Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


Жергілікті жұмысты оперативті басқаруды автоматтандыру



бет39/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.3.6 Жергілікті жұмысты оперативті басқаруды
автоматтандыру

Теміржол бөлімшелері полигондарындағы жергілікті жұмысты басқару орталықтары (ЖЖБО) тасымалдауды басқару жүйе-
лерін реформалау бағдарламасына сәйкес құрылады және үш
деңгейлі темір жол ТБО-ДБО-ЖЖБО жүйесіндегі төменгі тех-
нологиялық құрылымдық бөлімше болып табылады. ЖЖБО
аймақтық түрде жол бөлімдерінде орналасады. Ақпараттық жа-
ғынан ЖЖБО темір жолмен, станцияның оперативті қызметкері-
мен және жол бөлігінің инфрақұрылымы шаруашылығымен бай-
ланысты.
Жекелей алғанда, ЖЖБО жергілікті жұмысты басқару дирек-
циясының құрамына қосылады. Олар темір жол бөлімшесінің
тасымалдау бөлімінің базасында үйымдастырылады. Дирекция-
ның басты міндеті бөлімше полигонында ЖЖБО қолдану аркылы
жергілікті қызметті оперативті басқару болып табылады.
Өз қызмет жолында ЖЖБО республиканың заңдарын, темір
жол басшысы бекіткен көрсетпелерін, инструкциялар мен басқа
нормативті актілерді басшылыққа алады.
ЖЖБО аппараты оперативті жұмыс бойынша тасымалдау
бөлімінің басшысының орынбасары болып табылатын ЖЖБО
басшысынан және төмендегідей диспетчерлік қызметкерлерден
түрады:

  • ЖЖБО аға диспетчері;

  • ауысым басшысы бөлімі бойынша кезекші;

  • желілік аймақтардың жергілікті қызметін ұйымдастыратын
    диспетчер;

  • вагон бөлу қызметінің жергілікті жұмысын ұйымдастыратын
    диспетчерден (ДНЦМ).

Жергілікті қызметті басқару жол АБО өзара ықпалдастығын-
да жүзеге асырылады. ЖЖБО басқару полигоны ЖЖБО дис-
петчерлерін басқару аймақтары болып табылады. Ол желілік
аумақтар жиынтығы ретінде өз шекараларындағы теміржол
бөлімдерін есепке алады. Әрбір желілік район бір ipi техника-
лық бекетке ие, ол район бекетіндегі жергілікті пойыздардың
кұрылуын жүзеге асырады. Мұндай ipi жүк және аралық бекет-
терінде үнемі аталған демеуші бекеттердің жүк фронттарына
қызмет көрсететін, сондай-ақ жергілікті жүкті бекітілген аралық
бекеттерге ары қарай жеткізетін маневрлік локомотивтер дисло-
кацияланады.
Тасымалдау процесін ЖЖБО сапалы түрде басқаруы үшін
ғылыми-техникалық орталықпен бірігіп ЖЖ АБЖ жергілікті
қызметі ұйымдық жүйесінің жаңа автоматтандырылған ақпарат-
тық-басқару жүйесін енгізеді.
Желілік аудандарды автоматты басқару жүйесінің (ЖЖ АБЖ)
динамикалық модельдерінде базаланатын жүйенің функционал-
дық құрамы бөлімнің жергілікті жұмысын басқарудың оперативті
процесінің барлық құрамдас бөліктерін қамтуға бағытталған (3.15 сурет).


3.15-сурет. ЖЖ АБЖ функционалдық құрамы

Жүйенің бірінші кезегін жүзеге асыру түсіру және тиеу


жұмыстарын жоспарлаудың ауысымды-тәуліктік міндеттерінің
кешенін құруға, жергілікті жүкті тасымалдауды және жергілікті
пойыздардың жүру уақытын жоспарлауға, бөлімшедегі жергілікті
жұмыс барысын және оперативті жоспарлардың орындалу-
ын талдау мен бақылауға бағытталған. Құрылып жатқан АЖО
жүйелер диалогтық режимде тұтынушыға бақылау объектілері
жайлы детальды және шынайы қажетті шығыс мәліметтерін
алуға, басқарушылық шешімдерін шығаруға мүмкіндік береді,
желілік және жол ЖЖБО, АБО деңгейлерінің арасындағы және
иерархияның бір ғана деңгейінің ішіндегі басқару жұмыстарының
қолданысқа түсетіндігін көрсетеді.


3.16-сурет. Тәуліктік-ауысымды жоспарлау міндеттерінін кешені

Алдағы тәуліктер мен ауысымдар үшін вагондарға жүктерді
тиеу және түсіру көлемін жоспарлау жергілікті жұмысты опера-

тивті басқарудың маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. (3.16 сурет).


Құрылған жоспардың сапасына, оның жоспарлау объектілері бойынша детальдануына бөлімнің жергілікті жұмысының бүкіл үйымының келесі кезеңге жасайтын жұмысы тығыз байланысты. Жергілікті жұмыста орналасқан пойыздық және маневрлік локомотивтерді тиеуді қамтамасыз ету үшін қажетті вагон саны, жергілікті жүкті таратуға арналған қозғалыс графигіндегі жіпшелер, - мұның барлығы ЖЖ АБЖ құрамындағы оперативті жоспарлау жүйесінің қызметі болып табылатын тәуліктік және ауысым жоспарларын жасау сатысында анықталуы кажет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет