Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет10/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Ретардация
– акселерацияға қарама-қарсы кӛрініс, яғни 
балалар мен жасӛспірімдердің денелік дамуы мен 
ағзаларының қызметтік жүйелерінің дамуының тежелуі.
Ретардацияның 
биологиялық 
механизмдері 
аз 
зерттелеген. 
Қазіргі 
уақытта 
ретардацияның 
пайда 
болуының екі негізгі себебін бӛліп кӛрсетуге болады. 
Біріншісі – түрлі тұқым қуалау, туа біткен және дүниеге 
келгенннен кейін онтогенездің органикалық бұзылулары 
салдарынан; екіншісі – әлеуметтік сипаттағы түрлі 
факторлар. 
Тұқым қуалаған ретарданттар әдетте ӛсу үдерісінің 
аяқталуына қарай ӛз құрбыларын 1-2 жыл артта қалса да, 
кӛрсеткіштер бойынша қуып жетеді. Олардың артта 
қалуына түрлі аурулар әсер етуі мүмкін. Денсаулығы 
жақсарған соң, ӛсу кӛрсеткіштері қалыпты жағдайға келеді, 
яғни гендік бағдарлама қысқа уақыт ішінде іске асырылады. 
Ал әлеуметтік фактордың теріс әсері орасан зор. 
Отбасының материалдық табыстары соншалықты әсер 
етпейді деп саналса, отбасында қалыптасқан теріс ахуал 
(ұрыс-керіс, ата-ананың тым қатал болуы және т.с.с) қатты 
әсер етеді. Атан-аналары жеткілікті деңгейде назар салмаған 
балалар мен балалар үйінде ӛскен балалардың ӛсіп-жетілуі 
ӛз құрбыларынан 1,5-2 жылға артта қалады. 
Сонымен, пайда болу себеп-салдарына қарамастан
ретардация баланың денелік және психикалық ӛсу 
қарқынына теріс әсер етеді. 
Балалар мен жасӛспірімдердің сенсетивті кезеңдері 
Тұлғаның дербес дамуы үдерісінде ӛтпелі-ӛзгермелі 
кезеңдер болады. Ол кезеңдерде сыртқы және ішкі ортаның 
әсер ету факторларына дамушы ағзаның сезімталдығы 
жоғарылайды. Кезеңдік дамудың бірнеше белгілерін бӛліп 


23 
кӛрсетуге болады. Мұндай ӛзгермелі де, қауіпті кезеңдерге 
жататындар:
Жас кезеңдері
деп ӛсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық 
ерекшеліктері бірдей уақыт мӛлшерінің шегін айтады. 
Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір 
деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі 
басталады. Адамның барлық ӛмірін 12 кезеңге бӛледі: 
1. Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн ӛмірі).
2. Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін). 
3. Алғашқы балалық шақ (1-3 жас). 
4. Бірінші балалық шақ (4-7 жас).
5. Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 
жас). 
6. Жеткіншек немесе жасӛспірімдер (қыздар12-15 жас, 
ұлдар 13-16 жас ).
7. Кәмелеттік шақ (қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-21 жас).
8. Ересектік мерзімінің бірінші жартысы (әйелдер 21-35 
жас, ерлер 22-35 жас). 
9. Ересектік мерзімінің екінші жартысы (әйелдер 3 6-55 
жас, ерлер 36- 60 жас). 
10. Егде жас (әйелдер 55-7 4 жас, ерлер 60-74 жас). 
11. Кәрілік шақ (әйелдер мен ерлер 74-90 жас). 
12. Ұзақ ӛмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай). 
Физиологиялық тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған 
Мәскеулік 1965 жылғы топтастыру ғылыми негізделген 
және ағзаның ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады. Әрбір 
жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір 
кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын ӛзгеру мезгілі деп 
атайды. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір 
адамның ӛзінің жеке басынынң ерекшеліктері болады. Олар 
адамның денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке 
жүйесінің даму дәрежесіне, т.б. қарай әртүрлі болады.
Негізгі әдебиеттер. [1-11] 
Қосымша әдебиеттер. [2-3] 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет