19
Дәріс
тезистері
Балалар мен жасӛспірімдердің ағзасы үнемі ӛсіп дамуда
болады. Ағзада торшалардың саны мен салмағының
ұлғаюына байланысты дене кӛрсеткіштерінің артуын
ӛсу
деп атайды. Ағзаның негізгі 3 дене кӛрсеткіші бар: бойы,
салмағы, кеуде шеңбері.
Ӛсумен қатар ағзада даму жүріп жатады.
Даму
- сан
кӛрсеткіштерінің
сапалық
кӛрсеткіштерге
айналып,
ұлпалардың жекеленіп
белгілі бір қызмет атқаруға
бейімделуін, мүшелерінің қызметтерінің артуын, баланың
ақыл-ой ӛрістерінің молаюын айтады. Даму 2 түрге
бӛлінеді: физикалық және әрекеттік.
Адам ӛмірін негізінен 3 кезеңге бӛлуге болады: ӛсіп
даму
және жетілу, кемелдену, қартаю. Дамып жетілу
дегеніміз жастардың жыныстық жетілуі және ӛзінің ұрпағын
жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Бұған қоса, әлеуметтік
қызметтерді атқару, рухани
және мәдениет қазыналарын
жасау.
Ӛсу мен дамудың 6 заңдылықтары бар:
1. Ӛсу мен даму гетерохронды болады
, яғни үнемі
біркелкі болмайды( гетерос- әртүрлі,хронос – уақыт). Ӛсу
қарқыны адам ӛмірінде 3 рет күшейеді: тұғаннан 3 жасқа
дейін, 3-7
жас арасында, жыныстық жетілу кезінде.
Сонымен қатар, жеке мүшелер мен жүйелерінің ӛсіп дамуы
гетерохронды болады.
2. Мүшелер мен мүшелер жуйелерінің ӛсу мен даму
қарқыны әртүрлі
. Баланың алғашқы жылғы ӛмірінде миы
тез ӛседі. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен
байланысы ми
арқылы іске асады, барлық мүшелердің
қызметі жүйке жүйесінің, қызметіне тікелей байланысты. Ал
лимфа ұлпаларының ӛсіп жетілуі 10-12 жаста күшейеді.
3. Ӛсу мен даму баланың жынысына байланысты
.
Бала ағзасының жыныстық айырмашылықтары қыздар мен
ер балалардың денесінің ӛсіп
дамуында, олардың
20
қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде кӛзге
түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың
антропометрлік кӛрсеткіштері,
әсіресе денесінің ұзындығы
қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу кезінде,
керісінше,
қыздардың бойы, салмағы, кеуде шеңбері
анағұрлым жоғары болады. Жыныстық айырмашылықты
оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты
ұйымдастырғанда еске
алып, жынысына қарай мӛлшерлейді.
Достарыңызбен бөлісу: