Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


Жүк бекетін басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЖББАЖ)



бет33/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

Жүк бекетін басқарудың автоматтандырылған
жүйесі (ЖББАЖ)

Жүк бекетін АБЖ сонымен қатар ақпараттық-технологиялық
жүйелер классына да қатысты. Бірінші жүйе МИИТ тарапы-
нан жасалынған және Москва II - Митьково Мәскеу темір жол
бекетінің СМ-4 ЭЕМ базасына қолданылды. Жүйе динамика-
лық вагондық модель негізінде келесілерге мүмкіндік жасай-
ды: әр вагонның жай-күйі және бар-жоқтығын есептеу; станция
жұмысын жоспарлау; әрбір вагонмен жұмысты бақылауға алу; та-
сымалданушы кұжаттардың өңделуін автоматтандыру; оперативті
және статистикалық есептер жасау. Жүйенің қолданылуы станция
жұмысының сапалық және сандык көрсеткіштерін жақсартты.
ЖББАЖ басты функционалдық құрамы келесілерді қарас-
тырады:

  • Станция жұмысын ауысымды-тәуліктік жоспарлау, техноло-
    гиялық процесстің орындалу барысын бакылау;

  • ақпаратты поездар мен вагондар бойынша енгізу, жол дең-
    гейімен байланысты жүзеге асыру, бекеттік жұмыс бойынша
    тіркеу және есептілік;

  • пойыздардың келуі мен жүруін тіркеу;

  • маневрлік жұмысты жоспарлау, вагондардағы тиеу-түсіру
    жұмыстарын жоспарлау;

  • жүк қабылдау-жіберу бойынша, тасымал құжаттарын ресім-
    деу бойынша операциялар;

  • тасу ақысын есептеу және есепке алу, жинақтар мен айып-
    пұлларды есептеу;

  • тасымал жоспарынының орындалуын есепке алу, жүк және
    коммерциялық жұмыс бойынша есептілікті енгізу;

  • натурлык парағы рәсімделген кіреберіс жолдардағы вагон-
    дардың қабылдануы мен жіберілуін тіркеу, вагондардың, ком-
    мерциялық ақау болған жағдайда жүктердің жіберілу жағдайын
    бақылау;

  • көпшілікке арналған қолданыс орындарында (МОП) жүк-
    тердің берілуі мен қабылдануын есепке алу, вагондық парак-
    шаларды, жалпы формадағы актілерді жасау, тіркеу мен есеп
    беруді енгізу;

  • тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын бақылау, механиза-
    торлар мен жүк артушылардың жұмысын есепке алу;

  • жүктерді келтіру және тасымалдау жұмысының ұйым-
    дастырылуын бақылау, автомобиль транспортының жұмысын
    жоспарлау;

  • коммерциялық акауларды тіркеу, олардың ресімделуі, ма-
    неврлік диспетчерге акауларды дүрыстау үшін вагондарды ағы-
    туға сұраныс беру;

  • жүктерді іздеу, сақталмаған жүктердің тіркелуін есепке алу-
    ды енгізу, коммерциялық актілерді ресімдеу, сақталмаған тасы-
    малдарды есепке алуды енгізу;

  • қорғауды қажет ететін жүктер жайлы ақпарат, сол жүктерді
    қорғауға алу жөнінде сұраныс даярлау;

  • жіберілуі бойынша пойыздарды жасақтауды бақылауға және
    есепке алу, вагондардың берілуін қадағалау.

Контейнерлік пунктті басқарудың автоматтандырылған жү-
йесі (КПБАЖ)
ДИСКОН жүйесінің маңызды және басты бөлігі желілік
деңгейді автоматты басқару жүйесі, яғни контейнерлік аумақтар
мен пункттерді автоматты басқару жүйесі болып табылады.
КП автоматты басқару жүйесі құрылымы жағынан контей-
нерлік пункт қызметкерлерінің (кабылдаушылар мен жіберушілер,
тауар кассирлері, актілік-презентациялық стол жұмысшылары,
контейнерлік пункт меңгерушісі және т.б.) Қызметі жағынан
маңызды болып табылатындары АЖО TBK және АЖО ПС.
КП автоматты басқару жүйесінің құрылымы контейнерлік
пункт жұмысының көлемі мен сипатына байланысты жасалады.
Үлкен контейнерлік пункттерде КП автоматты басқару жүйесі
15-20 АЖО-га дейін біріктіруі мүмкін. Контейнерлік пункттердің
көпшілігінде, ереже бойынша, TBK АЖО кешенінде жұмыс жа-
сайтын ПС АЖО өзі жеткілікті.
TBK АЖО тасымалданатын кұжаттардың несиеден алынуын
және ресімделуін, тасымал төлемдерінің есебін, қосымша жи-
нақтарды, коммерциялық және қаржылык есептіліктің енгізілуін
камтамасыз етеді.
ПС АЖО-да 100-ден aca функционалдық мәселелер шеші-
леді, олар келесідей кешендерге топтастырылады: «жоспарлау»,
«оперативті жұмыс», «оперативті құжаттардың берілуі», «анық-
тамалар», «жағдай анализі», «есепке алу және есеп беру», «архив-
пен жұмыс», «ДИСКОН жол деңгейімен және оның вагондарының
автоматтандырылған банктерімен және контейнерлермен (АБД
ПВ и АБД ПК) өзара байланыс орнату», «жүйе администраторы».
Контейнерлік пункттердегі технологиялық процестерді олар-
дың жұмыс жасау ерекшелігін есепке ала отырып унификациялау
қажет; КП автоматты басқару жүйелері жолында «жеке өндірісті»
қолданудан бас тарту; НСИ орталықтандырылған жүргізу жүйе-
сін (тарифтер, станция, жүктердің, жүк жіберушілер мен жүк ка-
былдаушылардың, экспедиторлардың классификаторлары) енгізе
(барлық АБЖ-ға) және өңдей отырып оның ДИСКОН жол және
желі жүйесіндегі автоматты түрде жаңарып отыруын камтама-
сыз ету; электрондық құжат айналымының негізінде контейнер-
лік тасымалдарды басқарудың қағазсыз технологиясын жасау;
КП автоматты басқару жүйесін жаңа принциптік аппаратты-бағ-
дарламалық кешендердің негізінде дамыта түсу.

  1. Жолаушы тасымалын басқарудың
    автоматтандырылған жүйесі


1972 жылы билеттер сату мен орын резервілеудің алғашқы
отандық тәжірибелі жүйесі «Экспресс-1» жұмысын бастаған
болатын, ол біздің елімізде алғаш рет орталықтандырылған
орын бөлу қызметінің,жол кұжаттарының автоматты жасауы,
билет кассирлерінің қаржылық іс-әрекеттерін есепке алу және
оперативті және статистикалық есептерді алудың көмегімен жо-
лаушы билеттерін сату бойынша мәселелердің шешімін табуға
мүмкіндік алды. Алғашында жүйе Мәскеудің бір ғана Киевтік
вокзалына арналып құрылды, кейіннен ол бүкіл Мәскеулік
теміржол торабын жаулап алды, тәулігіне 200 мың жолаушыға
қызмет көрсетті, яғни ұқсас батысевропалық жүйелердің барлығы
біріккендегі жолаушы мөлшеріне тең.
«Экспресс-1» жүйесі жолаушы тасымалы аумағындағы бір-
қатар проблемаларды шешуге мүмкіндік берді: билет сату бой-
ынша операциялардық ұзақтығы 3 есеге қысқарды; жолаушы-
ларды тасымалдау туралы есеп беруді жасау және есепке алуды
енгізу бойынша жасалатын операциялардың күрделілігі 5 есеге
қысқарды; жолаушы тасымалының тиімділігі жоғарылады; жо-
лаушыларға жол құжаттарын тікелей кез келген кассадан кез кел-
ген бағытқа алуға, сондай-ақ телефон арқылы да алуға мүмкіндік
беру секілді жолаушыға кызмет көрсету мәдениеті жаксарды;
автоматты ақпараттық-анықтамалық құрылғылардың арқасында
жолаушыларды бос орындардың бар екендігі туралы хабардар
ету мүмкіндігі пайда болды.
«Экспресс» жүйесін жасаушылар мен темір жолдардың тығыз
байланыс орнатуының арқасында жолаушыларға қызмет көр-
сетудің есептеуіш желісі пайда болды.
Бұл желі жолаушы тасымалына қатысы бар 10 мыңнан астам
абонетті байланыстырады. «Экспресс-2» 27 аймақтықжүйелердің
көмегімен тәулігіне 1 млн. жолаушыға қызмет көрсетеді.
1992 жылы Батыс Европадағы ИРИС желісіне ұқсас 13
электрондық резервтеу жүйесі бар «Экспресс-2» есептеуіш
желісі құрылды. Резервілеудің шетелдік жүйелерімен байла-
ныс Франкфурт-на-Майнда орналасқан неміс теміржолдарының
KURS-90 жүйесі аркылы орнатылды.
«Экспресс» және ИРИС желілерінің біріктірілуі Европа
мен Азиядағы орын резервілеудің бірыңғай есептеуіш желісін
жасауға негіз болды. Осы желіге кіретін резервілеу жүйелерінің
жалпы саны бүгінгі күнде 40-қа жетті. (27 - Ресейде, ТМД
мемлекеттерінде және Балтияда, ал 13 - Батыс Европада).
Жаңа экономикалық жағдайда Ресейдегі теміржол транс-
портының жұмысында «Экспресс» жүйесін дамытудың үшінші
кезеңі бастау алды. Бұл кезеңнің басты стратегиясы жаңа «Экс-
пресс-3» базасында жалпы темір жол желісі бойынша билет сату
және орын резервілеу деңгейінен жалпы жолаушы тасымалын
басқару деңгейіне өту болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологиялар болып жолаушы тасыма-
лымен байланысты барлық негізгі технологиялық процестердің
толықтай автоматтандырылуы есептеледі.
Темір жолдардық жолаушы тасымалдау шаруашышылығына
жаңа технологияларды енгізе отырып, «Экспресс» жүйесін құ-
рушылар Бұл жүйені қызметтік мүмкіндігіне байланысты әлемдік
деңгейге алып шықты.
Қызмет жағынан «Экспресс» жүйесі шетелдік жүйелердің да-
муын басып озады. Мұндай қызметтеріне мыналар жатады: ба-
гаж және жүк багажы тасымалын баскару, жолаушы вагондары
паркін жөндеу және эксплуатациялау.
Жолаушы тасымалын тиімді басқару үшін ақпараттық тех-
нологиялар базасында басқарудың шапшаң механизмі құрылды.
Ол жолаушы компанияларына жолаушы тасымалын реттеу, шы-
ғындарды азайту және қосымша пайда алу мәселелері бойынпіа
стратегиялық және оперативті шешімдер қабылдау үшін кажетті
барлық ақпаратты береді, деректерді өңдейді және жиналуын ав-
томаттандырады.
Бұл мәселені «Экспресс-2» жүйесінің қажетті өндіріске ие
емес, ескірген техникалық құралдарымен шешуге болмайды.
Қызметі жағынан «Экспресс-3» автоматты басқару жүйесі жо-
лаушы тасымалдауға негізгі технологиялық процестердің акпа-
раттануын жүзеге асыратын біркатар ішкі жүйелерге ие:

  • «билеттік-кассалық операциялар» ішкі жүйесі;

  • «ЭКАСИС» ақпараттық-анықтамалық ішкі жүйесі;

  • «ӘСУБР» багаж жұмысын басқару жүйесі;

  • «ЭФИС» жолаушы тасымалының өзара есебі және статис-
    тикалық, каржылық есепке алу жүйесі;

  • «АРХИВ» тіркеу жүйесі;

  • «СЕРВИС» жүйесі;

  • «АСУ ПВ» жолаушы вагондары паркін басқару жүйесі;

  • «РАСПИСАНИЕ» нормативті-анықтамалық ақпарат енгізу
    және дайындау жүйесі;

  • «АСУ-Л» жолаушы тасымалын реттеу жүйесі.

Жолаушы тасымалын және «Экспресс-3» АБЖ орындарын
электронды резервтеуді басқарудың автоматтандырылған жү-
йесі мына аймақтарда жолаушы тасымалын басқаруды жетіл-
діреді және автоматтандырады: жолаушыларға ақпараттық-анық-
тамалық және сервистік қызмет көрсету; багаждық, жүк багажы
және пошталық тасымалдар; жолаушы вагондары паркінің экс-
плуатациясы мен жөнделуі; жолаушы тасымалы үшін өзара
есептесу және есеп беру, қаржылық-статистикалық есепке алу;
тарифтік саясат, экономика және оперативті жоспарлау және
маркетингтік зерттеу негізінде жолаушы тасымалын баскаруды
ұйымдастыру.
«Билеттік-кассалық операциялар» жүйесі мына операциялар-
ды орындайды:

  • ТМД мемлекеттері мен Балтық елдерінің жергілікті, мем-
    лекетішілік, мемлекетаралық қатынастарындағы, сондай-ақ xa-
    лықаралық және қала сыртына қатынастардағы сапарларды рә-

сімдеу;

  • Мемлекетішілік қатынастарда тасымал және жол жүру
    құжаты мемлекеттік тілде басылады, ал мемлекетаралық қаты-
    настарда орыс тілінде;

  • Жол жүру және тасымалдау құжаттарына билет басушы
    құралдың көмегімен Қазакстан Республикасындағы теміржол
    қатынасында қолданылатын бланкті қорғау үшін арнайы белгі
    салу;

  • облыстар бойынша тарифтердің өзгерісін есепке ала оты-
    рып қаланың сыртына катынасу жол кұжаттарын рәсімдеу;

  • орындарды резервтеу және ағымдағы тарифтарға, ережелер
    мен келісімдерге сәйкес жолаушыларға жол кұжаттарын рәсімдеу,

  • пайдаланылмаған және бұзылған жол билеттерін жою;

  • ұзақмерзімді брондау;

  • пойыздың кезегі бойынша орын номері көрсетілген билет-
    терді сату;

  • кассир жұмысын бақылау және есепке алу;

  • «Экспресс» аймақтық жүйелерімен өзара байланыс;

  • резервтеудің халықаралық ұқсас жүйелерімен өзара байла-
    ныс;

  • орналастыруды есепке алу;

  • жоспардан тыс топтардың сапары үшін орын брондау;

  • жоспарлы және жоспардан тыс топтар сапары бойынша жол
    құжаттарын рәсімдеу;

  • топтарды орналастыру туралы құлақтандыру;

  • топтық сұраныстарды жүзеге асыру туралы анықтамалық
    ақпарат беру және жасау;

  • жол жүру құжаттарын қайта рәсімдеу.

«ЭКАСИС» ақпараттық-анықтамалык жүйесі келесі опера-
цияларды орындайды:

  • мемлекетішілік және мемлекетаралық катынастар үшін ак-
    параттык кызмет көрсету;

  • барлық анықтамалық ақпаратты экранға және баспаға беру.

«ӘСУБР» багаж жұмысын басқару жүйесі келесі операция-
ларды орындауға қолданылады:

  • багаж, жүк багажы және пошталық тасымалданатын құ-
    жаттарды рәсімдеу, соның ішінде жылжымалы сақтау камерала-
    рына, жалға алынған және жеке вагондарға бөлу;

  • багаж жіберілімдерін және жүк багаждары мен пошта жібе-
    рілімдерін есепке алу;

  • багаж кассирлерінің жұмысын есепке алу;

  • багаж, жүк багажын және поштаны іздеу.

«ЭФИС» жолаушы тасымалының өзара есебі және статис-
тикалық, қаржылык есепке алу жүйесі келесі операцияларды
орындайды:

  • қала сыртындағы және алыс қатынастардағы жолаушы та-
    сымалынан түсетін пайданы, сондай-ак багажды, жүк багажын
    және поштаны қаржылық есепке алу;

  • жолаушы, багаж, жүк багажы және пошта тасымалы бойын-
    ша есеп беру;

  • мемлекетаралық қатынастағы жолаушы, багаж, жүк багажы
    және пошта тасымалы бойынша өзара есептілік үшін есеп беру;

  • шет елдік жолдармен өзара есептесу үшін халықаралық жо-
    лаушы тасымалына 301 жаднамаға сәйкес есеп беріледі;

  • багаж бен жүк багажын халықаралық тасымалдаудың өзара
    есебі үшін есеп беру;

  • бланктерді материалдық есепке алу.

«АРХИВ» тіркеу жүйесі келесі максаттарда колданылады:

  • сатылған жол жүру, тасымалдау және көмекші құжаттар
    бойынша архив жүргізу;

  • жүйе тарапынан жасалатын транзакцияларды тіркеу.

«СЕРВИС» жүйесі келесі операцияларды орындайды:

  • пойыздарда жолаушыларға сервистік қызмет көрсету:

«АСУ ПВ» жолаушы вагондарының паркін басқару жүйесі:

  • жолаушы вагондары паркінің динамикалық моделін жүргізу
    жәнс құру;

  • вагон паркі жайлы статистикалық есеп берудің стандартты
    формаларын беру;

  • жолаушы парктерінің вагондары жайлы ақпараттық-анық-
    тамалық жүйе;

  • жолаушы вагондарының барлық түрін жөндеудін жоспарын
    автоматты түрде құру және олардың орындалуын талдау;

  • вагондарды пайдалану жағдайын автоматты түрде талдау;

  • жолаушы вагоны шаруашылығы бойынша пойыздық және
    маневрлік жұмыстардағы ақауларды есепке алу;

  • вагондық депоны басқару бойынша жұмыстарды автомат-
    тандыру;

  • қашықтығы бойынша вагондарды жөндеу жұмыстарын
    жоспарлау;

  • вагондарды жөндеу жұмыстарын болашаққа жоспарлау;

«жұмыс кестесі» нормативті-анықтамалық ақпаратты енгізу
және дайындау жүйесі келесі операцияларды орындайды:

  • пойыз қозғалысы кестесі туралы орталыктандырылған мас-
    сив кұру;

  • алыс және жергілікті қатынас пойыздарына трафарет жасау;

  • пойыз қозғалыстары кестесіне оперативті өзгерістер енгізу;

  • қала сыртына жүретін пойыздардың жүру маршрутын жа-
    сау;

  • тарифтерді жасау және жүргізу.

«АСУ-Л» жолаушы тасымалын реттеу жүйесі келесі опера-
цияларды орындайды:

  • тарифтердің реттелу және индексациялану мүмкіндігі;

  • пойыздардың фирмалылығының коэффициентінің өзгеру
    және кайта құрылу мүмкіндігі;

  • жолаушы тасымалы нәтижелерінің мониторингі;

  • баспаға барлық шығыс формаларының, АЖО «НЛ-АБЖ»
    графикалық бейнелерінің берілуі.

Терминалдар және АЖО «Экспресс-3» жұмыстық, қызметтік
және әкімшілік болып бөлінеді.
Жұмысшы терминалдарға жол жүру билеттері рәсімделетін,
билеттердің өшірілуі, қайтаратын, пароль бойынша орындар
брондайтын, анықтамалық ақпарат беретін терминалдар жатады.
Қызметтік терминалдарға жол жүру құжаттарын сату пунк-
тінің жұмысы туралы қаржылық анықтамалар мен есептер бере-
тін терминалдар жатады.
Әкімшілік терминалдарда нормативті-аныктамалық ақпарат-
тағы оперативті өзгерістерді енгізу, кассирлер ауысымынан соң
есеп алу, касса жұмысы туралы, пойыздардағы орындарды пай-
далану туралы аныктамалар алу жүзеге асады.
Санамалап өткен жұмыс орындарынан бөлек жүйеде келесі
мақсаттардағы АЖО бар:

  • пойыздар мен вагон бөлімшелеріндегі жол жүру кұжат-
    тарының сатылуы мен құжаттарды бақылауға арналған;

  • жолаушы вагондарының эксплуатациясы мен жөнделу бары-
    сын бақылау үшін депода, вагон бөлімшелерінде, басқармаларын-
    да қолданылатын;

- жолаушы тасымалын басқаратын диспетчерлер мен қаржы


және жолаушы қызметі жұмысшылары үшін.
Терминалдар мен АЖО дербес компьютерлердің стандартты
торабының базасында олардың тағайындалуынан тыс құрылады.
Осыған байланысты процессордың типі мен параметрі, бағдар-
ламалық жабдықтаудың құрамы, оперативті және сырткы жа-
дының көлемі әрбір нақты жағдайда АЖО немесе аталған тер-
минал тарапынан шешілетін мәселеге байланысты анықталады.
Жолаушыларға қызмет көрсететін жабдықтардың құрамына не-
сие карточкаларымен жұмыс жасауға арналған құралдар да кіруі
мүмкін.
Кассалық терминал немесе АЖО-да жұмыс жасауға де-
ген санкциялық мүмкіндік жалған, жасанды заттан сақтайтын
тиімді кілттерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Кілттер
оператор-кассирге және техникалық қызметкерге қызмет көрсету
үшін беріледі. Терминалдың жұмыс істеу параметрлерін оны ap-
найы сервистік режимге алмастыру арқылы өзгертеді немесе op-
натады.
АБЖ «Экспресс-3» кассалық терминалдарының басып шы-
ғару құрылғылары ақшалай жол жүру билеттерін, қаржылық
есеп беруді, косымша және анықтамалық құжаттарды рәсімдеуге
арналған. Олар терминалдарға арнайы интерфейстің көмегімен
қосылған. Оларда арнайы шрифт пен ақшалай жол жүру құжат-
тарының фальсификациясына жатпайтын басқа да күралдар пай-
даланылады.
Кұрылымдык тұрғыдан алғанда, жолаушы тасымалын авто-
маттандырылған басқару жүйесі «Экспресс-3» жүйесі аймақ-
тық орталықтарға ие есептеуіш желіні жасайды. Олар шынайы
уақыт аралыгында бір-бірімен өзара байланыса отырып жолау-
шыларға қызмет көрсетеді және теміржол транспорты қызмет-
керлерінің жолаушы тасымалдауын басқарады. «Экспресс-3»
барлық аймақтық жүйелері желі жолдарында пойыздарда бе-
рілген орындардың банкіне ие болады, осының негізінде олар
өзара ықпалдасып, кызмет көрсетеді.
Билет кассирлерінің жұмысын жеңілдету үшін терминал ап-
паратында экранда барлығын көрсетіп тұратын мәзірдің дамыған
жүйесі колданылады. Үлкен сыйымдылықтағы есте сақтайтын
құрал кассирлердің жұмысындағы олқылықтарды бақылауға
мүмкіндік жасайды. Онда касса жұмысының жүйелік журна-
лы сақталған, ол тексеру жұмыстары үшін қажетті деректер ap-
хивінен тұрады.
Басып шығатын құралдар жолаушы құжаттарындағы ақпа-
ратты дэл, нақты басып шығару үшін қойылатын бланктерді ав-
томатты түрде түзулейді.
«Экспресс-3» жүйесіндежолаушы тасымалын ретке келтірудің
ақпараттық технологияларына баса назар аударыладьт, себебі
олар жолаушы тасымалдары бойынша орын алған жағдайларды
маркетингілік бағалаумен тікелей байланысты. Осыған байланы-
сты жүргізілген түзетулерден келетін сәйкес кірістен кері байла-
ныс алу мақсатында тарифтерді оңтайлы өзгерту жоспарланып
отыр. Осы жағдай тек кана тарифтерге емес, сондай-ак пойыздар,
маршруттардың құрамына тиісті болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет