18
Алайда баланың дамуы мен гендік бағдарламаның іске
асырылуы сыртқы ортаның нақты шарттарымен іске асырылады.
Сыртқы ортаның факторларын шартты түрде үш топқа бӛлуге
болады:
бейорганикалық
(температура, жарық, тыныс алғандағы
ауаның құрамындағы
газдардың парциалдық қысымы, радиация
деңгейі және т.с.с),
органикалық
(баланың ағзасына басқа да тірі
ағзалардың тигізетін әсері) және
әлеуметтік
(балаға
отбасының
тигізетін әсері: отбасылық дәстүр, әлеуметтік бағыт, отбасындағы
материалдық қажеттілік және т.б). сондай-ақ әлеуметтік
факторларға оқу орындарында, содан кейін барып жұмыс істейтін
ұжымдарындағы ахуал да жатады.
ХІХ-ғасыр
ғалымдарының
(Бергман
мен
Аллен)
тұжырымдарына сүйенер болсақ, сыртқы ортаның бірінші тобына
жататын факторлардың ішінде температураның оқушы ағзасының
дене бӛліктерінің кӛлеміне тигізетін әсері мол. Яғни, жылдық
орташа температурасы жоғары елді-мекенде ӛмір сүретін
оқушының аяқ-қолы, кеуде бӛліктерінен ұзын болады. Ал орташа
алғанда тӛмен температурада ӛмір сүретін оқушылардың салмағы
жоғары болып, аяқ-қолдары қысқалау болып келеді.
Әлеуметтік фактордың маңызы орасан зор.
Оқушының
әуендік қабілеттері ген арқылы берілуі мүмкін. Бірақ оқушының
ӛскен ортасында қажетті жағдай жасалмаса, ол қабілет жойылып
кетеді.
Материалдық жағдай тӛмен отбасында ӛскен оқушының
тамақтануы, киінуі оған әсер етіп, соның салдарынан денелік ӛсуі
артта қалуы мүмкін. Отбасындағы
қалыптасқан жағдайдың
маңызы орасан зор. Егер отбасында ұрыс-керіс кӛп болатын
болса, оқушының ӛсуі мен дамуы тежеледі.
Сонымен қатар, дене жаттығулары оқушы бойының ӛсуіне
оң әсер етеді. Алайда ол жаттығулар шамадан тыс берілсе,
керісінше үдеріс басталып, тіпті созылмалы ауруға айналып кетуі
де мүмкін. Ал созылмалы аурулардың емделуі ӛте қиын.
Негізгі әдебиеттер. [1-11]
Қосымша әдебиеттер. [2-3]
Достарыңызбен бөлісу: