Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


Жүйе құрылымының ерекшеліктері



бет30/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

Жүйе құрылымының ерекшеліктері. Қазіргі уақытта жүйеде
келесі ақпараттық технологиялар жүзеге асырылған:

  • вагондар паркін басқару;

  • бөлінген жылжымалы құрам түрлерін басқару;

  • басқа әкімшіліктердің вагон парктерін басқару;

  • резерв вагондарының машиналық есебі;

  • қор вагондарының машиналық есебі;

  • бұзылған вагондардың машиналық есебі;

  • жүк вагондары паркінің болуы мен жағдайын бақылау;

  • нөмір бойынша есептеу негізінде жүктерді жеткізу мерзім-
    дерінің бұзылуын жедел басқару мен талдауды қамтамасыз ету;

  • бос вагондарға натуралық параққа түсірілген бекет кодын
    автоматты түрде қою;

  • нақты орындалған жұмыс көлемі бойы нша жүк вагондарының
    жөнделуін бакылау;

  • нөмірі бойынша қадағалау негізінде жұмыс паркінің бос ва-
    гондарының пайдаланылуын талдау;

  • олардың дислокациясы мен жағдайын ескере отырып, өзін-
    дік және жалға алынған вагондар бойынша ақпаратты ерекшелеп,
    бұзылған вагондардың болуының машиналық есебі және олар-
    мен жұмысты есептеу;

  • тиеу туралы өтінімдерге жартылай вагондар мен цистерна-
    ларды нөмірлері бойынша бекіту;

  • жалға алынған вагондарды тіркеу, есепке алу мен пайдала-
    нылуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;

  • өзіндік вагондарды тіркеу, есепке алу мен пайдаланылуын
    бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;

  • мемлекетаралық және жоларалық алмасудың технологияла-
    ры мен бағдарламалық қамтамасыздығының кешені, жол және
    желі деңгейлерінің деректер базаларының өзара есептеулері мен
    салыстырылып тексерілуін қамтамасыз ету;

  • вагондардың берілгендігі туралы есептік деректерді келісе
    отырып тапсыру;

  • мемлекетаралық түйіспелер бойынша вагондарды тапсыру
    бекетін басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

  • нөмірлік вагондық модельдерді жүргізудің жалпыжүйелік
    құралдары;

  • вагон парктері туралы есептерді құрастыруды автоматтан-
    дыру;

  • вагондарды тасымалдарға дайындауды бақылау жүйесі;

  • цистерналар паркін басқару;

  • Т¥АБЖ негізіндегі техникалық сұрыптау темір жол бекет-
    теріне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

  • вагон парктері жұмысының сапалы көрсеткіштерін есептеу;

  • бос жартылай вагондар, цистерналар, жабык вагондар, плат-
    формалардың техникалық жағдайын және олардың тиеуге жа-
    рамдылығын анықтау жүйесі;

  • жол деңгейінің вагон модельдерінің жағдайын бақылаудың
    ақпараттық-анықтамалык жүйесі;

  • тасымалдау құжаттарын электронды штемпельдеу жүйесі;

-сыртқы сауда жүктерінің теңіз порттары мен шекаралық
өткелдер арқылы тасымалдаудың ақпараттық технологиялары;

  • шекаралық бекеттерде ұсталған вагондарды бақылау жүйесі;

  • жол-желілік деңгейдің кіреберіс жолдарының вагондық
    моделін жасай отырып, кіреберіс жолдарда вагоңдардың болуын
    нөмірлері бойынша бақылаудың, сонымен қатар, вагондардың
    тиеу-түсірубекеттеріндатүруынбақылаудыңавтоматтандырылған
    жүйесі;

-вагондармен жұмыс жөніндегі диспетчердің автоматтанды-
рылған жұмыс орны;

  • вагондардың бөлінген түрлері мен пойыздардың жекелеген
    түрлсрінің қозғалуын бакылаудың автоматтандырылған жүйесі;

  • жүк вагондары паркі деректерінің автоматтандырылған
    банкі.

Жүйеде жол мен желінің динамикалық вагондық модельдері
маңызды, олар жүк жұмысы, жүк паркі вагондарының жалпы
және нөмір бойынша болуы мен оны құрайтын элементтер бой-
ынша деректердің толық ұксастығын қамтамасыз етеді.
Жүйеде бірыңғай динамикалық вагон моделі калыптасты-
рылған және сақталады, ол пойыздар, вагондар мен жүктермен
операциялар туралы деректер бір рет енгізілген уақытта олардың
көп мәрте пайдаланылуын қаматасыз етеді, бұл ақпараттың
нақтылығы мен оның әртүрлі қосымшалардағы ұқсастығын арт-
тырады.
Пайдаланушының АЖО-да техникалык кұралдарды пайда-
лану. ДАЖПАРК жүйесі «ҚТЖ» ААҚ-ның автоматтандырылған
ақпараттық жүйесінде маңызды қолданбалылардың бірі болып
табылады және SAS-технологиялар негізінде дамиды. Жүйе-
нің пайдаланушылары онымен желілік деңгейде кешенді ақ-
параттық-есептеу желісі арқылы өзара әрекет етеді. Ол теле-
коммуникацияның бағдарламалық-техникалық кұралдарының
көмегімен деректер базаларын (mainframe), серверлер мен пай-
даланушылардың АЖО-ын өңдеу мен жүргізудің қуатты құрал-
дарын біріктіреді.
ДАЖПАРК-те әрбір вагон туралы, олармен жүзеге асырыла-
тын жүзге жуық ықтимал операцияларды қамтитын мәліметтер
болады. Бұл вагон паркінің жұмысын дәл бағалауды жүзеге асы-
руга мүмкіндік береді және сол арқылы жүк тасымалдарының
сапасын автоматты түрде басқарудың алғышарттарын жасайды.
Жүйенің 1 -ші кезегінің ақпараттық технологияларын өнеркэ-
сіптік пайдаланымға енгізу айналымнан дүрыс емес және нө-
мірлері бұрмаланған 4 мың вагонды алып тастау нәтижесінде
бүрын әрекет еткен технологиялармен салыстырғанда маңызды
өндірістік тиімділік экелді. Бұл, негізінен, жүктерді жоғалтудан
болатын ықтимал шығындардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қоса, жүктерді жеткізу мерзімдерінің асырылғандығы
үшін айыппұлдар 1,5 ece азайды, сонымен қатар, вагондарды
жөндеу көлемдері желі бойынша орташа есеппен 20 %-ға азайды.
ДАЖПАРК жүйесінің тиімділігі келесілер нәтижесінде қам-
тамасыз етіледі:

  • тиеу туралы өтінімдерге вагондарды автоматты түрде тіркеу
    жолымен вагондардың бос жүрісін қысқарту;

  • жүк жіберушілер мен жүк алушыларға вагондардың тұрған
    жері, келу уақыты гуралы ақпарат беруді арттыру;

  • вагондарды жалға және оператор компанияларға ұсынудан
    түсетін табысты арттыру;

  • жеткізу мерзімдерін бүзу және сақталмаған тасымалдардан
    болатын шығындарды азайту;

  • қолданыстағы паркті пайдалануды жақсарту арқылы жаңа
    вагондар сатып алуға жұмсалатын ақша салымдарының көлемін
    азайту;

  • вагондар паркін оңтайлы пайдалану нәтижесінде «бөтен» ва-
    гондарды пайдалану үшін төлемдер көлемін қысқарту.

      1. Автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық
        жүйелер «ДИСКОР»


«ДИСКОР» - Т¥АБЖ, ММИӨ, «Экспресс», және т.б. кешен-
дерін, сонымен қатар бағдарламамен қамтамасыз ететін түрлі
құралдарды өзара байланыстыратын жүйе. Заманауи техно-
логиялар («клиент-сервер» және Intranet) негізінде «ДИСКОР»
жүйесі жол қызметінің тиеу және түсіру, жылжымалы құрам
қызметі, вагон қабылдау және беру секілді негізгі жұмыстары ту-
ралы мәліметтер алып тұруға мүмкіндік береді.
Жүйенін ақпаратқа мүмкіндігі құжат атауы және құрылу
мерзімі бойынша шығу кестелері түрінде келеді, сонымен қатар
графикалық және аналитикалық формада ретроспективті анализ
жүргізуге мүмкіндік береді.
«ДИСКОР» клиенттік АЖО конфигурациясы мен орнату
процесін жеңілдететін Web-технологиялар негізінде кызмет көр-
сетеді. Әмбебап бағдарламалық қамтамасыздандыру ретінде
Web көру бағдарламалары (мысалы, MS Intemet Explorer) қолда-
нылады. Бағдарламалық модульдер мен олардың күйге келтіру
қызметі серверде сақталады және тұтынушыларға нұсқаның ав-
томатты түрде жаңару өлшеміне сәйкес орналастырылады.
Жүйе жаңа формаларды өңдеуге және жаңа функционалды
мүмкіндіктерді алуға қолайлы болып табылады. Біріншісі клиент-
тік бағдарламалық жабдықтаудың оңтайлы күйге келтіруі мен
шығу формаларын арнайы өңдеуді қолдану арқылы, ал екіншісі
өңдеушіге арнайы бағдарламалық интерфейсті жеткізу есебінен
мүмкін болады. «ДИСКОР» шығу формалары публикацияла-
рынын mainframe жүйесімен интеграциясын мысалға келтіруге
болады. Қазіргі уакытта «ДИСКОР» публикация жүйесі «ДИС-
КОР» жүйесін кеңейтуге қызмет етіп жатыр, бұл түтынушыға
бір бағдарламалық құралдан «ДИСКОР» деректеріне, сондай-ақ
mainframe жүйесіндегі «ДИСКОР» кіріс формаларына да мүмкін-
дік алады.
Әмбебап деректер базасын колдану «ДИСКОР» және басқа
да теміржол акпараттық жүйелерін интегралдай отырып өңделе-
тін ақпаратты кеңейтуге мүмкіндік береді. Қалыптастыру үшін
«ДИСКОР» және ТҰАБЖ деректер жүйесі қолданылатын «ОКПВ
және ДИСКОР салыстырмасы» формасын мысалға келтіруге
болады. Бағдарлама Excel электрондық кестелерін редакция-
лау жүйесімен интегралданған, Бұл есептік формаларды құруға
және жүйе деректерін арнайы есептер үшін негіздеме ретінде
қолдануға мүмкіндік береді.
ДИСКОР жүйесі үш төменгі есептен тұрады:
а) ЭЖБАААЖ (эксплуатациялық жұмысты басқарудың авто-
маттандырылған ақпараттык-анықтамалық жүйесі);
б) ӨКТЖБ (өнеркәсіп кәсіпорындарының тиеу жұмыстарын
бақылауы);
в) ССЖААЖ (сыртқа сатылатын жүктердің ақпараттық-анық-
тамалық жүйесі).
«ДИСКОР» деректер базасы алғашқы оқиғаларды ( мыса-
лы, нақты вагонға тиеу) емес, агрегатталып қойған оқиғаларды
(негізінен есептік көрсеткіштерді) сақтауға арналған. Деректерді
идентификациялау үшін «көрсеткіш» түсінігі енгізілген. Әрбір
көрсеткішке шартты нөмір (0 ден 32000 ға дейінгі) тиесілі,
бұдан бөлек, ол төрт қосымша сипатпен (есептік мерзімді
есептемегенде) анықталған болуы мүмкін. Арнайы анықтама
көрсеткіштің қосымша сипаттамасы болып табылады. Ол бой-
ынша сақталатын деректің уақытша көлемі анықталады. База-
да фактілік есеп уақытындағы деректер сакталады, тәуліктің
бірінші жартысындағы факт, айдың басынан бастап жиналған
факт, сондай-ақ жоспарлық көрсеткішгер: тәуліктік жоспар, ко-
эффициент бойынша айлық жоспар, тәуліктің басындағы жоспар
мен тәулік аяқталғаннан соңғы жоспар, тәуліктегі орташа норма,
өткен жылғы жоспардың орындалуы және т.б. Осындай қосым-
ша сипаттаманың қолданылуы аналитикалық есеп жүргізуге
мүмкіндік береді.
Деректер базасы көптеген кестелерден тұрады, бірақ ең негіз-
гісі барлық уақыттағы көрсеткіштер сақталған кесте болып та-
былады. Бұл кесте деректерінің бөлігі алғашқы болып табыла-
ды және әр түрлі кешендерден ешқандай өзгеріссіз көшіріледі
(немесе қолмен енгізіледі), бірақ есеп бағдарламалары арқылы
осы кестеге енгізілетін деректердің үлкен бөлігі, оның ішінде
қарапайым сомалау (айдың басынан бастап бөлім бойынша) да
есептік болып табылады.
Ақпарат жинаудың бірреттілігін қамтамасыз ету үшін «ДИС-
КОР» тапсыру файлдарының жүйесін колданады. Мұндай файл-
дар ретінде негізінен арнайы құрылған құрылымдық мәтіндік
файлдар қолданылады. Оларды құру үшін есептер кешенінде
бағдарламалар жасалынған. Берілетін файлдар ретінде Excel
кестелері қолданылады, олар есеп формалары ретінде кейбір
мәселелерде беріледі.
Қазіргі уақытта «ДИСКОР» берілетін файлдары ТҰАБЖ,
ММИӨ, ЖВИӨБК, «Экспресс», вагон шаруашылығы АБЖ ке-
шендерінде қалыптасады (3.9 - суретті қара).
ТҰАБЖ кешенінде барлық типтік есептік көрсеткіштер








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет