Утверждены



бет2/22
Дата30.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#40962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Авторлар:
Мадалиева З.Б. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, психология ғылымдарының докторы, профессор
Аймаганбетова О.Х. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, психология ғылымдарының докторы, профессор
Файзуллина А.К. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы
Қалымбетова Э.К. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Баймолдина Л.О. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, PhD доктор, доцент м.а.


Пікір жазғандар:
Касымжанова А.А. – «Туран» университеті, психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Токсанбаева Н.К. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, психология ғылымдарының докторы, профессоры м.а.


АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, демократиялық өзгерістеріндегі адамның, адами капиталының рөлінің өсуімен адам туралы ғылымдардың маңыздылығы арта түсті. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі әр тұлға үшін құнды басқару психологиясының негізгі мәселелерін зерттеу бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Психологиялық және кәсіби құзыреттілікті кеңейту және тереңдету - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың, сонымен бірге жеке және мансаптық өсудің қажетті шарты болып табылады. Осыған байланысты басқару психологиясы саласындағы психологиялық білімдердің негіздерін, нәтижелі және сыни ойлау әдістерін, коммуникацияның жаңа түрлерін және бірлескен іс-әрекет үрдісіндегі адамдар арасындағы қатынастарды жоғары білікті мамандардың меңгеруі қажет.


Болашақ магистрларды кәсіби даярлау курсының мақсаты мен орны оның мазмұнының көлемі және интеграциялық сипатымен негізделген.
Жоғары білім берудегі білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарламаны оқыту ұзақтығы 60 академиялық сағатты (2 академиялық кредит) құрайды.
«Басқару психологиясы» курсының мәні бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы жетекші рөлімен анықталады.
Курстың мақсаты: таңдаған мамандық шеңберінде кәсіби қалыптасу үдерісіндегі басқару іс-әрекетінің психологиялық жағдайларын және ерекшеліктерін зерттеу және талдау негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми негізде даярлауды қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет