Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет213/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   238
Keywords: turkology, history, кipchakstudies, morphology, etymology 
Ата қонысты қасиет тұтқан, оны көзінің қарашығындай сақтап, қорғап ұрпақтан 
ұрпаққа аманаттаған түркі елінің тарихының да мәдениетінің де тамыры тереңде жатыр. 
Қыпшақтар туралы алғашқы жазба мәлімет біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында 
қытай тарихшысы Сыма Цянның тарихи жазбасында, ежелгі түркінің Шина Усу, V-VIII 
ғасыр ескерткіштерінде, Орхон-Енесей жазбаларыннан, 
Білге қағанға 
қойылған көне түркі 
тасқа қашап жазылған ескерткішінде деректер берілді. VIII ғасырда тіпті қыпшақтар тоғыз 
оғыздардың өкімет билігін 691 - 742 жылдары ұстап тұрған. Тарихи деректерге сүйенсек 
көне түркілердің мола басына қойылған ескерткішінде «қыбчақ» сөзі жазылып, қыпшақтар 
ұйғыр қағандығын (744 - 840) ұйымдастырушылардың бірі ретінде жазылып, «түрік 
мемлекетінде қыпшақтар бізді елу жыл билеп тұрды» делінген дерек те кездеседі. Араб 


тарихшысы ибн Хордадбехтың (820 - 912) «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» еңбегінде, 
атақты филолог, түркітанушы Мақмұт Қашқаридің «Диуани луғат ат – түрігінде» 
қыпшақтар және көне қыпшақ тілі туралы мәліметтер берілген. Осы деректерге сүйене 
отырып қыпшақтардың үлкен іргелі ел есебінде түркі халықтары мен басқа да жұрттардың 
арасында беделді рөл атқарғанын көруімізге болады. 
«...Оғыз Ханның бір алысқа шыққан жорығында әскербасшылары өздерінің әйелдерін 
ала шығады. Сонда қақтығыстан бір әскербасы қаза табады. Қақтығыс аяқталғанан кейін, 
Оғыз Хан осы әскербасының әйелін тауып алады. Оның аяғы ауыр екен, қайда барарын 
білмей алшақтау жердегі бір кәрі тал қуысында ұл босанған. Оғыз Хан ұлдың әкесі қақтығыс 
кезінде қаза тапқасын, оны өсіріп тәрбиелеуді өз мойнына алып, атын Қыпшақ атаған. Бұл 
көне Түрік тілінде «қабушақ» - қуыс ағашдеген мағына екен... » - айта кетелік, орыстың 
«полый» деген көне сөзі бар «іші қуыс, бос кеңістік» деген мағына береді – «...Ұл ер 
жеткесін, Оғыз Хан оған мол әскер беріп батысқа жібереді, Танаис өзеніне қарай. Барлық 
Қыпшақ осы ұлдан тарады. Оғыз Ханнан бастап Шыңғыс Ханға дейінгі уақытта, яғни 4 мың 
жылдан астам, Қыпшақ жерінде өз қарамағындағылардан басқа ешкім тұрған жоқ. Ол жер 
Дешті Қыпшақ аталды...» [1, 19-20]. Шыңғыс Хан империясының тұсында қыпшақтар Алтын 
Орда Жошы ұлысында болды. Тарихқа көз жүгіртсек неше мыңжылдық өткені бар 
қыпшақтар небір кезеңдер мен небір тарихи жағдаяттарды басынан өткеріп қазақ халқының 
ұлт болып қалыптасуына өз септігін тигізіп, өзге елге үлгі, өнеге боларлық, өткені болғаны 
бәрімізге аян. Сонау Оғыз Хан кезеңінен бастап өздері мекендейтін кеңістік аймағын ұлғайта 
келе, «Дешті-Қышпақ» деген ұғымды қалыптастырды. Түркітанушы Б.Кенжебайұлының 
«Қазақ тілі мен әдебиетінің тарихы туралы» атты мақаласында: «Ерте заманда Шығыс 
Түркістанда, Шығыс-оңтүстік Сібірде, Орта Азияда, қазіргі Қазақстан жерінде, төменгі Еділ, 
Каспий бойында көптеген түркі текті рулар, тайпалар жасаған. Олар бір заманда түркі 
қағандары деп, бір заманда ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ», «Алтын Орда» мемлекеті деп аталған» 
[2, 9] – деп Алтын Орда кезеңіндегі қыпшақ тілі мен әдебиетін меңзеп тұрғаны белгілі. 
Дешті-Қышпақ кезеңінде түркі халықтарының мәдениеті қанатын кеңге жайып 
дамыды. Сондай-ақ әскери күш қуаты жағынан да әлемде теңдесі жоқ еді. Ұлан-ғайыр 
даланың иесі қыпшақтар осы кезеңде өзге елдерге өз үстемдігін жүргізген тұғыры берік 
империя болды десек те қателеспейміз. Әлем елі қыпшаққа тамсана қарап, байланыс жасауға 
тырысып-ақ бақты, тілін үйренді, салтын ұстанды. Қыпшақ тілінің мәртебесі де артып, 
халықаралық тіл дәрежесіне көтерілгені белгілі. Осылайша қазақтардың этногенезінде орын 
алған Дешті қыпшақ кезеңі қазақ халқы тарихының, әдебиеті мен мәдениетінің, 
этнографиясының, тілінің қалыптасуы мен дамуына бірден бір негіз болды. Осы кезеңдегі 
тарихи оқиғалар мен тұлғалар есімдері, қыпшақтардың тарихы, мәдениеті, тілі туралы 
деректер халық арасында кеңінен әдеби ескерткіштерде, дастандар мен аңыздарда сақталған. 
Оған дәлел: «Диуани лұғат-ат-түрк», «
Кодекс Куманикус»
, «Китаб әл-Идрак Ли-Лисан әл-
Атрак» (Әбу Ха-йян), «Китаб Булгат әл-муштак фи-лұғат ат-түрк» (Жамалладдин ат-Түрки), 
«ат-Тухфат әз-Закия Фи-л-Лұғат-ат-Түркия», «Әл-каванин Әл-куллия лидабт әл-лұғат-ти-
Түркия», «Китаб әд-Дурра әл-Мудийа фи-л-Луғат ат-Туркийа уә-л-Камал», «Ашшудүр әл-
да-һабия уа-л-кита әл-ахмадия 
философия
-лұғат-ат-Түркия» (Ибн М.Салих), «Хуласа», 
«Мани әл-Гузат», «Китаб Муқаддима» (А.Самарқанди), «Китаб ад-Дағуа» секілді дүниелерін 
жатқызуымызға болады.
Бүкіл әлемді мойындатқан қыпшақтар ХІ-ХІY ғасырлада әлем тарихын тағы да бір ұлы 
дүниесімен таңғалдырды. Ол дала өркениетін қалыптастырып, бүгінге дейін ұрпақтар 
жалғастығын сақтап келе жатқан түркі тілдес халықтарға ортақ құнды ескерткіштерінің
бірі – «Codex Cumanicus» сөздігі болатын. 
«Codex Cumanicus» түркі тектес халықтардың ішіндегі қыпшақ тобына жататын 
халықтардың жалпы әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, этнографиясын, тілдік 
тарихын зерттеуге үлкен мүмкіндік беретін туынды.Тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі түркі 
тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсететін,ауызекі 
тілде жазылған дүние.


«Codex Cumanicus» қолжазбасы екі бөліменен тұрады. Бірінші бөлімі үш бағана етіп 
жазылған сөздік. Бірінші бағанда – латын сөздері, екіншісінде - парсы тіліндегі баламалар, 
үшінші – куманша сөздер топтастырылған.Бірінші бөлімде лексикалық мағыналарына қарай 
топтастырылған сөздер жиынтығы бар. Екінші бөлім діни мәтіндер, күнтізбелік, мақал-
мәтелдер, шешендік сөздер, жұмбақтар, әндер сияқты құндылықтары сақталған қолжазба. 
ХІ – ХІY ғасырлардан Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ 
тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу 
Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін 
халықаралық тіл ретінде пайдалануы тарихтан белгілі. Сол себепті де, «Codex Cumanicus» 
бірінші бөлімі басқа ұлт өкілімен тілдесу, келіссөз жүргізуді үйретуге арналған, 
жолкөрсеткіш секілді. Ә Құрышжaновтың aйтуыншa, ортa ғaсыр кезінде түркі тілінің бір 
бұтaғы – қыпшaқ тілі Бaтыс елдері мен Шығыс елдерін, Тaяу Шығыс пен Кіші Азияны, 
Монғолия мен Қытaй жұртшылығын, Кaвкaз хaлықтaры мен Қырым дaлaлaрын өзaрa 
бaйлaныстырып тұрaтын «aлтын көпір» есебінде қызмет aтқaрғaн [3,4]. Ал қыпшақтанушы 
А.Н. Гаркавецский «Предполагается что, «Codex Cumanicus» в первую очередь был 
подготовлен для христианских миссионеров в целях изучения кумано-кыпчагского языка. 
Кроме того, сам «Codex Cumanicus» позволял приобщать тюрков Европы к христианству. То 
есть словарь предназначался для торговцев, дипломатов и миссионеров, для тех европейцев, 
которые путешествовали в страны Дешти-Кыпчага. Владея тюркским языком любой 
европеец без осложнений мог проделать длительное путешествие по всей безбрежной 
Евразии – начиная от итальянских Альпов, вплоть до Индии и Японии» [4,3] деп 
Ә.Құрысжанов сөзін дәледей түседі. Авторы белгісіз бұл қолжазбаның жазылу тарихына 
байланысты европа түріктанушылары арасында европа миссионерлері жазды деген, тіпті екі 
немесе одан да көп авторлар жазған болуы да мүмкін деген, тіпті қыршақ оқымыстысы 
жазуы мүмкін деген де талас тудыратын пікірлер бар. Ә.Құрысжанов: «Бірінші бөлім бес 
түрлі қолтаңбамен жазылған. Оны жазған итальяндықтар болса керек. Екінші бөлім он төрт 
түрлі қолтаңбамен жазылған, немістердің қолынан шыққан, осыдан барып, әдетте, бірінші 
бөлімді «итальяндық кодекс» немесе итальян бөлімі, екінші бөлімді «неміс бөлімі» деп 
атайды. Екі бөлімде готикалық көне шрифтармен жазылып бірде қара, бірде қошқыл 
бояулы сиялармен өрнектелген. Қолжазба өте нашар жазылған да орфографиялық 
қателерден аяқ алып жүргісіз. Готикалық алфавит түркі тілі дыбыстарын таңбалауға 
келгенде өте бір дәрменсіз алфавит екендігін осы Кодекс бетінде барынша айқын танытты. 
Оның үстіне қолжазбаны жазушылардың да сауаты төмен болса керек оп - оңай өздің өзін 
бұрмалап барынша былықтырып жіберген,- дейді [5,49]. В.Г.Лейбництің «Мен Петрарка 
кітаптарының каталогын көрдім. Ондағы кітаптардың ішінде көбірек көңіл аударғаным 
«Куман тілінің сөздігі» болды. Бірақ мен қанша әуреленсем де, оны оқыпешнарсе шығара 
алмадым» дейді, ал М. Мелиоранскийдің «Осы «Кодекстің» сөзін оқығаннан бірнәрсе шыға 
қоятынына менің күмәнім бар [5,49] деулері бір емес, Codex-тің бірнеше авторлар жазып, әр 
түрлі әріппен теріліп кетуінде болса керек. Алғашқыда зерттеушілерге түсініктсіз бір емес 
бірнеше әліпбимен жазылып, әртүрлі қолтаңба тиген жәдігерді көпшілік ғалымдар жатырқай 
қарсы алғаны анық.
1303 жылы тарихи жәдігерді ақын Петрарка Антониус вон Финальден сатып алып, 
1362 жылы Венеция республикасына сый ретінде жөнелткен, бырақ қолжазба ғылыми 
айналымға бірнеше ғасырды араға салып 1828 жылы Рессейде ұсынылды. Ал екінші бөлім 
діни уағыздардың жиынтығы. Осы бөлімде әдеби құндылықтардың қатарына қосуға болатын 
мәтіндер мен жұмбақтарды, қысқаша грамматикалық очерктерді кездестіруге болады. Неге 
десеңіз бұл еңбек қыпшақ тілінде жазылған сөздіктер мен діни мәтіндер, күнтізбелік, мақал-
мәтелдер, шешендік сөздер, жұмбақтар, әндер сияқты құндылықтары сақталған қолжазба. 
Олай болса, қазақ жазба әдебиетінің тамырын тереңге апарып, қаншама ғасырлар бойы 
жұмбақ болып келген «Codex Cumanicus» қолжазбасын ұлттық танымда қайта жаңғыртудың 
уақыты келді «Codex Cumanicus» жазылуы тарихының өзі қыпшақ елін тану мақсатында 
жазылған. Қыпшақ мәдениеті мен тіліне зор құрметпен қараған өзге елдер экономикасын 


дамытып, әлемдік сауда-саттық байланысын орнату үшін қыпшақ тілін меңгеру қажеттілігі 
туындады. 
Тарихи ескерткішінің жазылу тарихы, оның тілдік ерекшеліктері жайында көптеген 
ғалымдар зерттеу жұмысын жасап келеді. Қыпшақ тілінің морфологиясы мен фонетикасын, 
лексикасын, жекелеген сөздердің этимологиясы мен мәтіндегі жұмбақтар, діни әңгімелердің 
транскрипциясы мен аудармалары жайлы, жалпы ескі қыпшақ жазба ескерткіштері туралы 
зерттеу жүргізіп келген Европа, Ресей, Венгр, неміс, қытай, түрік ғалымдарының еңбегі 
орасан зор. Қыпшақ сөздігінің алғашқы сипаттамасы библиограф, Джейкоб Филипп 
Томасини Подуанскийге тиесілі. Ол 1595-1655 жылдар аралығында Венеция кітапханасының 
қолжазбалар каталогының тізімдемесіне итальяндық көрнекті ақын Франческо Петрарка 
сыйға тартқан 17 кітаптарді тізімдей отырып, «Alfabetum Persicum, Соmaniсum, еt Latinum 
Anonymi scriptum Anno MCCCIII. Diе XI Julii» деп тіркеген. Бұдан кейін қолжазбаны сөздік 
ретінде венециялық библиограф Антон Занетти (1716-1778) анықтайды. Немістің атақты 
шығыстанушысы, Ресей академиясының академигі, түрколог- социологы, башқұрт, қазақ, 
қырғыз, якуттардың тұрмыс-тіршілігі мен тілін, «Бабыр-намені» және булгар жазбаларын 
зерттеген ғалым Генрих-Юлий Клапрот «Codex Cumanicus»-ті арнайы зерттеп, қыпшақ 
бөлімін латын түпнұсқасы негізінде арабша транскрипциясын жасап, фрунцузша 
аудармасымен жариялады. Бірнеше ғасырды араға салып қыпшақтар сөздігі ғылыми 
көпшілік назарына ең алғаш рет 1828 жылы Генрих-Юлий Клапроттың арқасында 
диссертaциялық еңбегiнің қосымшaсы ретінде жарияланып ұсынылды. Генрих-Юлий 
Клапроттың жариялынымынан кейін ескерткіштің түпнұсқaсы бойыншa жұмыс жaсaу 
қaжеттілігі туындап, ғалымдардың қызығушылығы оянды. Алғашқы басылым болғаннан 
кейін әрине кемшіліктен де кем болмады, зерттелу және типографиялық қателіктерінің
көптігіне қарамай тарихи жәдігерді Отто Блоу (1716-1778) қыпшақтар тілі мен тарихын 
зерттеуге мәтінді қолданды. 
Көрнекті венгр ғалымы Геза Кун көп ұзамай Будапештте «Codex Cumanicus» деген 
атпен қолжазбаның қыпшақша бөлімін әріптеп латын графикасымен теріп, жан-жақты 
тарихи-филологиялық тұжырымдамаларымен, мәтін бойынша жасалынған глоссарий 
зерттеу, түзету, жұмыстарымен куман бөлігіне қатысты парақтарды куманша-латынша, 
парсыша-латынша, немісше-латынша, ескі және классикалық латынша әріптермен теріп, 
қолжазбадағы тиісті атауларға толықтырулар мен түзетулер енгізе отырып, толығымен 
жариялады. Ескерткішке «Codex Cumanicus», яғни «Кумaндaр кітaбы» деген aтaу aлғaш рет 
Гезa Кун ұсынды. Бұл еңбек жалпы түркітануға үлкен жаңалық әкелді десек те болады және 
сол қaлыптa ғылыми aйнaлымғa түсті. Сол кездегі палеографияның ең жоғары жетістіктері 
негізінде жасалған бұл іргелі еңбек ғылымиқұндылығын жоғалтпады. «Codex Cumanicus»-ті 
жaн-жaқты филологиялық бaғыттaрдa зерттеу жұмыстaры бaстaлды да кетті. 
Қыпшақ сөздігіндегі мәтіндердің кейбір бөлігі мен жұмбақтарын 1884 жылы Василий 
Васильевич Радлов жариялады. Ол Г.Кун басылымын негізге ала отырып, куман тілінің 
фонетикасы жайлы еңбек жазды. Ғалым 1887 жылы «Codex Cumanicus»-тің екiншi бөлiмін 
Сaнкт-Петербургте бөлшектеп, қaйтa бaстырды. Алайда В.В Радловтың бұл еңбегі европа 
ғалымдарының сынына ұшырады, бaсылымдaрдaғы кемшіліктерді қаншалықты сынға алса 
да, (Э.Тезa және В.Бaнг) В.В. Рaдловтың бұл еңбегі әлі күнге дейін құнды еңбек болып 
тaбылaды. Геза Кунның жариялынымы негізінде «Codex Cumanicus»-тің факсимильді 
басылымы даниялық түрколог Кааре Гренбектің еншісіне бұйырды. Кааре Гренбек 1936 
жылы «Codex Cumanicus»-тің фотокөшірмесін жасап, факсимильді басылымы арқылы 
ескерткішке археографиялық анықтама берді, әдебиеттердің тақырыптық тізімдемесін және 
ескерткіштің ішкі сипаттамасын жасады. Ескерткіш негізінде 1942 жылы куман сөздерін 
неміс тіліне аударып «Куман - неміс сөздігі» жасалынды. Кааре Гренбек жасаған сөздіктен 
кейін түріктанушыларға «Codex Cumanicus»-ті зерттеуге үлкен жол ашылды. Кейінгі 
түркітанушылар осы Геза Кун мен Кааре Гренбек еңбектеріне сүйеніп ғылыми 
тұжырымдамалары мен зерттеулерін ұсынды.


Европалық түріктанушы ғалымдар алғашқы еңбектерінде қыпшақ сөздігінің шығу 
тарихы, жазылуы, авторы секілді мәселелерді қолға алып қарастырса, кейінірек ескерткіш 
тілінің фонетикaсы, морфологиясы, синтaксисі, кейбір сөздердің этимологиясын қaрaстыра 
отырып, кумaн-қыпшaқ тілін түркі және бaсқaдa тілдермен сaлыстырa зерттеу жұмыстaры 
жүргізіле 
бaстaды. 
А.Н.Сaмойлович, 
Н.А.Бaскaков,С.Дезимони, 
Д.Монкизaде, 
А.Бодроглигетти, Д. Дрюлль, О. Блaу мен Д.Рaсовский, А.Зaйончковский, Ж. Дени, 
Т.И.Грунин, И.А. Абдуллин, П.В.Голубовский, И.Г.Добродомов, С.Г. Кляшторный, 
В.А.Бушaковтың, В.В. Бaртольд, Г.А. Федоров-Дaвыдов, С.Е. Мaлов, Д. Монкизaде, 
А.Титце, Қ.И. Мaндоки, Т.М. Гaрипов, А. Вaмбери, Т.Ковaльский, секілді тағы басқада 
ғалымдар қыпшақтану, түркология ғылымына қатысты тың зерттеулер жасады. 
Орта Азияны тану мақсатында Ресей империясы этнограф, тарихшылар мен 
жиһангездер, әскерилер мен демографтар, картографтар және жергілікті жерлердегі билікке 
қызмет етушілер жазбаларынан түркілер туралы мәліметтерді жинауды ХІХ ғасырдан 
бастады. Түркологиялық зерттеулердің бастауы түркі филологы Махмұт Қашқаридан 
басталып, ХІХ ғасырда ғылыми бір ізділікке түсті дегенміз жөн болар. Жалпы қыпшақ тілі 
мен тарихын мәдениетін тілдік тұрғыдан отандық ғалымдардың зерттеуі өз алдына бөлек 
дүние М.Қашқари, А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, 
Ә.Құрышжанов, С.Құдасов, А.Гаркавец, Ә.Ташауов, С.Боранбаев, З.Жайлыбай, секілді 
ғалымдарымыз тілдік тұрғыдан зерттесе, әдеби тұрғыдан Ш.Уалиханов, М. Әуезов, 
Т.Б.Кенжебаев, Ә. Марғұлан, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, А.Қыраубаевалар зерттеді. 
Қазақ тілінің тарихын тереңін зерделейтін болсақ, көне заманнан бастау алып, орта 
түркі заманында дәуірлеген қыпшақтардың көне ескерткіштеріне баратынымыз заңды 
құбылыс. Қыпшақ тілінен нәр алатын қазақ тіліміздің негізі мықты. Оған көне қыпшақ 
ескерткіштері дәлел бола алады. Халық руханиятының бастауларын зерттеу, оларды 
насихаттау арқылы ғана ұлттық қалпымызды сақтап қаламыз. Сол себепті де, көне 
ескерткіштерді жаңаша көзқараста қарастыру бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі болып 
отыр. Орта ғасырдан бізге мирас болып қалған мұралардың ішіндегі бүгінгі қыпшақ 
тілдерінің тарихи бастауы, өріс алар өзегі бола білген жазба ескерткіш «Codex Comanicus» 
зерттеу арқылы тарихымызға жаңа көзқараспен қарау міндеті алға шығады.«Бізге өз 
тарихымызды құрастырып, ойдан құрастырудың керегі жоқ» деген А.Н.Гаркавецтің пікіріне 
сүйенсек, шын мәнінде қаншама мыңжылдықты құрайтын түркі елінің тарихы тереңге 
бойлайтынын байқаймыз. Түркі тектес халықтардың мәдениетінің, әдебиетінің, тілінің
жалпы тарихының тамыры тереңде жатқандығының дәлелі ретінде «Codex Cumanicus» 
сындытарихи-мәдени жәдігерлердімақтанышпен айта аламыз. Түркі халықтары әлем 
өркениетінің дамуына үлкен үлес қосып, жалпыадамилық даму, мәдени және рухани 
факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені тарихтан жақсы белгілі. «Codex 
Cumanicus» халықтық сөздік қордан алынып жазылған ескерткіш. Ескерткішті зерттеу 
барысында тілдің даму құбылыстарын пайымдаумен қатар, халық дүниетанымының сөздегі 
таңбасын мейлінше таза, мөлдір күйінде көруге, тануға болады. «Codex Cumanicus» ежелгі 
түркі мәдениетіндегі сөздердің, ұғымдар мен түсініктердің адам санасының, дүниетанымы 
мен философиясының жанды куәсі, ғылыми құндылығы зор секерткіш. Ортағасырлық 
қыпшақ тілді жазба ескерткіштерді кешенді түрде тарихи дереккөздік тұрғыдан зерделеу 
бүгінгі түркітанудың өзекті мәселерінің бірі. Орта ғасырлық қыпшақтардың өздері 
қалдырған немесе солардың тілінде жазылған жазба ескерткіштердің тарихи дереккөздік 
маңызы айқындала түскен сайын елдің рухани қуаты да арта береді. 
Қыпшақтану ғылымы – орта ғасыр қыпшақтары мен қазіргі қыпшақ тілдес халықтар 
туралы зерттеулердің жиынтық атауы, түркітанудың құрамдас бір бөлігі. Әйтсе де, 
қыпшақтану саласы түркітанудан бөлініп шығып, өзіндік бағыт-бағдармен зерттеліп келе 
жатқыны белгілі. Осы күнге дейін қыпшақтану мәселесі әлемдік ғалымдардың назарынан 
тыс қалған емес. Далалық көшпелі өркениетті, қыпшақ тілі мен қыпшақ тарихын, көне 
тарихи ескерткіштерін, этнографиясын, мәдениеті мен әдебиетін, қоғамдық-әлеуметтік өмірі 
мен рухани тіршілігін тағы басқа қырларын қарастыру көптеген ғалымдардың зерттеу 


жұмыстарына негіз болғандығы белгілі. Қыпшақтану мәселесі бүгінгі таңға дейін өз 
өзектілігін жоғалтпаған күрделі мәселелердің бірі. Бүгінгі қыпшақ тектес этностардың арғы 
тегін, түп-тамырын бүгінгі қалпымен салыстырып зерттеу түркітану ғылымында үлкен 
мақсаттарды алға тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет