ..., бір тиыны жоқ. 5. ..., сен оны өз көзіңмен көрдің-
ғой. 6. ..., сендерді кім шақырды? 7. ..., киген киімің маған ұнамайды! 8. ..., не 
істеп  тұрсың?  9.  ...,    бұл  оқушы  нашар  оқиды.  10.  Ол  төрт  қабатты  үйде 
тұрады. 11. Мен саған адам ... айтып отырмын. 12. ..., қашан адам боласың?  
 
4-
жаттығу. Мына сөйлемдерді аударып, одағайларды табыңыз. 
1
.Әй,  сен  мектепке  бар!  2.  Мә,  ақшаңды  ал!  3.  Жә,  бос  ашуланба!  4
Құдай-ай, оған не көрінді сонша! 5. Ал, енді не істейміз? 6. Алақай, ертең біз 
емтихан  тапсырамыз!  7.  Бәрекелді,  суретті  әдемі  салады  екенсің!  8.  Аһа, 

43 
 
мынау салған суреттерің тамаша болыпты! 9. Уһ, сілем қатты! 10. Ол аһлап-
уһлеп әрең жетті. 11. Мә, ал да көзіңді жоғалт!  
 
5-
жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.  
1
. Келе ғой  күшігім, ... -...!  2. ..., міне жігіт!  3. ..., әттеген-ай кеш болып 
кетті!  4.  ...,  сізден  сұрауға  бола  ма?!    5.  ...,  сен  өзі  қандай  адамсың?!  6. ..., 
өркеннің өссін балам! 
Керекті сөздер: Жарайсың! Қап! Әй! Кешіріңіз! Кә-кә! Бәрекелді! 
 
6-
жаттығу.  Диалагты одағайлармен жалғастырыңыз. 
- 
Ғафу етіңіз, бұл менің орным еді! 

Ой, кешіріңіз, мархабат! ... 
 
7-
жаттығу.  Сұрақтарға  берілген  керекті  еліктеу  сөздермен  жауап 
беріңіз. 
1
.Қамыстың арасында ит жүгірсе, қандай дыбыс шығады ? 2. От қалай 
жанып  тұр?3.  Көкек  не  деп  шақырады?    4.  Тамшы  қалай  тамып  тұр?  5
Жылтыр  көйлек  көзге  қалай  көрінеді?  6.  Ит  қалай  үреді?  7.  Кітап  жерге 
қайтіп түсті? 8.Аспанда найзағай қалай ойнайды?  
Керекті еліктеу сөздер: шатыр-шұтыртырс-тырс, жал-жұлт, арф-арф, 
гүрс, лап-лап, сытыр-күтір, ку-ку. 
 
8-
жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөздерді қойыңыз. 
1
.  ...  басқан  түйелер.  2.Балалар  сыныпта  ...  етеді.  3.Тамақ  қазанда  ... 
қайнап жатыр. 4. Өзен ақырын ...  етіп ағып жатыр. 5. Арба алыстан  ... етіп 
келе жатыр. 6.Жер бетінде ...  тіршілік басталды. 7. Сәрсенбек ата баласының 
қылығына ... күлді. 
Керекті  еліктеу  сөздер:  Жыбыр-жыбыр,  мырс-мырс,  маң-маң,  у-шу, 
қиқаң-қиқаң, сылдыр-сылдыр, бұрқ-сарқ. 
 
9-
жаттығу.  Сұрақтарға  жауап  беріңіз.  Жақшаның  ішінде  берілген 
еліктеу сөздерінің керектісін таңдаңыз.  
1
.Аю  қалай  жүреді?  (ақсаң-ақсаң,  қорбаң-қорбаң,  қисаң-қисаң). 
2
.Қуанған  иттің  құйрығы  қалай  қимылдайды?  (бұлғаң-бұлғаң,  бұртың-
бұртың,  қиқаң-қиқаң).  3.Ашуланған  баланың  бет  әлпеті  қандай  болады? 
(сырт-сырт,  бұртаң-бұртаң,  жыбыр-жыбыр).  4.  Шыны  ыдыстар  жерге 
түскенде қалай сынады? (сатыр-күтір, шатыр-шұтыр, тарс-тарс). 5. Аяғының 
кемтігі  бар  адамның  жүрісі  қандай  болады?  (  ақсаң-ақсаң,  ыржың-ыржың, 
салп-сұлп). 
 
 
 
 

44 
 
ЛЕКСИКА: Қазақ халқының ырымдары, салт-дәстүрлері 
 
1-
тапсырма.  Мәтінді  оқып,  өзіңіз  білетін  ырымдар  туралы 
әңгімелеңіз. 
Қазақ халқы үшін  
ай, күн, жұлдыз тылсым дүние болған.  Ерте заманнан 
ай  киелі  саналған,  сондықтан  да  айды  қолмен  сілтеп  көрсетпе  деп  тиым 
жасаған.  Жаңа  туған  айға  «Ай  көрдім,  аман  көрдім,  бұрынғыдай  заман 
көрдім,  ескі  айда  есірке,  жаңа  айда  жарылқа»  деп  арнайы  сәлем  беретін 
болған.  Жаңа  туған  айға  сәлем  беру  әлі  де  бар.  Сондықтан  киелі  нәрсені 
саусақпен көрсетуге болмайды. 
Қазақ  халқы  бас  киімді  аса  қадірлеген.  Бас  киіммен  ойнама.  Бас 
киімді біреуге берме.  Бас киімді аяқ астына тастама, бас киімді баспа.  Бас 
адамның  ең  қадірлі  мүшесі.  Сол  себепті  басқа  киетін  киімді  басу,  ойнау 
жаман  ырым  болып  есептелінеді.  Егер  бас  киіміңді  басқа  адамға  берсең 
бағың кетеді деп ырымдайды. Оның үстіне, бұл тазалықтың белгісі. 
Үй  айналма.  Қазақтың  киелі  панасы  өзінің  үйі.  Үйде  ысқыруға,  үйге 
қарай жүгіруге, үйге қарап  дәрет сындыруға болмайды.Үйді жау шапқанда, 
адам не істерін білмегенде айналады. Ал бейбіт, бақытты өмір кезінде бұлай 
істеу сол жаманшылықтарды шақырады деп есептейді. 
Босағаға  сүйенбе,  керме.  Шаңырақ,  босаға  қазақ  ұғымында  киелі 
дүниелер. Халқымыз жақсы тілек тілегенде: «Шаңырағың биік, керегең кең, 
босағаң  берік  болсын!»  -  дейді.  Келін  түскенде  «босағаны  аттады»  -  дейді. 
Біріншіден,  бұл  босағаны  қадірлеу  болса,  екіншіден  босағаға  сүйену,  керу, 
жаман ырым саналады. Босаға қашанда ашық, еркін тұруы керек. 
 
Сөздік 
ырым - примета  
тылсым дүние – потусторонний мир 
ерте заманнан - издревле 
киелі – святой, священный  
тиымжасау – запрещать  
есіркеу – сочувствие, жалеть  
жарылқау – благодетельствовать 
саусақпен көрсету – указывать пальцем
 
бас киім – головной убор 
аяқ асты – под ноги 
жаман ырым – плохая примета 
ысқыру – свистеть  
жау шабу – нашествие врага 
жаманшылық – зло  
босаға - порог 
керу – тянуть, растягивать
 
 
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
. Айды не себептен қолмен көрсетуге болмайды? 
2
. Айға қатысты тағы қандай ырымдарды білесіз? 
3
. Бас киімге қатысты ырымдарды қалай түсіндіресіз? 
4
. Үйге, шаңыраққа қатысты қандай ырымдар білесіз? 
3
. Ырымдардың себебін жазыңыз. 
 
3-
тапсырма. Сіз қалай ойлайсыз? Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
.Ақты    не  үшін  жерге  төгуге  болмайды?    2.  Нанмен  не  үшін  ойнауға 
болмайды? 3. Зиратты қолыңменне үшін  көрсетуге болмайды?  4. Күлге не 

45 
 
үшін түкіруге болмайды?  5. Күлге не үшін түкіруге, су шашуға болмайды? 
6
.Жақты,  белді  не  үшін  таянуға  болмайды?  7.Жас  балаға  не  үшін  таяққа 
сүйенуге болмайды?  
 
4-
тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығыңыз және жаңа сөздерді есте 
сақтаңыз. 
                                
Салт-дәстүр туралы жалпы түсінік 
Салт-дәстүр — халықтың  діні мен  сеніміне,  тұрмыс-тіршілігіне  сәйкес 
ғасырлар  бойы  жинақталған  ғұрыптардың  жиынтығы.  Яғни,  қауым  мен 
қоғамда  қалыптасқан  мінез-құлықтың  үлгілері.  Салт-дәстүр ұлт үшін  өмір, 
қоғам  заңы  болып  саналған.  Салт-дәстүр  сол  халықтың  сана,  тағылым, 
тәрбие, тіршілік ережесі болып табылады. Бұл ережелерді халық бұлжытпай 
орындаған  және  құрметтемеген.  Ал  салт  дәстүрді  құрметтеген  және  оның 
ережелерін  сақтамаған  адамдарды  сол  заң  негізінде  жазалап  та  отырған. 
Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. 
Мысалы, той, наурыз  көже, қыз  ұзату, қонағасы, шашу, ерулік  ата салты 
болып 
саналады. 
Салт-дәстүрдің 
ел 
арасындағы 
тәлімдік, 
тәрбиелік, халықтық мәні  зор. Халықтың  атадан  балаға  көшіп  отыратын 
мәдени,  рухани  және  кәсіптік  мұраларының  барлығы  да  дәстүр  арқылы 
танылады.  Салт-дәстүр  байлығы  — мәдениеттің байлығы.  Мысалы,  ата-
ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру,  
құрдастық  қалжың,  т.б.  салт-дәстүрге  жатады. Қазақ халқы  салт-дәстүрге 
бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
 
 
Сөздік 
дін – религия 
сенім – вера 
қоғам – общество 
сана – сознание 
тағылым – наставление 
ырым – примета 
тыйым – запрет 
кәде – обычаи 
дағды – привычка, навык 
үлкенді құрметтеу – уважать старшего 
байғазы, көрімдік – приподнести подарок 
сүйінші – подарок за радостную весть 
сәлем беру – здороваться 
құрдастық қалжың – дружеская шутка 
ишара – знак, намек 
салт-дәстүр – традиции-обычаи 
құрметтеу – уважать, почитать 
 
5-
тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
Құда түсу дәстүрін қалай түсінесіз? 
2
Салт-дәстүрдің  мінез-құлық  ережелерінің  қалыптасуына  қандай  ықпал 
жасайды? 
3
Қазақ халқының қандай салт-дәстүрін білесіз? 
4
Құдаласу дегеніміз не? 
5
Салт-дәстүр біздің заманымызға қалай жетіп отырған? 
 
 
 

46 
 
6-
тапсырма. Төменде берілген сөздерге қысқаша түсініктеме беріңіз. 
Үлгі: Салт-дәстүр – халықтың сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі 
болып табылады. 
 
1
.Салт-сана.  2.  Мәдениет.  3.  Ырым.  4.  Тыйым.  5.  Құдағи.  6.  Құда.  7
Көрімдік. 8. Табақ тарту. 9. Құда түсу. 10. Қыз ұзату. 
 
7-
тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз. 
Халықтың  діні,  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  қалыптасқан  мінез-құлық, 
қоғам  заңы,  тәрбие  ережесі,  тіршілік  ережесі,  бұлжытпай  орындау,  салт 
дәстүрді  құрметтеу,  ережелерді  сақтау,  наурыз  көже, қыз  ұзату,   қонағасы 
беру,   салт-дәстүрдің  тәлімдік  мәні,  салт-дәстүрдің  тәрбиелік  мәні,  мәдени 
мұра,  рухани  мұра,  ата-ананы  құметтеу,  үлкенді  құрметтеу,  көрімдік  беру, 
сүйінші сұрау, ұрпақтан-ұрпаққа берілу, халық даналығы.  
 
8-
тапсырма.  Берілген  мәтінді  оқып  шығып,  жаңа  сөздерді  есте 
сақтаңыз
Беташар 
Қазақ  салт-дәстүрге  бай  халық.  Соның  бірі  –  келін  келгенде  «Беташар» 
айту.  Беташар  бұл  ізгілік  пен  ибалық,  имандылық  белгісі.  Келінді  жігіттің 
туыстарымен және  сол елдің сыйлы адамдарымен домбырамен өлең айтып 
таныстырады.  Ал  келін  әр  таныстыру  шумақтан  соң  иіліп  сәлем  салады. 
Соңында  келіннің  бетін  ашады.  Осының  өзінде  үлкен  имандылық,  жаңа 
түскен жас келінге деген ізет жатыр.  
Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына» атты кітабында беташарға мынадай 
анықтама береді: «Жаңа түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай ешкім көре 
алмайды.  Оны  көру  үшін  әдейі  беташар  жасалады.  Оған  тойға  жиналған 
туыс-туғандар  тегіс  қатысады.  Мұнда  «Беташар»  жыры  айтыла  отырып, 
келінге оның атасы, енесі, басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем 
жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді».  
 
Сөздік 
ізгілік - благополучие 
ибалық  - уважение  
ізет - такт 
анықтама - пояснение 
ене - свекровь 
қайын жұрт – родственники 
қайын ата – отец мужа 
имандылық - порядочность 
иіліп сәлем беру – низко кланяться 
противоположной стороны (мужа/жены) 
беташар жыры – песня, которая исполняется при 
представлении невесты родственникам жениха 
 
9-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
«Беташар» дәстүрін қалай түсінесіз? 
2.
 
«Беташар» дәстүрінің мағынасы қандай?
 
3.
 
«Беташар» өлеңін кім орындайды?
 
4.
 
Жаңа түскен келінді ауыл-елімен қалай таныстырады?
 

47 
 
5.
 
Келіннің  үлкенге  қол  алыспай,  иіліп  сәлем  беруінің  мағынасын  қалай 
түсінесіз?
 
 
10-
тапсырма. Қазақшаға аударыңыз. 
Беташар –  обряд  показа  невесты  родственникам  жениха  и  гостям, 
который  обязательно  сопровождается  традиционной  песней  -  жыр. 
Представьте  себе:  в  юрту  отца  жениха,  где  собираются  гости,  приводят 
чудесную  невесту  в  свадебном  наряде.  По  обе  руки  от  нее  стоят  учтивые, 
благовоспитанные  снохи,  невеста  знакомится  с  родственниками  мужа, 
внимательно слушает их советы и пожелания.  
 
11-
тапсырма.  Төменде  берілген  салт-дәстүрлерге  байланысты  үлгі 
бойынша құрмалас сөйлем құрастырыңыз. 
Үлгі: Сүйінші - қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші!» деп келеді. 
Мұндайды  қуанған  үй  иесі  қалағаныңды  ал,  -  дейді.  Немесе  оған  риза 
болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. 
Баламның  жағдайын  біліп,  жақсы  хабар  әкелсең,  сүйіншің  дайын, 
қалқам!  
 
1.Шашу  -  қуаныш  айғағы  ретінде    жасалатын  салтанатты  дәстүр.  Бала 
дүниеге  келгенде,  келін  түскенде,  құда  келгенде,  осындай  қуанышты 
күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.  
2.Қонақасы - халқымыздың  тұрмыстық  жағдайындағы  ерекше  қымбат 
дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал 
сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.      
3.Сыбаға  -  құрметті  қонаққа  немесе  өздерінің  жақын-жуығына  арнап 
сақтаған  кәделі  ет  мүшелері  сыбаға  деп  аталады.  Үлкен  ақсақалдарға, 
құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. 
4.Бастаңғы - үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге 
жиналып, жолаушылардың жолда  басы ауырмасын, «бастаңғы» жаса дейді. 
Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы. 
5.
Ерулік  -  басқа  жерден  көшіп  келген  көршілерге  сол  жерде  бұрыннан 
тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады. 
6.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет