Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


ТБО және ДБО жолдарының басты мақсаты мен қызметі



бет36/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

ТБО және ДБО жолдарының басты мақсаты
мен қызметі


Акпараттық басқару негізінде жинакталған диспетчерлік op-
талықтың басқару желісі анықтамалық жүйе және ДТАБЖ-ның
жүктерді өз уақытысында жеткізуі туралы ақпаратты береді. Бұл
талаптарды іске асыру үшін оперативті үлгілер мен графикалык
интерфейс қолданылады.
Жүк тасымалын басқарудың басты мақсаты:

  • поезд жұмысын баскару;

  • ауыр ресурстарды басқару;

  • вагон парктары мен қозғалысты бақылауды басқару;

  • ipi клиенттерге жүктердің, порттардың өз уақытысында
    жеткізілуі мен шакарадан өтуін басқарту;

  • ТМД және Балтық елдерінде вагон парктерінің колданылуы
    мен өз уақытында қайтарылуын басқару;

  • темір жолдардағы техникалық құралдардың жұмысқа жа-
    рамдылығын оперативті қолдау;

  • оперативті есепке алу және жүк тасмалдауға талдау жасау:

  • ТБО тасымалдау процесінің басқарылуын қамтамасыз етеді.
    ТБО басты қызметі:

  • ауыр құралдарды қолдану және поездар ағынын басқару;

  • ТБО және ЖБОдағы вагон ағыны мен жүк ағынын басқару;

  • жүк тасымалдау процесі мен қозғалыстың қауіпсіздігін қам-
    тамасыз ету мәселелері бойынша арнайы департаменттермен
    өзара байланыс жүргізу;

  • жүк тасымалдаудың орындалуы, жүктердін келуі, дер уакы-
    тында жетуі жөнінде ақпараттарды пайдаланушыға ұсыну;

  • Ipi клиенттермен, операторлық компаниялармен, порттар-
    мен, шекаралык бекеттермен өзара байланыс (мемлекеттік порт
    қызметін тұтынушылармен) орнату;

  • Қазақстанныц барлық тасымалдау қызметінің өкілдерімен
    өзара келіссөз жасау;

  • тасымалдау қызметін үсынатын шетелдік түтынушылармен
    өзара келісу.

ТБО жүк тасымалдау процесіне қатысты қызметтерді басқа-
рып, ақпараттық және техникалық жағынан ДБО жолдарымен,
кәсіпорындардың барлық саласымен байланыс жасайды.
ТБО барлық басқарма құрамының, департамент кызметкер-
лерінің, жүк тасымалдау басқармасы, адам тасымалдау, локо-
мативті және вагон шаруашылығы, жүк және коммерциялық жү-
мыс, ақпараттандыру және байланыс, белгі беру, жол, жоспарлы
экономикалық, финанстык басқармалардың басын біріктіреді.
ТБО-ға жүк тасымалдау процесін толықтай компьютерлік
басқару жүктелінеді, сонымен бірге:

  • желілік жүкті оперативті және ағымдық жоспарлау;

  • поезд жұмысын ұйымдастыру, сонымен бірге - темір жол
    шекараларындағы жұмыспен келісу, поезд ағындарының маңыз-
    ды желілік бағытта қозғалысын, халықаралық және аралас жүк
    тасымалдауды басқару;

  • жүк тасымалдау ресурстарын - вагондық және контейнерлік
    парктерді желілік аумақта басқару;

  • басқа мемлекеттерге тиесілі вагон жұмыстарын бақылау;

  • ауыр ресурстарды - локомотивті парктер мен локомотивті
    бригадаларды басқару.

ТБО құрамына мыналар кіреді: ( 3.14 сурет):

  • басқарма басшысы бар административті басқарма қызмет-
    керлер орталығы;

  • оперативті жоспарлау бөлімі;

  • ақпараттық технологиялар бөлімі;

  • ТБО бағдарламалық және техникалық қызметін қадағалай-
    тын бас инженердің техникалық және бағдарламалық бөлімі;

  • диспетчер қызметі орталығы, ТБО тың бас диспетчері, жүк
    тасымалдаудың аймақтық диспетчері, ауыр ресурстарды басқару
    диспетчері, жолаушылар диспетчері, вагон парктерін басқару
    диспетчері, кен металлургиялык жүктерді тасымалдау қызметін
    басқаратын диспетчер, сатылымға түсетін жүктерді басқара-
    тын диспетчер, құрылыс және орман материалдарын тасымал-
    дауды басқаратын диспетчер, ТМД және Балтық елдерімен вагон
    парктері бойынша диспетчер, теңіз порттарын баскаратын дис-
    петчер, шаруашылық диспетчері, астық тасымалдау диспетчері.








3.14-сурет. ТБО ұйымдастырылған құрылымы


ТБО қызметіне байланысты диспетчерлік кұрамы да өзгеріп


отыруы мүмкін.
Жүк тасымалдаудағы теміржолдың диспетчерлік орталығы
жүк тасымалдау процесін басқарып, оны қамтамасыз етіп отыра-
ды. Басты қызметі:

  • жолаушылар қозғалысын үйымдастыру;

  • ТБО-ның қоғамдық ауыр жүк тасымалына жоспарланған
    оперативті жоспарының орындалуын жүзеге асыру;

  • ДМБО тапсырысы бойынша ауыр жүк тасымалын ұйым-

дастыру;

  • техникалық қызметтің жұмысын, қозғалыс графиктерін жа-
    сауды, құрылыстық, монтаждық, жолдарды жөндеу жұмыстарын
    жоспарлау, таныстыру, ұйымдастыру;

  • локомотивті бригаданың жұмыс режимін сақтау;

  • жергілікті жүктерді демеу бекеттеріне жеткізу;

  • жұмыс жолдарыньщ техникалық нормативтерінің іске асуын
    қадағалау.

ДБО теміржолдары, ақпараттық және техникалық жағынан,
ТБО-мен, көрші жол орталықтарымен, ЖЖБО-ның жекелей жол-
дарымен байланысты.
ДБО-на жүктерді жол шегінде техникалық басқару және
төмендегілер кіреді:

  • жергілікті және транзитті жүктерді экономикалық бағалауды
    оперативті және ағымдағы жоспарлау;

  • поезд жұмысын ұйымдастыру, сонымен бірге - вагон ағын-
    дарын қайта жасақтауды басқару;

  • Жолдағы жүк ресурстарының реттелген желілік қызметі мен
    нөмірленген вагондарды тапсырыс бойынша басқару;

  • ауыр жүк ресурстарын басқару;

Көрсетілген қызметтердің орындалуы тікелей жсргілікті ақ-
паратты технологиялық дәрежемен байланысты.
Жолдық ДБО күрамына мыналар кіреді:

  • басқарма басшысы бар әкімшілік баскарма қызметкерлерінің
    орталығы;

  • оперативті жоспарлау бөлімі;

  • акпараттық технологиялар бөлімі;

  • батдарламалық және техникалық қызметті қадағалайтын
    бас инженердің техникалык және бағдарламалық бөлімі;

диспетчер қызметі орталығы, ТБО-дың бас диспетчері, жүк
тасымалдаудың аймақтық диспетчері, ауыр ресурстарды басқару
диспетчері, жолаушылар диспетчері, вагон парктерін басқару
диспетчері, кен металлургиялық жүктерді тасмалдау қызметін
басқаратын диспетчер, сатылымға түсетін жүктерді басқаратын
диспетчер, кұрылыс және орман материалдарын тасымалдау-
Ды басқаратын диспетчер, ТМД және Балтық елдерімен вагон
парктері бойынша диспетчер, теңіз порттарын басқаратын дис-
петчер, шаруашылык диспетчері, астық тасымалдау диспетчері ДБО дспетчерлік құрамы полигон қызметінің ерекшелігіне, ;
оперативті баскарудын концентрация және автоматтануына бай-
ланысты өзгеріп отырады.
Кез келген жағдайда, баскарудың қызметі, желілік диспетчер-
ден бастап өзге диспетчерлерде жалғасын табуы керек.
Жергілікті жұмысты басқару қызметі желілік жолдардағы
жүк тасымалдау процесін басқарады:

  • жергілікті жолды басқару (жергілікті жүк пен вагон ақау-
    ларын);

  • локомотив пен бригадаларды поезд жұмыстарымен қамта-
    масыз ету;

  • транзитті вагон ағындарын қайта жасау мен рұхсат беру;

  • поездарды жіберу жоспарын қадағалау;

  • вагондарды жүк тасымалдауға дайындау жұмыстарын бас-
    қару;

  • вагондарды контейнерімен қоса жіктеп алу;

  • темір жолдардағы вагон, контейнер, жүк жіберуді ұйым-
    дастыру;

  • жіберуші мен қабылдаушы арасында ipi клиенеттермен
    жұмысты ұйымдастыру, өзара келіссөз жүргізу.

ЖЖБО факт түрінде ДБО-ның өшірілген бөлімшесі болып ca-
налады.
ЖЖБО жұмысы басқару ауданының ерекшелігіне байланы-
сты.
ЖЖБО құрамына мыналар кіреді:

  • орталық бастығымен бірге әкімшілік-басқару қызмегкері:

  • орталықтың диспечер қызметкері, яғни ЖЖБО бас диспет-
    чер!, бөлімшелердегі кезекшілік ауысымы, жергілікті жерде вагон
    бөлетін 1-2 диспетчер.

ЖЖБО-ның диспетчерлік кызметінің құрамына қойылатын
талап көрсетілгеннен де ерекшеленуі мүмкін.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет