материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 68
Сурет-3
Ӛткізілген сыныптан тыс сабағынан (Сурет-3) фото есеп.
Қорытынды Оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру дегеніміз – бүкіл білім
беру жүйесін негізге ала отырып сыныптан тыс жұмыстың үйлесімді, жүйелі
ұйымдастырылып, ӛткізілуі.
Сыныптан тыс жұмыс жүйесі мақсаттың, міндеттің, принциптердің, қызмет
нысандар мен әдістердің жиынтығын білдіреді. Оқушы үшін міндетті емес болғанына
қарамастан, математикадан тыс сабақтар осы пәнді оқытатын әр мұғалімнің назарын
аударуға лайық. Мектеп біліміне математика бойынша факультативті ккурстарды енгізу,
сыныптан тыс жұмыстарды ӛткізу қажеттілігін жоймайды. Мұғалім сабақтан тыс уақытта
оқушылардың мүмкіндіктерін, сұраныстары мен мүдделерін барынша ескере алады.
Математикадан тыс жұмыс пән бойынша міндетті оқу жұмысын толықтырады және ең
алдымен оқушылардың бағдарламада қарастырылған материалды тереңірек игеруіне
ықпал етуі керек.
Оқушылармен сыныптан тыс жұмысын жүргізу мұғалімнің ӛзіне де үлкен пайда
әкеледі. Сыныптан тыс жұмыстарды сәтті жүргізу үшін мұғалім математика туралы
білімдерін үнемі кеңейтіп отыруы, оның сабақтарының сапасына да пайдалы әсер етеді.
Сыныптан тыс жҧмыстар арқылы оқушылардың математикаға танымдық қызығушылығын дамыту Аңдатпа Мақала "Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың математикаға танымдық
қызығушылығын дамыту" бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі түрінде
ұсынылған. Заман талабына сай оқушыларды ӛз бетімен шешім қабылдап, пікірін емін-
еркін айтып үйрету, ұстаздың басты мақсаттарының бірі. Сондықтан, оқушыларды
ынталандыра отырып сыныптан тыс жұмыстардыңтүрлерін қолданып, оқушыларды жан-
жақты қалыптастыру.
Кілт сӛздер: Cыныптан тыс жұмыс, үйірме, танымдық қызығушылық.